amanatpartiyasy | Unsorted

Telegram-канал amanatpartiyasy - AMANAT партиясы

7975

🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы

Subscribe to a channel

AMANAT партиясы

🌳Акция «Таза бейсенбі» партии «AMANAT» продолжается и в зимний период

Продолжается экологическая акция «Таза бейсенбі» партии «AMANAT», направленная на формирование экологической культуры в различных регионах страны. Эта акция организована в рамках системной реализации общенациональной инициативы Президента «Таза Қазақстан» и направлена на защиту природы и уборку общественных мест.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

«Жас көшбасшылар платформасы» іске қосылды

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» төрағасы Ақерке Искандерова «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасында алғашқы «Жас көшбасшылар платформасы» және Жастар қанатының жұмысы туралы айтты.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

📌Алматы облысында 4 мың тұрғыны бар ауыл табиғи газ желісіне қосылды

«AMANAT» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында Жамбыл ауданының 4 мыңға жуық тұрғыны бар ауыл табиғи газ желісіне қосылды.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакупов қатысып, ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.

«Ауданда шешілуі тиіс мәселелерді тұрғындармен бірлесіп талқылап, олардың ұсыныс-тілектерін жинадық. Соның бірі – елді мекендерді газдандыру мәселесі болатын. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында бүгін Ақтерек ауылына газ беріліп, тұрғындардың көптен күткен арманы орындалды. Бұл жұмыс мұнымен тоқтамайды. Алдағы уақытта басқа ауылдарға да газ құбырын тарту жоспарланып, облыстың газдандыру деңгейі 70 пайызға дейін артады», – деді ол.


Биыл аудандағы елді мекендерді газдандыруға бюджеттен 6,2 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде Ақтерек ауылын газдандыруға арналған жобаның құны 1 млрд 82 млн теңгені құрайды. Жобаны жүзеге асырушы мердігер – «Компания ГазСтрой» ЖШС.

«Қазіргі уақытта 37 үйге газ қосылған. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасып, ауылдың қалған үйлерін де көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Оның келуі тек тұрғындардың тұрмысын жақсартып қана қоймай, ауылдағы маңызды әлеуметтік нысандардың жұмысына да оң әсер етеді. Мектептер, дәрігерлік амбулатория, балабақшалар, мешіт және шаруа қожалықтарының қызмет көрсету жағдайлары айтарлықтай жақсарады. Бұл өз кезегінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді»,
– деді аудан әкімі Нұрлан Ертас.


Айта кетейік, бүгінгі таңда Алматы облысында 1,18 млн адам көгілдір отынға қол жеткізген.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

🏠Атырауда AMANAT партиясының қолдауымен заманауи балабақша ашылды

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Атырау облысы бойынша Жол картасы аясында Бесікті ауылында 280 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді.

Екі қабатты балабақшаның жалпы ауданы – 2 901,4 м2. Барлығы 280 орындық жалпы үлгідегі балабақша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған. Оның ішінде кіші, орта және ересек топтарға арналған 86 орын, мектеп алды даярлық тобына 22 орын бар. Мекеме заманауи талаптарға сай жабдықталған. Онда оқу сабақтарына арналған мамандандырылған кабинеттер, үйірме жұмыстары үшін арнайы бөлмелер, гимнастика және музыкалық сабақтарға арналған әмбебап зал бар. Сонымен қатар балалардың күндізгі ұйқысына арналған жатын бөлмелер, ойын және іс-шаралар өткізуге арналған зал, медициналық пункт, асхана блогы, жуу бөлмелері және қызметкерлерге арналған тұрмыстық бөлмелер қарастырылған.

Балабақша құрылысы бекітілген өндірістік кестеге сәйкес аяқталды. Нысанның тұрақты қоршауы жасалып, газ, электр, су желілері толығымен тартылған. Ғимараттың сырты керамикалық кірпішпен қапталған. Аталған нысан толықтай қолдануға берілгенге дейін партияның тұрақты бақылауында болды.

Айта кетейік, жыл соңына дейін 610 орындық 4 мемлекеттік балабақша ашу жоспарланған. Қазір облыста 35 437 баланы қамтитын 337 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

«AMANAT» партиясы – азаматтардың идеялары мен мемлекеттің іс-қимылдары арасындағы көпір

Қаржы қылмыстарымен және онлайн алаяқтықпен күрес, ауыл тұрғындарының өсірген көкөніс өнімдерін сақтау және тасымалдау жүйесін құру қажеттілігі, заңнаманы жетілдіру және жер қатынастарын реттеу мәселелері «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау алаңында өткізілген қабылдау барысында қозғалды. Қабылдауды партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев жүргізді.

🌐Толығырақ: amanatpartiasy.kz

Читать полностью…

AMANAT партиясы

📣Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловқа, Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге құс шаруашылығын субсидиялау және құс етін экспорттау жөнінде қойған сұрағы.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

📌Вопрос депутата Мажилиса Павла Казанцева Министру сельского хозяйства Айдарбеку Сапарову и представителю Бюро национальной статистики об искажении статистических данных.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

В AMANAT предложили завершить исследование по единому часовому поясу к марту 2025 года
 
Депутаты Парламента поручили заинтересованным государственным органам завершить научное исследование по вопросу единого часового пояса до марта следующего года. Об этом сказал Спикер Мажилиса, Председатель «AMANAT» Ерлан Кошанов на расширенном собрании фракции партии с участием членов Правительства.

В ходе активного обмена мнениями депутаты Мажилиса довели до членов Правительства актуальные запросы граждан касательно внедрения единого часового пояса. В частности, мажилисмен Ж. Ашимжанов обратил внимание на множество обращений в адрес депутского корпуса от жителей Алматинской области, области Жетысу и других регионов. Депутат Е. Саиров заявил, что для построения гармоничного общества Парламент и Правительство должны иметь единую позицию по данному вопросу. Депутат Ю. Кучинская выразила мнение, что подобного рода вопросы не могут решаться на уровне постановлений Правительства и должны регулироваться на уровне закона.

Свои мысли и предложения также высказали депутаты Р. Заитов, Л. Тумашинов, Н. Сабильянов, Е. Жанбыршин, Б. Нажметдинулы, Н. Дементьева, Д. Мукаев и другие. Также с докладами выступили министр торговли и интеграции А. Шаккалиев, министр науки и высшего образования С. Нурбек, министр здравоохранения А. Альназарова.

Резюмируя итоги собрания фракции, Спикер Мажилиса отметил, что тема смены часового пояса остается одной из наиболее обсуждаемых в обществе. Он особо подчеркнул, что подобные решения должны приниматься с проведением предварительного детального анализа и широкого обсуждения. Это позволяет вести эффективную разъяснительную работу для общества. В этой связи Правительство решило провести многофакторное научное исследование о влиянии перехода на единое время, которое даст ответы на многие вопросы.

«Мы должны получить ответ – как смена времени влияет, прежде всего, на здоровье и самочувствие наших граждан, их комфортную жизнь. Это должно быть в приоритете. Вместе с тем, считаю, что три года о которых говорит Правительство – это слишком большой срок. Поэтому будет правильно, если вы завершите исследование в течение трех месяцев. И в марте следующего года мы ждем вас с итогами исследований и предложениями с конкретными путями решения», – сказал Ерлан Кошанов, обращаясь к членам Правительства.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

📢Жастар үшін жаңа мүмкіндіктер: «Жастар Рухы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

⚡️Өткен аптада Астанада «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты кең ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

📌100-ге тарта жұмыс беруші 2 мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды. Іс-шараға үш мыңдай адам қатысты. Сонымен қатар «Жастар Рухы» жастар қанатының ықпалымен еліміздің барлық облыс орталықтарында осындай жәрмеңкелер өткізілді. Іс-шараға 50 мыңға жуық жас қазақстандық қатысты.

🔼Ұйымдастырушылар мен қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, мұндай жобалар жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын және олардың кәсіби өсуіне себеп болатынын атап өтті. Жәрмеңкеге келушілер қандай әсер алды, бейнематериалдан тамашалаңыздар.
 
▪️▪️▪️

📢Новые возможности для молодежи: «Жастар Рухы» провел ярмарку вакансий

⚡️На минувшей неделе в Астане состоялась масштабная ярмарка вакансий, организованная молодежным крылом «Жастар Рухы» партии «AMANAT».

📌Порядка 100 работодателей представили около 2 тысяч рабочих мест. Мероприятие посетило около 3000 человек. Кроме Астаны под эгидой «Жастар Рухы» аналогичные ярмарки состоялись во всех областных центрах страны. Их посетило порядка 50 тысяч молодых казахстанцев.

🔼Своими впечатлениями поделились организаторы и участники, отмечая, что такие мероприятия открывают новые горизонты для молодежи и способствуют их профессиональному росту. Что именно говорили посетители ярмарки, смотрите в нашем видеоролике.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

✔️В поисках справедливости: более 1 тысячи человек обратились в «AMANAT» на минувшей неделе

⚡️Общественные приемные партии «AMANAT» по всей стране продолжают свою работу. На прошлой неделе на площадке приемных партии по всей стране прошли встречи с участием представителей министерств, депутатов маслихатов и другими.

Граждане приходят в партию с разными вопросами и проблемами. В частности, на прошлой неделе были подняты вопросы ремонта дорог, обновления коммунальной инфраструктуры, строительства школ и многие другие.

📌Так, прием граждан провел Первый заместитель Премьер-Министра Роман Скляр. К нему обратился житель села Коргалжын Акмолинской области с просьбой провести ремонт дороги Коргалжын-Баршын и дороги Коргалжын-Каражар. Кроме того, руководитель фонда «Бақытты шанырақ» Ботагоз Султанова предложила ввести бесплатную приватизацию жилья для родителей детей с особыми потребностями. А председатель коалиции «За Казахстан, свободный от табачного дыма» Джамиля Садыкова выступила с инициативой о пересмотре акцизной политики на алкогольные, табачные и сахаросодержащие изделия.
Все озвученные вопросы Роман Скляр пообещал взять на личный контроль.

🔵А к первому вице-министру просвещения Наталье Жумадильдаевой поступили предложения граждан по улучшению питания в детских садах, увеличению числа путевок в детские лагеря в каникулярный период и другие.

Всего на прошлой неделе в общественных приемных партии «AMANAT» по всей стране были приняты около 1000 граждан, поступило более 2000 обращений.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

⚜️«AMANAT» партиясы халықтың игілігіне қызмет етеді

🔸«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалына шаһардағы Ынтымақ-2 мөлтек ауданының тұрғындары көшелерді жарықтандыру және асфальттау мәселесі бойынша арыз-өтініштерімен келді.

🔹Партияның қоғамдық қабылдау қызметі азаматтардың өтінішін мұқият тыңдап, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірге мәселенің нақты қашан шешілетінін талқылады.

✔️Өз кезегінде «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев қалалық мәслихат депутаттары Талғат Исхахов, Талғат Балтабаев, Бақытжан Позилов және Бөкейхан Әбішевпен бірлесе Ынтымақ-2 мөлтек ауданына арнайы барып, мәселенің мән-жайымен толыққанды танысты. Сондай-ақ тұрғындармен кездесуге жауапты басқарма өкілдері, Абай аудандық әкімінің орынбасары да келді.

📌Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Өмір Қалыбаев тұрғындар айтқан Орда және Жаңа қоғам көшелеріне осы жылдың қыркүйек айында асфальт төселетіндігін мәлімдеді. Айта кетейік, Мұрат Жолдыхожаев өз сөзінде жиналған халыққа барлық өтініштер мен атқарылатын жұмыстарды өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

✔️«Жер аманаты»: мемлекетке 10,8 млн га жер қайтарылды

📣Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша пайдаланылмайтын және заңсыз жеке қолға өткен ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

📌2022 жылдың маусым айынан бастап «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» комиссиясы жұмыс істейді. Оның міндеті – жер әділдігін қалпына келтіру, ауыл тұрғындарының барлығына жайылымдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Осы кезеңде мемлекет меншігіне 10,8 млн га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды, оның ішінде 2,9 млн га астам ауыл шаруашылығы жерлері халық арасында бөлінді.

🌐Мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлеріне ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында jerkarta.gharysh.kz геосервисы іске қосылды.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

Глава государства Касым-Жомарт Токаев позвонил Елдосу Сметову и поздравил его с победой на Олимпиаде

– Ты показал миру дух и сильный характер нашего народа. Мы все гордимся тобой. Ты настоящий джигит: сдержал свое слово и добился впечатляющей победы. Пусть наш флаг всегда высоко развевается благодаря таким спортсменам, как ты. Иди к новым свершениям. Желаю тебе и твоей семье благополучия. До встречи в Астане! – сказал Президент.

t.me/aqorda_resmi

Читать полностью…

AMANAT партиясы

🤝Ерлан Кошанов встретился с жителями Карагандинской области

📌Спикер Мажилиса, Председатель партии «AMANAT» Ерлан Кошанов во главе группы депутатов посетил Карагандинскую область. Он ознакомился с работой социальных объектов и предприятий, а также встретился с жителями региона. Во встречах также приняли участие министр по чрезвычайным ситуациям Чингис Аринов и аким области Ермаганбет Булекпаев.

⚡️Председатель Мажилиса ознакомился с работой нового диспетчерско-аналитического центра в угольном департаменте АО «Qarmet». Центр презентовали учредитель Андрей Лаврентьев и Генеральный директор Вадим Басин. Новый объект отвечает за единовременный контроль ситуации по промышленной безопасности на всех угледобывающих предприятиях, в том числе по замеру уровня кислорода и концентрации метана. Специалисты круглосуточно отслеживают состояние шахт в реальном времени и могут выйти на связь с любым работником для выяснения текущей ситуации.

«Большим событием не только для Караганды, но и для всей страны стал возврат «Qarmet» в собственность казахстанской компании. Это было волевое, политическое решение Главы государства. Ключевые условия – это обязательства нового инвестора провести комплексную модернизацию производства. В течение 5 лет комбинат должен вернуть себе статус лидера металлургии. При этом должна быть усилена безопасность труда, промышленная безопасность. Самое главное – это сохранение жизни и здоровья наших работников. Должны быть исключены аварии и несчастные случаи», – сказал Ерлан Кошанов.


Также Председатель «AMANAT» обсудил с членами профсоюзов имеющиеся вопросы по улучшению социальной поддержки рабочих и шахтеров со стороны государства. Так, совместными усилиями депутатов Парламента, партии «AMANAT» и Правительства был восстановлен Институт профессиональных заболеваний и гигиены труда, приняты новые законы, которые обеспечивают полную страховую выплату работнику при несчастных случаях, несмотря на наличие вины работника, а также расширяют полномочия инспекторов труда сразу останавливать производство в случае нарушения техники безопасности.

🌐Подробнее: amanatpartiasy.kz

Читать полностью…

AMANAT партиясы

📣«AMANAT» партиясы ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі еліміздің барлық аймағында өтуде
 
📍Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған Астанадағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шарада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова және Астана қаласының басшылығы болды.

🔸🔸🔸🔸

📣Ярмарки вакансий под эгидой партии «AMANAT» проходят во всех регионах страны
 
📍Спикер Мажилиса, Председатель партии «AMANAT» Ерлан Кошанов посетил ярмарку вакансий в Астане, организованную молодежным крылом «Жастар Рухы». В мероприятии также приняла участие министр труда и социальной защиты населения Светлана Жакупова и руководство города Астаны.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

🌳«Таза бейсенбі»: «AMANAT» партиясының акциясы қыс мезгілінде де жалғасын табуда

«AMANAT» партиясының бастамасымен еліміздің әр өңірінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза бейсенбі» акциясы белсенді түрде өтіп жатыр. Мемлекет басшының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын жүйелі жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған бұл акция табиғатты қорғау, қоғамдық орындарды тазалау және туған жердің құндылығын арттыруға бағытталған.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы кезекті экологиялық акцияны Бәйдібек ауданында орналасқан Бәйдібек би кесенесінің аумағында өткізді. Игі іс-шараға партия белсенділері, туған жерге жанашыр азаматтар және жастар белсенді түрде атсалысты.

«Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұғымдарын мемлекеттің идеологиялық ұстыны ретінде белгілегенін жақсы білесіздер. Адалдықтың ең басты өлшемі – тазалық. Айналаны таза ұстап, туған жердің жанашыры болу деген сөз түптеп келгенде Отаншыл болу дегенді білдіреді. Бүгін ұлт тарихында жарқын ізі қалған Бәйдібек бабаның басына жиылып, бар қазаққа қастерлі болған мекеннің ажарын ашуға келіп отырмыз», – деді «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының уақытша міндетін атқарушы Қалыйма Жантөреева.


«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы «Таза бейсенбі» акциясын Шортанды ауданында өткізді. Бұл жолы Шортанды кентінде қардан және қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Бюджеттік ұйым қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, волонтерлер мен депутаттар 5 шақырымға жуық жол жиегін, орталық алаңды, ескерткіштер мен скверлерді тазартты. Сондай-ақ Ш. Рақымжанов атындағы мәдениет және демалыс саябағын аумағы қоқыстан арылды.

«Тазалық – қоғамымыздың мәдениет деңгейінің айнасы. Осындай іс-шаралар бізді қоршаған ортаны аялауға және ұқыптылыққа үйретеді. Мен әрдайым туған өлкемнің таза әрі әсем болғанын қалаймын. Сондықтан осындай игі істерге қатысуға әрдайым дайынмын»,
– деп өз ойын білдірді волонтер Айгүл Сапарқызы.


Партияның Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырған «Таза бейсенбі» акциясына партия қызметкерлері, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері, жергілікті әкімдік өкілдері мен еріктілер белсенді қатысты. Шара барысында Қаратау ауданының Тассай мөлтек ауданында шашылған қоқыстар жиналып, қураған ағаштар мен шөптер тазартылды. Жалпы, іс-шараға 100-ге жуық адам атсалысты.

«Бұл акция тек тазалық үшін ғана емес, сонымен қатар біздің балаларымызға үлгі болып табылады. Туған өлкемізді таза ұстау – әрқайсымыздың міндетіміз. Осындай шаралар экологиялық мәдениетімізді дамытуға септігін тигізеді»,
– жергілікті тұрғын Жанар Айтбек.


Қызылорда облысының Шиелі ауданында акцияға қатысушылар «Анаға тағзым» аллеясының аумағы мен И.Әбдікәрімов көшесінің бойындағы скверлерді қоқыстан тазартты. Іс-шараға аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Болат Сыздық, атқарушы хатшы Жібек Баймұратова, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұргүл Шалекеева, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен жастар қатысты.

Ал Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық филиалы «Таза бейсенбі» акциясы аясында өз ғимаратының маңын тазартты. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қосу және қоғам арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Филиал ұжымы аумақты қоқыстан арылтып, тұрғындарды табиғатты аялауға шақырды.

Қарағанды облысында да тазалық жұмыстары ауқымды түрде өтті. Эко-акцияға 300-ден астам тұрғын көшелерді қоқыстан тазарту жұмыстарына қатысты.

«Біздің қоғам табиғатымыздың тазалығына жанашырлықпен қарауы тиіс. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – ұзақ мерзімді мақсат. Бүгінгі акция тек тазалау жұмысы ғана емес, бұл – келешек ұрпаққа үлгі болатын игі бастама»,
– деп атап өтті Партияның Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков.


Батыс Қазақстан облысында да «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өткізілді. Шара барысында Ғ.Жәңгіров саябағы қоқыстан тазартылды. Партия мүшелері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар бірлесіп, саябақты ретке келтірді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бастамасының бір бөлігі ретінде ұйымдастырылып жатқан бұл акция жыл соңына дейін жалғасады.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

📌«Ауыл аманаты»: «AMANAT»-тың партиялық жобасын жүзеге асыру жөнінде семинар өтуде

Қызылорда облысында «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру барысы жөнінде республикалық семинар басталды.

Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев, партия Хатшысы Ержан Жылқыбаев, еліміздің барлық өңірінен келген облыс әкімдерінің орынбасарлары, кәсіпкерлер қатысуда.

Семинар барысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында кооперацияны дамыту, өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жұмысын ұйымдастыру бойынша панельдік сессия отырысы өтті.

Онда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіншіліктеріне тоқталып, аймақтарда жүзеге асырылған жобалардың артықшылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол жоба механизмі мен оны әрі қарай жетілдіру мәселесіне тоқталды.

Панельдік сессия барысында еліміздің бірқатар аймағынан келген облыс әкімдерінің орынбасарлары, кеңесшілері, шаруа қожалықтары мен кооператив, жеке кәсіпкерлік иелері жоба аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Жалпы семинар барысында «Тауарлық несие» мүмкіндіктері және ауылдағы ауылшаруашылық емес бизнестің дамуы туралы, ауыл экономикасының дамуындағы ауыл әкімінің және «Ауыл аманаты» жобасын іске асырудағы ӘКК рөлі тақырыптарында панельдік сессия отырыстары өтеді деп жоспарлануда.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

«Ауыл аманаты»: «AMANAT» партиясының жобасы аясында Тарбағатай ауылының тұрғыны өз кәсібін дамытуда

Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылының тұрғыны Толқын Бадырақова «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайыздық несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда. Кәсіпкердің мал басы көбейіп келеді. Шаруа ірімшік, май және құрт өндіріп, өз табысын арттыруда.

Айта кетейік, партиялық жоба әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, ауыл халқының тұрмысын жақсарту мақсатында қолға алынуда. Бұл бағытта ауыл тұрғындарына тегін тренингтер өткізіліп, бизнес-жоспар әзірлеуге көмек көрсетіліп жатыр.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

Партия «AMANAT» – мост между идеями граждан и действиями государства

Борьба с финансовыми преступлениями и онлайн-мошенничеством, необходимость создания системы хранения и транспортировки овощной продукции, выращиваемой сельскими жителями, совершенствование законодательства и регулирование земельных отношений. Об этом и не только, шла речь на приеме граждан, который провел Секретарь «AMANAT» Эльдар Жумагазиев на площадке Республиканской общественной приемной партии.

Так, бизнес-консультант из Астаны Нуркасым Абуев презентовал проект по созданию сетей оптово-распределительных центров для хранения и продажи свежих продуктов (фруктов, овощей и зелени), которые обеспечат гарантированный сбыт для фермеров.

Руководитель кредитного товарищества из Успенского района Павлодарской области Гадыл Наукенов поднял вопрос о предоставлении права продления срока аренды земельного участка сельскохозяйственного назначения на срок, достаточный для получения банковского займа, поскольку сложившаяся нынешняя ситуация ставит сельхозпроизводителей в сложное положение.

Фермер Думан Ергожин из села Косколь Западно-Казахстанской области посетовал, что в связи с ликвидацией кооператива, в котором состоял, он лишился субсидий.

🌐Подробнее: amanatpartiasy.kz

Читать полностью…

AMANAT партиясы

📣Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаевтың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа субсидия бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жөнінде қойған сұрағы.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

📣 «Аграршылар субсидияны кіріс көзіне қоспайтыны анықталды»

Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібековтің Қаржы министрлігінің өкіліне субсидияны бөлу мәселесіне қатысты қойған сұрағы.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

🏠«AMANAT»-тың сайлауалды бағдарламасы аясында Қармақшы ауданында 106 отбасы баспаналы болды

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Қызылорда облысы Қармақшы ауданында 106 пәтерлік 53 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев баспана иелерін құттықтап, өңірде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға сала басшылары, қоғам қайраткерлері мен аудан тұрғындары қатысты.

«Қызылорда облысында Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Баспанамен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39 млрд 100 млн теңге қарастырылып, жыл қорытындысымен 2500-ден астам пәтер беріледі. Ұлттық жоба аясында 1154 пәтерлік 21 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1819 пәтер, апатты үйлер орнына 135 пәтер сатып алу жоспарланып, бүгінде 1114-і сатып алынды. Кейінгі екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешімін тапты», – деді облыс әкімі.


Оның айтуынша, аймақта тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 683 мың шаршы метр болса, биыл жыл соңына дейін 864 мың шаршы метрге ұлғаймақ. Қармақшы ауданында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында нәтижелі жұмыс жүргізілуде. Былтыр аудан бюджеті 13 млрд 353 млн теңге болса, биыл 17 млрд 825 млн теңгеге жетіп, 25 пайыз өсім тіркелді. Бұл қаржы аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда. Биыл 2 млрд 100 млн. теңгеден астам қаржыға автомобиль жолдары жөндеуден өтті.

«Жосалы кентіндегі теміржол үстінен өтетін аспалы көпір құрылысын бастауға мемлекеттік сатып алу жүргізілуде. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында тұрғындарды газбен қамтуға ерекше мән беріп келеміз. Жосалы, Төретам кенттері мен Ақай ауылдық округі «көгілдір отынға» қосылды. Бүгінде аудан халқының 77,5 пайызы табиғи газ қолдануда. Аудан орталығындағы «Тәуелсіздік» ықшам ауданы газдандырылып, Дүр Оңғар ауылдық округінде жұмыс басталды. Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту жұмысы аясында былтыр Көмекбаев, Алдашбай ахун, Қармақшы елді мекендерінде 3 жоба жүзеге асса, биыл Байқоңыр қаласында 1 жоба қолға алынды»,
– деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

🍞Ауыл аманаты: Алматы облысының тұрғыны наубайхана ашты

🗣Бұл кәсіпорын «AMANAT» партиясының қолдауымен іске қосылды.

🔊Шамалған ауылдық округінің тұрғыны Назира Мыңбаева партияның аудандық филиалына жүгініп, кәсіп ашу үшін кеңес сұраған. Аясында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несиеге қажетті құрал-жабдықтар мен шикізат сатып алды.

«Жоба аясында кәсіп бастау үшін AMANAT-тың аудандық филиалына барып кеңес алдым. Кейін 2,5 пайызбен жеңілдетілген несиемен үлкен пештер, қамыр илейтін құрылғы және тағы да басқа қажетті құрал-жабдықтар мен ұн, тұз секілді шикізаттар алып, наубайхана жұмысын бастап кеттім. Қазір Шамалған ауылында тұрғындарды сапалы нанмен қамтамасыз етіп отырмын», – дейді Назира Мыңбаева.


⚜️Оның сөзінше, наубайханада жалпы 6 жұмысшы бар. Өндіріс орнында тәулігіне 1500 бөлке нан шығарылады. Сондай-ақ қосымша күн ара 500-600 дана бәліш, пицца, тәтті тоқаш жасап, дүкен сөрелеріне жөнелтіледі. Оған қоса тәтті өнімдер жасайтын кондитерлік цех ашуды да ойластырып отыр.

Айта кету керек, өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өткен жылдан бері 1 089 адам 8 млрд 267 млн теңге сомасына шағын несие алды. Биыл республикалық бюджеттен 14 млрд теңгеден аса қаражат қарастырылып отыр. Қазіргі уақытта бас-аяғы 629 өтінім келіп түсті. Оның жалпы сомасы 5,9 млрд теңгені құрайды.

⚡️Бағдарлама аясында шағын кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына көрсетілетін қолдау көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл өз кезегінде ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің дамуына үлкен серпін береді.

Фото: Naqty.kz

Читать полностью…

AMANAT партиясы

📌Ауыл әкімдері партия жобаларын жүзеге асыру барысын талқылады – AMANAT

✔️«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңірдегі ауылдық округ әкімдерінің форумы басталды. Семинарда «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» және «Қарызсыз қоғам» жобаларын іске асыруда ауыл әкімдері тарапынан жиі қойылатын сауалдар талқыланып, аталған бағдарламаларды жүзеге асырудың тетіктері мен талаптары түсіндірілді.

⚡️«Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде ауыл тұрғындарының табысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құруда егін, мал, құс және балық  шаруашылықтарының қызметін жолға қою, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің техникалық паркін жаңарту міндеттері бойынша Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Плалов ауыл әкімдері қойған сауалдарға жауап берді. «Жер аманаты» жобасы бойынша жайылымдық жерлерді ортақ игілікке қайтару мәселелері жөнінде Түркістан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген мағлұмат берді. Ал «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруға арналған оқу курстарын өткізу мәселесіндегі түйткілді сауалдарға «Ұлы дала» қауымдастығының Түркістан облысы бойынша менторы, лектор Жандос Әзімбай айтты.

🔼Форумға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстағы құқық қорғау органдарының басшылық құрамы, аумақтық партия филиалдарының төрағалары мен атқарушы хатшылары, 172 ауылдық округ әкімдері, партияның жауапты қызметкерлері қатысты.

📣Жиынды өңірлік филиал төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Мемлекет басшысының әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі, сондай-ақ, жұрт олардың қызметіне қарап, бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды деген сөзінен бастады.

«Экономикасы ауыл шаруашылығына бейімделген, тұрғындарының 80 пайыздан астамы ауылды жерде тұратын Түркістан облысы үшін, ауыл әкімдерінің сайлауы – ашық саяси бәсекелестікті білдіретін, қоғамның саяси белсенділігін арттыратын, ауыл-аймақтардағы қордаланған мәселелердің шешу жолдарын ұсынып, жергілікті сайлаушыларға таңдау еркін беретін, стратегиялық мәні айрықша қадам болды. Облыстың барлық аудан, қалаларында филиалдары бар партиямыз, атқарушы билік жауапкершілігінің жоғары болуын қамтуда және партияның басымдықтарын іске асыруда, ауыл әкімдерінің сайлауына өз кандидаттарын ұсынып, халықтың қолдауына ие болған бүгінгі таңдағы ең ықпалды саяси күш», – деді партияның өңірлік филиалының төрағасы.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

📢Әділдік іздеу жолында: өткен аптада «AMANAT» партиясына 1000-нан астам адам жүгінді

⚡️«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері ел бойынша жұмысын жалғастыруда. Өткен аптада партияның қабылдау орындарында министрлік өкілдерінің, мәслихат депутаттарының және басқа да тұлғалардың қатысуымен кездесулер өтті.

Азаматтар партияға әртүрлі сұрақтар мен мәселелер бойынша келеді. Атап айтқанда, өткен аптада жолдарды жөндеу, коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту, мектептер салу және басқа да көптеген мәселелер көтерілді.

📌Мәселен, азаматтарды қабылдауды Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жүргізді. Оған Ақмола облысы Қорғалжын ауылының тұрғыны Қорғалжын-Баршын және Қорғалжын-Каражар жолдарын жөндеуді сұрап жүгінді. Сонымен қатар «Бақытты шаңырақ» қорының басшысы Ботагөз Сұлтанова ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына тұрғын үйді тегін жекешелендіруді енгізуді ұсынды. Ал «Темекі түтінінен азат Қазақстан» коалициясының төрайымы Жамиля Садықова алкоголь, темекі және қант өнімдеріне акциз саясатын қайта қарау туралы бастама көтерді.
Барлық айтылған мәселелерді Роман Скляр жеке бақылауға алуға уәде берді.

🔵Ал Бірінші вице-білім министрі Наталья Жұмаділдаеваға азаматтар балабақшалардағы тамақтануды жақсарту, демалыс кезеңінде балалар лагеріне жолдамаларды көбейту және басқа да ұсыныстар түсірді.

Өткен аптада еліміз бойынша «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 1000-ға жуық азамат қабылданып, 2000-нан астам өтініш келіп түсті.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

✔️«Жер аманаты»: государству возвращено 10,8 млн га земли

📣По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева на системной основе ведётся работа по возврату в госсобственность неиспользуемых и незаконно переданных в частные руки сельскохозяйственных земель.

📌С июня 2022 года работает комиссия «Жер аманаты» партии «AMANAT». Её задача – восстановление земельной справедливости, обеспечение равного доступа к пастбищам для всех жителей сельской местности.

За этот период в собственность государства возвращено более 10,8 млн. га земли сельскохозяйственного назначения, из них более 2,9 млн. га сельхозугодий распределены среди населения.

🌐Запущен геосервис – jerkarta.gharysh.kz с целью предоставления открытого доступа к возвращенным в собственность государства сельхозземлям.

Читать полностью…

AMANAT партиясы

🏆Елдос Сметов дзюдодан Қазақстан тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы!

Бұл біздің алғашқы алтын медаль 🥇

🇰🇿Елдос Сметов - біздің спорттың мақтанышы!

💪🏻Спортшыларымыздан жаңа жеңістер күтеміз!

Читать полностью…

AMANAT партиясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовке телефон шалып, оны Олимп шыңын бағындыруымен құттықтады

– Қазақтың рухын, жалпы халқымыздың мықты мінезін көрсеттің. Бәріміз сені мақтан тұтамыз. Сөзіңде тұрдың, тамаша жеңіске жеттің, нағыз жігітсің! Сен сияқты жігіттердің арқасында туымыз әрқашанда асқақтап, желбірей берсін. Жаңа жеңістерге жете бер. Саған және отбасыңа аманшылық тілеймін. Астанада кездескенше! – деді Президент.

t.me/aqorda_resmi

Читать полностью…

AMANAT партиясы

🤝Ерлан Қошанов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

📌Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған депутаттар тобы Қарағанды облысына келді. Ол әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың жұмысымен танысып, өңір тұрғындарымен кездесті. Нысандарды аралау жұмысына Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та қатысты.

⚡️Мәжіліс Төрағасы «Qarmet» АҚ Көмір департаментіндегі жаңа диспетчерлік-сараптамалық орталықтың жұмысымен танысты. Онда қандай міндеттер атқарылатынын компанияның құрылтайшысы Андрей Лаврентьев пен бас директор Вадим Басин көрсетті. Бұл нысан өндірістік қауіпсіздікті бақылауға жауап береді, оның ішінде оттегі деңгейі мен метан концентрациясын өлшеу жұмыстары да бар. Мамандар шахталардың жағдайын тәулік бойы бақылайды және кез келген қызметкермен байланысқа шыға алады.

«Qarmet»-тің қазақстандық компанияның меншігіне қайтарылғаны Қарағанды үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды оқиға болғаны белгілі. Бұл Мемлекет басшысының маңызды саяси шешімі болды. Жаңа инвестор өндірісті кешенді түрде жаңғыртуға міндетті. Бес жыл ішінде комбинат металлургия көшбасшысы статусын қайтаруы керек. Бұл ретте еңбек қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейту қажет. Ең бастысы – біздің жұмысшыларымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау. Апаттар мен жазатайым оқиғалар болмауы керек», – деді Ерлан Қошанов.


«AMANAT» Төрағасы кәсіподақ мүшелерімен кездесу барысында жұмысшылар мен шахтерлерге мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауды күшейту мәселелерін талқылады. Парламент депутаттарының, «AMANAT» партиясының және Үкіметтің бірлескен күш-жігерімен Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ғылыми институты қайта құрылып, жұмысшыға жазатайым оқиғалар кезінде кінәлі болуына қарамастан толық сақтандыру төлемін қамтамасыз ететін жаңа заңдар қабылданды.

🌐Толығырақ: amanatpartiasy.kz

Читать полностью…

AMANAT партиясы

🗣Ярмарки вакансий под эгидой партии «AMANAT» проходят во всех регионах страны
 
📌Спикер Мажилиса, Председатель партии «AMANAT» Ерлан Кошанов посетил ярмарку вакансий в Астане, организованную молодежным крылом «Жастар Рухы». В мероприятии также приняла участие министр труда и социальной защиты населения Светлана Жакупова и руководство города Астаны.

⚡️Сегодня ярмарка вакансий прошла на открытом воздухе в центре столицы на бульваре Нуржол. Это знаковое место в сердце Астаны, где любит собираться молодежь. Порядка 100 работодателей представили около 2 тысяч рабочих мест. Среди них: Казатомпром, Halyk bank, Казпочта, Samruk-Kazyna Construction, Казахтелекоми другие. Мероприятие посетило около 3000 человек.

🗣️С молодежью и потенциальными работодателями поговорил Спикер Мажилиса, Председатель партии «AMANAT» Ерлан Кошанов. Он отметил, что Глава государства в своей предвыборной программе поставил задачу трудоустроить не менее 2,3 млн молодых людей к 2029 году.

– Как неоднократно подчеркивал Президент Касым-Жомарт Токаев, человек труда – это богатство страны, и он должен пользоваться особым почетом. Для молодых людей – вчерашних выпускников колледжей и вузов, поиск работы – это настоящий вызов, учитывая, что опыта работы у них нет. Задача государства, общества, бизнеса – облегчить этот процесс, содействовать трудоустройству молодых специалистов, чтобы каждый выпускник мог найти свое место на рынке труда, быстрее начал вносить свой вклад в развитие страны. На это направлены ярмарки вакансий в рамках партийного проекта «Жастарға жұмыс». Вот уже второй год они проводятся во всех регионах и показывают свою эффективность, – сказал он.


🌐Подробнее: amanatpartiasy.kz

Читать полностью…
Subscribe to a channel