kinostankz | Unsorted

Telegram-канал kinostankz - Киностан

254

Кино және соның төңірегі: ойлар, рецензиялар, шолулар, т.б.

Subscribe to a channel

Киностан

Ми демалтатын, тіпті медитациялық қасиеті бар дер едім. Бетбұрыс жасайтын оқиғалары жоқ, шығыс мәдениетіне тән баяулығымен, сабырлығымен жаныңа жайлылық береді. Оның үстіне таңғы Токионың тыныш, таза көшелеріне, жайлы да оттегі толы паркіне кейіпкермен бірге саяхаттайсыз, ашық аспанына қарап кеудені керіп терең демаласыз, биік ағаштың саясында тынығасыз.
Фильмнің аты — Perfect Days / Мінсіз күндер, режиссері Вим Вендерс.

Читать полностью…

Киностан

Бұны ойлап тапқан адам кемеңгер һәм данышпан 😃

Читать полностью…

Киностан

Рецензияны жазған мен емес, бірақ аударған мен. Дени Вильневтің "Құмбел: екінші бөлімін" күтіп жүргендерге қызық болар деп бөлісіп отырмын.
Айтпақшы кітабы да қазақшаға аударылып қойыпты. Сатылымда бар дейді.

https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/59147-kmbel-ekinsi-blim.html

Читать полностью…

Киностан

Netflix тағы да ақырзаман тақырыбын қозғайды.

2021 жылы "Аспанға қарама" фильмі арқылы ақырзаман жақындап қалған кезде ол жаңалықты қоғам қалай қабылдар еді, медиада қалай талқыланар еді деген сұраққа бас ауыртқаны бар. Яғни бәрі білетін ақпараттың әсері туралы айтылды.

Ал мына "Leave The World Behind" драмасында керісінше — белгісіздік адам бойында қандай үрей мен сұрақ тудырады деген мәселеге жауап іздейді. Белгісіздік, адамды ақпараттан айыру — бұл да соғыстың бір түрі екенін, ал ақырзаман жағдайында хаостың кезекті сатысы екенін көрсетіп берді.

Апокалипсис ауқымы үлкен көріністермен емес, камералық кино форматында берілгені қызық көрінді.

Читать полностью…

Киностан

Былтыр қазақ театр өнерінде сенсация болған SEN мюзиклі қайта сахнаға шығып жатыр. Желтоқсанда Алматы мен Астанада ArtKoshe театры бірнеше қойылым қояды. Қапы қалмаңыздар!

Читать полностью…

Киностан

- "Оппенхаймерге" атақты жұлдыздардың нешеуін шақырайық?
Кристофер Нолан: ИӘ!

Читать полностью…

Киностан

Техникалық жағынан өте сапалы жасалған қазақ мультфильмін алғаш көруім.
Егер Pixar түсірген десе — мен сеніп қалар едім. Суреті сапалы ғана емес, сюжеті де тамаша. Диалогтар жоқ, сондықтан бұны әлемнің кез келген көрермені аудармасыз түсінеді.

https://youtu.be/EdsC5J-FzJ8?si=CdIOwcCcHtI-8Fin

Читать полностью…

Киностан

Ескерту: қазір әңгіме "Кезбе өліктер" / "The Walking Dead" төңірегінде болады. Сериалды көрмегендер оқымай-ақ қойғаны дұрыс ;)

Оригинал "Кезбе өліктер" 3-4 маусымнан кейін сұйыла бастады. Онымен қатар көрсетілген спин-оффтары тіпті көруге тұрмады.

Оригинал сериал аяқталып, артынан басқа спин-оффтары шыға бастағанда олардан да көп ештеңе күтпеп едім.

Алайда мына "Дерил Диксон"-ы күтпеген жерден ұнап қалды. Оригинал сериал жоғалтып алған динамиканы осыдан көрдім, оның үстіне локация өзгеріп, француздардың аутентикасы жақсы атмосфера беріп жатыр. Негізгі сериалда сүйкімін жоғалтпаған "ровный" кейіпкер осы Дерил еді. Оның оқиғасы әрі өрбігеніне қуаныштымын. Өткен сюжетке кейіпкерді байлап тастамай, жаңа хикая, жаңа міндеттер қойылады. "The Last of Us" секілді роад-муви, миссиядан миссияға өтіп отыру секілді көрерменді ұстап тұратын тұстары бар.

Сол мини-сериал қылып аяқтай салғанда дұрыс болар еді. Әйтпесе екінші маусымды сұйылтып жібере ме деп қорқамын.

Қысқасы бұл әлемге оралғанымды ресми мәлімдеймін.

Читать полностью…

Киностан

Сахалар түсірген "Айта" фильмі өз елінде тыйым салынды. Ресейдің мәдениет министрлігі прокат куәлігін қайтарып алыпты.
Прокатқа тыйым салса да онлайнға ешкім тыйым сала алмайды ғой, әхәхәхәхә.
Сюжеті жұмыр, салмақты психологиялық драма деуге болады. Кейіпкерлерді антагонист/протоготист деп бөлмей, өз мотиві мен мүддесі бар пенде қылып көрсетуге тырысқан. Аздап Дени Вильневтің ертеректегі картиналарына жақын тұстары бар ма деп қалдым.
Бір кешіңді арнауға тұрады деп ойлаймын.

Читать полностью…

Киностан

"The Covenant" (қазақша "Серт" дейміз бе, "Аманат" дейміз бе?) Гай Ричиге тән жұмыс емес.

Стилистикадан, баяндалу тәсілінен, көтерген тақырыбынан Гайдың қолтаңбасын көре алмайсың. Десек те өзекті тақырыпты көтеріпті. АҚШ әскері Ауғанстаннан кетіп, орнына тәлібтер келген кезде, ең алдымен олар америкалықтарға тәржімашы болған жергілікті тілмәштарды жазаға тартқан екен. Біразын өлтірген, жасырынып жүргендері қаншама. Фильм сондай бір адамның тағдырын көрсетеді.

Әскери драманың фандары үшін жақсы сыйлық болады деп ойлаймын. АЛ жалпы кино индустрия тұрғысынан алып қарасақ мықты дегеннен гөрі, орта деңгейлі экшн дер едім.

Читать полностью…

Киностан

«Дэдпул 3» түсірілімінен кадрлар тарап жатыр. Райан Рейнольдс ешкім жете алмаған мәмілеге қол жеткізіп отыр: Логан/Құну рөлімен қош айтысқан Хью Джекманды рөлге оралуға көндіріп қоймай, комикстегі классикалық костюмді кигізіп қойыпты. Хью бұл костюмді «Х-адамдар» франшизасының ешбір фильмінде кимеген бұған дейін :)

Читать полностью…

Киностан

"Қара айна" бұрынғы маусымдарда футуристік атмосфера қалыптастыруға тырысса, осы жолы керісінше - оқиғалар локациясы өтіп кеткен онжылдықтарға ұқсайды.

"Гильермо дель Тороның сирек заттар бөлмесін" көріп пе едіңіз?
"Қара айна" антологиясының 6 маусымы маған сол мини-сериалды еске түсірді: монстрлар мен қанды қылмыстар құпияның негізгі өзегіне айналыпты.

"Қара айнаға" тоймай қаласың - жаңа маусым 2-3 жылда бір шығады, оның өзі азғантай серия.

Читать полностью…

Киностан

"Футбол деген өмір" деуші ме еді?
"Тед Лассо" сериалынан кейін "Футбол деген психотерапия" деуге болады :)

Бұнда протагонист пен антагонистің айқын текетіресі жоқ, бұнда әр серия сайын көрерменді тақым қысуға мәжбүрлейтін футбол шиеленісі жоқ, бұнда футбол сыртындағы құпиялар ашылмайды.

Сериалдағы футбол — кейіпкерлерді байланыстыратын, бір-біріне бауыр басып, жанашыр болғызатын, ғашық болып, сезім оятатын дәнекерлеуші күш рөлінде.

Сериал аяқталды, қимастық бар. Бірақ кейбір ұзақ ойнайтын жобалардан айырмасы - рейтинг қуып, созғыламай, бас кейіпкердің аркасын жабумен оқиғаны аяқтады. Артық сұрақ туғызбады, бұл қалай деп теориялар ойлап табуға итермелемеді.
Әдемі басталды, әдемі аяқталды.

Читать полностью…

Киностан

Орта жолдан тастап кеткен сериалдарымды тізіп қояйыншы:

- Біртүрлі оқиғалар / Stranger Things: 2 маусымның соңы
- Жігіттер (бола ма?) / The Boys: 2 маусымның соңы
- Мандалор / The Mandalorian: 3 маусымның басы
- Шекер: 1 маусымның соңы
- Қайрат болма: 2 маусымның соңы
- 5:32: маусымның жартысы

Бәріне ортақ 1 себеп бар: тупо қызық емес. Бәрінде уақыт өте келе сюжет тоқырап, көрерменге ұсынатын ештеңесі қалмайды, кейіпкерлер дамымай қалады.

Ал сендер қандай сериалды аяқтамай тастап кеттіңдер, коменттей отырыңдар.

P.S. Тізім толығуы мүмкін.

Читать полностью…

Киностан

"Кезбе өліктер" (The Walking Dead) сериалында Стивен Ён ойнаған персонаж өлгеннен кейін актердің бағы ашылған сияқты.

Сол сериалдан кеткеннен кейін Стивен — Каннда жүлде алған "Жану" (Burning) картинасына, "Санденс" пен "Алтын глобус" жүлдегері "Минари" (Minari) драмасына түсті. Екінші аталған фильмдегі рөлі үшін тіпті "Оскар" номинанты болып үлгерді.

Енді міне Netflix-тің "Beef" мини-сериалындағы басты рөлімен көзге түсіп отыр.

Қысқасы Азия актерлері трендте қазір. Екінші планда жүрген біраз азиялық актерлер мен режиссерлерді жаңа қырынан тани бастаймыз енді.

Читать полностью…

Киностан

"Кино айтшы" деген подкасттың қонағы болып, "Менің атым Қожа" фильмін талқылаған едік. Эпизод жарыққа шықты. Тыңдаймыз: https://podcasts.apple.com/kz/podcast/%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%96%D2%A3-%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BC-%D2%9B%D0%BE%D0%B6%D0%B0-%D0%BA%D1%96%D0%BC-%D0%BD%D0%B5-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D1%84%D0%B8%D0%BB%D1%8C%D0%BC-%D0%BC%D0%B0%D0%B9%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B0-%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D0%B9-%D0%BA%D1%80%D0%B0%D1%88-%D0%BF%D0%B0/id1726795706?i=1000650346164

Читать полностью…

Киностан

Биыл Disney студиясының үш фильмі қазақшаға дубляждалады. Үшеуі де бұрын шыққан жобалардың жалғасы:
Ойжұмбақ 2 / Inside Out 2 - 12 маусым
Моана 2 - қарашаның соңы
Муфаса: Арыстан патша / Mufasa: The Lion King - желтоқсанның соңы

Читать полностью…

Киностан

"Өткен өмір" / "Past Lives" — "Алтын глобустың" 5 номинациясына ұсынылса да еш жүлде алмады. "Оскардан" да шансы жоғары емес. Бірақ өзім үшін Ноланның "Оппенхеймерінен" де, Скорсезенің "Гүл айының қанішерлерінен" де осы картина өзекті болды.

Бұнда аталған фильмдердегі сияқты ауқымды тақырыптарға бас ауыртып, ұлт деңгейінде проблема қозғамайды. Жай ғана бала кездің махаббаты, екі елде өскен адамдардың түрлі дүниетанымы. Кездесу, аңсау, қоштасу. Бірақ бұны қалай жеткізген, қалай көрсеткен — әсер алмау мүмкін емес.

Қарапайым, баналды нәрседен де осындай әдемі туынды жасауға болады екен-ау деп қаласың. Меніңше, осыған дейін көрген романтикалық, жылаңқы сюжеттердің бәріне ребут жасап, жаңа көзқарас беретін картина.

P.S. Азия киносы жасасын!

Читать полностью…

Киностан

Қазақ каскадерлері Ридли Скоттың "Наполеон" фильмінің түсірілімінде
Фото иесі: Nomad Stunts

Читать полностью…

Киностан

"Star Wars", "Терминатор", "Мен Роботпын" сияқты ірі жобалар мүлдем түсірілмеген, мүлдем болмаған әлемді елестетіңіз. Елестеттіңіз бе? Ендеше сол франшизалар жоқ әлемде мына "Жаратушы"/"The Creator" тамаша картина деп саналар еді. Өкінішке орай, бұндай фильмдер қаншама креатив қосса да — қайталанба, екінші сортты болып қала бермек. Өйткені бұның бәрі айтылып қойған, көрсетіліп қойған.

Читать полностью…

Киностан

❌ кинолар

⁉️ кино - жанр, ол біреу-ақ

✅ фильмдер

Читать полностью…

Киностан

5 жыл күткізіп, ақыры шығыпты "Әміре". Киноға шыққанда бара алмап едім.
https://www.youtube.com/watch?v=m2vCuQu0DdM

Комментке фильм туралы пікірімізді жазсақ жақсы болар еді.

Читать полностью…

Киностан

"Рептилия" (Reptile) - Бенисио Дель Торо, Джастин Тимберлейк сияқты актерлер қатысқан детектив-триллер.
Тым созылыңды, сюжеті баяу да бірқалыпты өрбиді, бірақ атмосферасы, музыкасы сауатты құрылған. Кейбір кейіпкерлерге уақыт соншалықты көп бөлінген сияқты, түбінде сюжет үшін аса қатты рөл ойнамай қалады. Бенисионың ойыны үшін көруге тұрады деп ойлаймын. Тек жанр фанаттарына арналған.

Читать полностью…

Киностан

'Жаңа Шекара' онлайн кинофестивалі басталды. 7 күн бойы Шығыс Түркістанда тұрып жатқан қазақтар мен ұйғырлардың өмірі мен күресіне арналған деректі фильмдерді тегін көре аласыздар.

https://www.janacekara.com

Читать полностью…

Киностан

Шетел фильмдерінің қазақша дубляжын талап етейік! 5 минут уақытыңыз бен телефоныңыз ғана қажет.

"Не мәселе?"
Биыл отандық кинотеатрларда көрсетілген шетел фильмдерінің ешбірі қазақша дубляждалмады. Қазақтілді көрермен киноны әлі де тек субтитр арқылы көруге мәжбүр.

"Бұл неге маңызды?"
Егер халық боп жұмылып талап етпесек, бұл жағдай осы күйінде қала береді.

"Нестеуім керек?"
E-otinish сайтына өтіп, талап хат жолдауыңыз керек. Ол үшін:

1. Мына сілтемені басып, pdf форматындағы дайын хатты жүктеп алыңыз👆🏾
2. Осы рилстегі нұсқаулық бойынша жолдаңыз.

Әзірше 10 адам ғана жолдады. Үкімет мәселені дереу қарастыруы үшін 1000 адам хат жолдауы керек!

Читать полностью…

Киностан

Marvel алжиын деді.

Екінші "Кек алушыларда" Сынапты ойнаған Аарон Тейлор-Джонсон сол киноғаламға қайтып келді. Енді ол Аңшы Крейвенді аттас фильмде ойнайды. Фильм Sony-ға тиесілі ғой, бірақ Sony-дің киноғаламы Өрмекші-адам арқылы Marvel-ге де ортақ.
"Аңшы Крейвенде" Рассел Кроу да бар. Актер Marvel-дің басқа фильмінде - төртінші "Торда" Зевсті ойнағанын бәрі біледі.
Қысқасы, сұраққа жауап күтемін :)

Читать полностью…

Киностан

Биыл Қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаровтың туғанына 100 жыл.

Тоқсаныншы жылдардың басында, 1-2 телеарна ғана көрсететін заманда кілең орысша жүретін бағдарламалардың арасында — қалай екенін білмеймін — Қайдаровтың "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?", "Ақсақ құлан" мультфильмдері кіріп кететін. Қазақша телеконтентпен таныстығымыз да осы мультфильмдерден басталған шығар.

Сюжетті диалогсыз көрсетсе де балаларға қызық еді. Шиеленіс, қақтығыс, эмоция музыкамен ғана беріледі. Шеберлік деп осындайды айтса керек.

https://www.youtube.com/watch?v=ZkBfEFv34mo

Читать полностью…

Киностан

Галактика сақшылары 3 - ғарыштағы түрлі-түсті экшнға жануарлар құқығын, психология мен өзін іздеу (сәлем, Тор 4), өткен шақтың травмалары әкелетін салдар туралы өзекті тақырыптарды тұздық қылыпты.
Сюжеті бүкіл трилогияның, жалпы 2014 жылдан бері келе жатқан Сақшылар хикаясын қорытады.

Фильм сонымен қатар режиссердің де көрермендермен сырласуы дер едім. «Осыған дейінгі бөлімдерде акцентті басқаға қойып келіппін ғой, негізгі айтпағым үшіншіде толық қалыптасты», - дейтін секілді режиссер.

Читать полностью…

Киностан

Қазақстан киносыншылар қауымдастығы кеше 2022 жылдың үздіктерін жариялады.

Сөз жоқ, бұндай индикаторлар аса қажет. Анағұрлым объектив шешім қабылдайтын, сыни пайымы қалыптасқан адамдардың ұйымы. Құрамында өзім құрметтейтін сыншылар да баршылық.

Алайда шараның өзі 80% орысша өтті. Экрандағы мәтін толығымен орысша. Сахнадағы екі жүргізушінің қазақша бөлігіне жауапты актер Санұржан Сүлейменовтың өзін қазақ тілін жетік біледі деп айтпас едім. Бұл бір. Екіншіден Санұржанның өзі сөйлеген кезде орыс тіліне жиі ауысып кете берді.

Қысқасы Ресей киносыншыларының Қазақстандағы өкілі сипатындағы шара көрдім кеше.

Читать полностью…

Киностан

Абылай деген бір жігіт бар. Саяхатты ұнатады. Әлгі тур сатып алып, бәрі төленген, бәрі дайын саяхат емес. Кәдімгі жабайы, қауіп пен қатерден сақтанбаған саяхат. Осындай тақырып қызық болса каналын оқыңыз: /channel/saparmuraty

Читать полностью…
Subscribe to a channel