kinostankz | Unsorted

Telegram-канал kinostankz - Киностан

254

Кино және соның төңірегі: ойлар, рецензиялар, шолулар, т.б.

Subscribe to a channel

Киностан

Қалай ойлайсыңдар, "Тор 4" тым комедия емес пе? Жеңілтек әзілдермен бастап трагедиямен аяқтағаны қалай кетті?

Читать полностью…

Киностан

#рекомендейшн

"Он үш өмір" / "Thirteen Lives" - екі "Оскар" алған Рон Ховардың жаңа картинасы. Өмірде болған оқиғаны баяндайтын құтқару драмасына режиссер Вигго Мортенсен, Колин Фаррелл, Джоэл Эдгертон секілді жұлдыздарды жинапты.

2 сағаттан астам уақыт бойы "тақым қысып, тапжылмай" позасында кино көргің келе ме? Қош келдің онда.

Рон Ховард деталдаудың шебері ғой. Мейлі кейіпкер болсын, мейлі әрекет болсын - жіліктеп бөліп тастап баяндайды. "13 өмір" қызық болғанымен қоймай, техникалық орындалуы өте күрделі кино дер едім. Су астындағы кадрларды үйлестіру, оны сюжетке жатқызу, кейіпкерлердің әрекетімен байланыстыру - шебердің ғана қолынан келеді.

Бұйырса биылғы "Оскардың" номинанттарынан көріп тұрқ қо.

P.S. Фильмді қарап болған соң сюжетке арқау болғаны оқиғаны да тауып алып оқыңдар - өте қызық!

Читать полностью…

Киностан

Достар, аздап шок кейпімнен арыла алмай отырмын. Жылдың деп алдын ала вердикт жасамай-ақ қояйын, жыл басынан бергі ең ерекше картина дер едім.

Мына мультиғалам тақырыбы кино жасаушыларға жақсы азық болды. Қиял мен ой өрісін кеңейтуге мүмкіндік ашып берді.

"Барлығы Барлық жерде Бір мезгілде" / "Everything Everywhere All at Once" - визуал концепция жағынан "Матрица", "Доктор Стрендж", "Бастау" (Inception) картиналарына жақын. Оның үстіне түрлі стиль мен авторлық қолтаңбалар, әр түрлі фильмдерге оммаж бен сілтеме анық байқалады. Әйтсе де мультиғалам тақырыбы фильмнің өзегі демес едім. Өзіңді, жақыныңды қабылдау және сүю - қандай метағаламда өмір сүрсең де бұлжымайтын заңдылық болып қала бермек. Басты ойы осы деп ұқтым.

Визуалын, мазмұнын, арнайы эффектілері қолданылған ғажап сәттерін, техникалық орындалуын, түрлі жанрларды қалай үйлестіргенін суреттеуге менің тілім жетпейді.

Читать полностью…

Киностан

"Три" - алматылық адам жегіш Николай Джумагалиевтің ісі арқау болған триллер екен.

Советтік антураж, атмосфера реконструкцияланады демесеңіз, берер қызығы жоқ картина екен. Антогонисің де, зұлымың да ашылмайтын дөкір кейіпкерлер. Персонаждар арасында химия жоқ, сәйкесінше көрермен де оларға тілекші бола алмайды.

Құрылымы әлсіз сюжет - өздерінше тақырыпшаларға бөліп жүйелеуге тырысқанымен ол атаулар түк те білдірмейді.

Ресейден алдыртқан актер Игорь Савочкин (марқұм) де фильм үшін маңызды рөл атқармады. Кез келген рандом таңдалған актерді қойсаң дәл сондай атқарушылық рөл көрсетер еді.

Актерлерге кінә артқым келмейді, оларға нақты міндет пен тапсырма қоя алмаған шығармашылық топ әлсіз болды деп ойлаймын.

Читать полностью…

Киностан

Астаналық достардың назарына :)

Читать полностью…

Киностан

"Солтүстік адамы" / "The Northman" - техникалық тұрғыдан мінсіз картина. Дыбысын, монтажын, операторлық жұмысын, қоюшы суретші жұмысын, музыкасын, жарықтың қойылуын бөлек-бөлек анализдеп, оқулыққа енгізуге болады.

Сюжеті өте қарапайым, скандинав халқының фольклоры мен мистика элементтері органикалық түрде астасып кеткен. Аутентикалық атмосферасы көрерменге сол оқиғалардың арасында жүргендей әсер береді.

Роберт Эггерсті біз қазымыр, әр деталге мән беретін суретші ретінде білеміз, ол жасаған кадрда мағынасыз және артық қимыл мен көрініс болмайды.

Режиссер "Маяктан" Уиллем Дефоны, "Мыстаннан" Аня-Тейлор Джойды алдыртыпты. Оларға қосылған Александр Скарсгард, Николь Кидман, Итан Хоуктан ғажап актерлік ансамбль шыққан.

Визуал тұрғысында жылдың ең әдемі картиналарының бірі.

Читать полностью…

Киностан

Егер бір сериалды бастан-аяқ қарасаң - ол сенің белгілі бір өмір кезеңіңе байланысты болып қалады. Әдейі солай жасамасаң да ассоциациялар қалып қояды екен.

Мысалы "Озарк" сериалын ұлымның есеюімен байланыстырамын. 2017 жылы жазда сериал басталғанда ұлым 1 жасқа енді толып жатыр еді. Қазір сериал аяқталды, ұлым 5 жастан кетті. Алтыға сәл қалды.

Бір жағынан аз ғана уақыт өткен сияқты. Бірақ енді-енді тәлтіректеп орнынан тұра бастаған сәби мен саған мінез көрсетіп, ақылы мен тілі жеткенше ренішін айта алатын бала арасында үлкен айырмашылық бар :)

Қысқасы бір эпоха артта қалды :)

Читать полностью…

Киностан

Қанша көрсең де жалықпайтын үзінділер болады. Мен үшін сондайдың бірі - "1917" фильміндегі 7 минуттық кадр.

Басты кейіпкер "шабуылды тоқтатыңдар" деген ауызша бұйрықты командирге шабуыл басталғанға дейін жеткізіп үлгеруі керек. 7 минут бойы кадр үзілмей, бір дублмен көрсетіледі.

Фильм үш "Оскар" алды, соның ішінде үздік оператор да бар.
https://www.youtube.com/watch?v=WYCo-3pw52o

Читать полностью…

Киностан

Қазақтың "Қап-қара адамы" француздың "Нағыз детективінде"

Canal+ ұсынған мистикалық триллер қазақ даласындағы әлдебір тылсым қылмыс пен державалардың ғарыштағы текетіресін байланыстырып тұрған не нәрсе деген сұраққа жауап іздейді. Алғашқы сериясы осындай әсер берді маған, әйтеуір.

Француздар Әділхан Ержановтың "Қап-қара адам" картинасынан шабыт алған ба деп қоясың: тергеуші рөліндегі Данияр Алшынов, сондағы басқа да актерлер өз рөлдерін қайталапты мында. Екінші жағынан әлдебір культтық салтты еске түсіретін қылмыс іздері "Нағыз детективке" келетін секілді. Ал ғарышта өрбитін оқиғалар, ғарыш станциясындағы апат мини-сериалдың масштабынан хабар береді. Атмосферасы НВО-ның "Чернобыль" сериалына ұқсап кете ме деймін кей тұсында.

Қысқасы жалғастырып көремін. Алдағы серияларында Самал Еслямова бой көрсетеді дейді.

Менен осындай бір #рекомендейшн.

Читать полностью…

Киностан

Қазақша дубляж петициясы [QazaqshaJaz белсенділерінен].

Петицияға қол қойып, қазақша дубляждың пайда болуын бірлесіп жеделдетейік, достар!

Бүгінгі тербеу осы! Бәріміз СІЛТЕМЕГЕ кеттік!
⬇️
СІЛТЕМЕЙШІН❗️

Читать полностью…

Киностан

"Ньюарктың көп әулиесі" / "The Many Saints of Newark" - культқа айналған "Сопрано" сериалының приквел-фильмі. Тони Сопраноның бала және жасөспірім кезі көрсетіледі, оның мафия жолына түсуге не және кім әсер еткені баяндалады.

Бір қызығы - Тони Сопраноны сериалда марқұм Джеймс Гандольфини ойнаса, фильмде оның жас кезін ұлы - Майкл Гандольфини ойнады.

Бірақ приквел тек жасөспірім Тони туралы ғана емес. Сонымен қатар оның ата-анасы, әкесі мен әкесінің інісі құрамында болған мафияның тыныш-тіршілігі, Тони қатты жақсы көрген Дики көкесі жайында.

Бір аздап мен оғаштау санаған тұсы: сюжеті кадр сыртында Кристофер Молтисантидің дауысымен баяндалады. Сериалда Крис жастай өліп кеткенін ескерсек - кішкене үйлеспейтіндей сияқты дедім.

Әйгілі сериалдың көрермендеріне қызық болады.

Читать полностью…

Киностан

"Мидсоммар" - елдің жайлауы...

Осы фильмнен кейін мына ойға келдім: мен халықтың ғасырлардан бері келе жатқан жарқын, адал мейрамын/салт-дәстүрін/әдет-ғұрпын кино арқылы жын-шайтан кейіпке енгізуді қабылдай алмайды екенмін. Мидсоммар - шведтердің наурызы десек те болады. 21 маусымда жазғы күн тоқырауын шведтер асыға күткен. Бұл күн келісімен сауық-сайран басталып, бүкіл халық тойлаған. Өйткені Швецияда жаз қысқа болады, ал ең ұзақ күн сол себепті маңызды дата саналған.

Ари Астер алад та осы мейрамға культ, паганизм элементтерін қосып, тұтас халықтың басты мейрамынан хоррор шығарады. Оған заманауи киномейкерлер қолданып-қолданып, әбден зорлап тастаған операторлық, жарық қою тәсілдерінің үздік шешімдерін теріп-теріп қосып, техникалық орындалуын мінсіз қылуды көздейді. Бірақ әдемі кадрлардың артында дым мән жоқ. Сюжеті шашыраңқы, айтатын ойы түсініксіз, фильмнің мақсаты жоқ. Есесіне көрерменде Мидсоммар туралы жаман ой қалыптасты. Мүмкін тіпті тұтас швед халқын жек көріп кеткен шығар кейбірі.

Читать полностью…

Киностан

IVI және MEGOGO платформаларына промокодтар ұсынамын. Промокод арқылы бір ай тегін жазылуға болады.

Megogo: 8dzt2j3x
Ivi: 934966a94e4a

Промокодтар 1 реттік деп ойлаймын, сондықтан алып үлгергеннің ғана жолы болар.

Бұл киносайттардың маңызды артықшылықтары: екі сайтта да "Болашақ" қауымдастығы аударған голливудтық фильмдердің қазақша дубляжын табуға болады.

Читать полностью…

Киностан

Подкастымыздың жаңа эпизоды шықты. Осы жолы саясат тақырыбындағы фильмдер мен сериалдар туралы айтамыз.
https://anchor.fm/yernar-bekenov/episodes/03-e1d5qqh

Читать полностью…

Киностан

Подкастымыздың екінші эпизоды: 2021 жылдың фильмдері мен сериалдары, біздің үздіктер, 30 желтоқсанның премьералары туралы айтамыз
https://anchor.fm/yernar-bekenov/episodes/2-2021---------30-e1c9jeh

Читать полностью…

Киностан

Айдын Сахаманның "Дос-Мұқасан" байопигінен және "Дос-Мұқасан" ансамблінің клипінен алынған кадрлар. Ұқсай ма? 🙂

Айтпақшы фильмнің премьерасы 7-11 қыркүйек аралығында Алматыда өтетін VII Baiqonyr International Short Film Festival аясында өтеді.

Читать полностью…

Киностан

Қазақстанда бірінші рет Хаяо Миядзакидің танымал туындысы қазақша дыбысталды

Dopamine Voice әуесқой тобы «Хаулдың Жаяу Қамалы» атты толық метражды анимені қазақша дубляждады. Айтуларынша, аударма, дыбыстау мен монтажға шамамен 1,5 ай уақыт жұмсалған.

Бұған дейін олар Титандар шайқасы мен «Сенің есімің» сияқты анимелерді қазақшалаған. Әлжелідегі парақшасында қазақша дыбысталған анимелерден қысқа үзінділер жариялайды.

Жалпы Dopamine Voice деген кімдер және олар не істейтіні туралы былтыр жазғанбыз. Толығырақ мына сілтемеде.

фото: @dopaminevoice

Читать полностью…

Киностан

Спорт драмалардың барлығынан дерлік жанрлық клишелерді қиналмай табасың. Сондықтан ондай фильмдердің басты құндылығын оның көркемдік ерекшелігінен емес, көрерменге шабыт пен үміт сыйлай алатын қабілетінен іздейсің.

Netflix ұсынған Hustle спорт драмасы мен үшін өз міндетін толық атқарып шықты. Ал Адам Сэндлер комедиант қана емес, тамаша драма актері екенін тағы бір дәлелдеді.

Бұл фильмді көру үшін баскетбол фанаты болу міндет емес.

Читать полностью…

Киностан

Осы апта қазақша дубляж туралы петицияны қолдауға арналған АРНАЙЫ КИНО КУИЗ кеші өтеді! 🎥🍿

Петиция мақсаты: еліміздің кинотеатрларында көрсетілетін барлық шетелдік киноларды қазақша дыбыстауды талап ету. Петицияны жүзеге асырып жатқан - Kazakbubble мен Qazaqshajaz жобалары.

Куизде сіз бен біз көрген қазақстандық, шетелдік кино-сериалдар, NETFLIX, танымал саундтректер және тағы басқа тақырыптағы қызық сұрақтар болады!

Оған қоса, әдеттегідей, би, көтеріңкі көңіл күй, жаңа танысулар! Сондықтан тездетіп 3-10 адамнан топ құрап, куизге тіркеліңіз! Орын саны шектеулі! 🤪

Кіру: 2000 тг/адам💰
Тіркелу мен қосымша ақпарат үшін, петицияға қол қою үшін сайтымызға өтіңіз😉

https://teztap.taplink.ws/

Читать полностью…

Киностан

Достар, жаз мезгілін мәнді де сәнді өткізудің бір амалын ұсынамыз.
🎥 Маусымда Öner Tili киносауат курсы басталады. Кино көріп, сауат ашамыз.
✅ Курста кино тарихынан бастап киноны қалай көріп, неге мән беру қажет екеніне дейін үйретеді. Формализм мен реализм, Семиотика және психоанализ, Постколониализм және феминистік теория, Постмодернизм және цифрлы кино деген тақырыптары да бар. Толығырақ 👉https://edu.oner.kz/cinema
🎙 Курсты белгілі кинотанушы, журналист, аудармашы, Лондондағы Мэри патшайым университетінің (Queen Mary University of London) докторанты, «Болашақ» стипендиясының түлегі Әсия Бағдәулетқызы жүргізеді.
🔵 Курс онлайн болады. Қатысу үшін тіркелу қажет 👉👉👉https://newreporter.org/kz/2022/05/20/oner-tili-kinosauat-onlajn-kursyna-tirkeu-bastaldy/?fbclid=IwAR2-oDKpmrKqd5bWtq-bA6Q6n900r4bbd6_wNPdltkKA0kYTNShijdPwEPY
⏳ 2022 жылғы 5 маусымға дейін өтініш қабылданады.
Киносауат онлайн курсында кездескенше 👋👋👋

Читать полностью…

Киностан

Ресей өркениеттің барлық саласынан аластатылып жатқанын бәрің білесіңдер. Соның ішінде кинопрокат та бар: елден Голливуд мейджорларының өкілдіктері кетіп қалды, бұл елге енді Голливуд жауһарлары келмейді.

Десек те Голливуд үшін Ресей ірі нарық саналып келгені рас. Бұнда (ТМД деп оқыңыз) жазғы блокбастерлер жақсы өтеді, қыруар қаржы әкеліп жүр.

Жылдың басты блокбастерлерінің бірі - "Доктор Стрендж: Сергелдең мультиғалам" / "Doctor Strange in the Multiverse of Madness" прокатқа жол тартты. Қызық осы жерде басталады: фильмнің жалпы табысына қарап әлемдік нарық Ресейді бандау арқылы көп нәрсе жоғалта ма, әлде жоқ па деген сұраққа жауап табылып қалар.

Егер жоспарланған табыстың қомақты бөлігінен қағылса Голливуд Ресейге оралуды қайта ойлай бастауы мүмкін, ал егер аса бір өзгеріс байқалмаса - и, жақсы деп жаңа реалияға бой үйретеді :)

Читать полностью…

Киностан

Үш жақсы #жаңалық бар. Қайсысынан бастайын? 😜

- Мэтт Ривз түсірген, Роберт Паттинсон ойнаған "Бэтменнің" цифрлық релизі шықты.

- "Тор 4"-тің тизері шықты. Тайка Вайтити тағы да стиль үлестіретін түрі бар. Естеріңде болса "Рагнарекке" ретроның реңін берген еді. Бұл жолы ромком және өзін іздеген көңілсіз құдайдың роудмовиі болатын сияқты :)

- Ертең "Одан да Солға хабарлас" / "Better Call Saul" сериалының алтыншы маусымы басталады.

Читать полностью…

Киностан

Джокерді ойнайтын актерге талап қашан да жоғары. Оны ойнағысы келетіндер көп, бірақ мүмкіндік мыңнан біреуіне ғана бұйырады.

Роберт Паттинсон ойнаған "Бэтменде" жаңа Джокер бар. Экрандағы уақыты өте қысқа, бірақ эпик дейді. Ойнаған - Барри Кеоган деген ирландиялық жас талант. Оны көпшілік "Қасиетті бұғыны өлтіру" (The Killing of a Sacred Deer) драмасынан кейін тани бастады.

https://www.youtube.com/watch?v=Fk24oDJXSrk

Читать полностью…

Киностан

Оскардың бас жүлдесін және бейімделген сценарий мен екінші пландағы актер номинацияларын жеңіп алған "CODA" - жарқын кино.

Зұлымдары жоқ, бойыңа жылулық беретін, соңына таман эмоцияңды қозғап жібереді.

Әдетте біз керең-мылқау адамдарды ата-анасы арқылы танимыз. Мүгедек баланың ата-анасы бар дейміз, солардың арқасында өмірге бейімделеді, ересектер қарайласады, қамқор болады.

Ал отбасы толығымен керең-мылқау болса, олар сыртқы әлеммен сөйлей алатын жалғыз жақыны - қызы арқылы ғана байланыса алса? Бәріне мәлім проблема осы жерде басқа қырынан ашылады.

Бұл жерде ересек рөлінде - 17 жасар қыз. Бала рөлінде - қоғаммен өз бетімен қарым-қатынас құра алмайтын, қамқорлық пен қорғауды 24 сағат бойы қажет ететін, ересек болса да бала кейпіндегі ата-ана және аға.

Бұл жерде сау адамдардың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың құндылығы сарапқа салынады, салыстырылады және екі әлемнің қабыспайтын тұстары көрсетіледі.

Читать полностью…

Киностан

Әзірбайжаннан шыққан атақты кинематографшы Рустам Ибрагимбековтың қайтыс болғаны туралы барлық БАҚ жазды. Бірақ ешбірі оның қазақ киносына қосқан үлесін атамады.

Ресей басылымдары оны "Белое солнце пустыни", "Оскар" алған "Утомленные солнцем" фильмдерінің авторы деп жазды. Біздің басылымдар сол мәтіндерді көшіріп ала салған сияқты.

Білмейтіндер үшін - Рустам Ибрагимбеков "Көшпенділер" картинасының сценарий авторы.

Читать полностью…

Киностан

Эксперименттен қорықпайтын тәуелсіз авторларды қарап тұрамын. Әсіресе Джастин Бенсон мен Аарон Мурхедтің жұмыстары ұнайды. Олар кезінде уақыт тақырыбын зерттеп, соның төңірегінде "The Endles", "Resolution", "Synchronic" фантастика картиналарын шығарды. Жақында осы тандемнің "Көктем" / "Spring" фильмін көрудің сәті түсті.
Мелодрама мен хоррорды біріктірген, Италия провинциясының әдемі фонында өрбитін қызық жұмыс екен. Тәуелсіз киноның көрермендері үшін.

Читать полностью…

Киностан

КиноІшкен подкастының жаңа эпизодында киносыншылар мен киномандар Әсия Бағдәулет, Жанкелді Өмірәлиев, Гауһар Раянова және Дана Әмірбекова үздік мелодрамалары туралы айтады:

https://anchor.fm/yernar-bekenov/episodes/05-e1e62ee

Читать полностью…

Киностан

Төртінші "Матрицаға" қатысты түпкілікті пікірімді қалыптастыра алмадым. Бір жағынан аяқталған трилогияны тірілтудің не қажеті болды деймін де...

Екінші жағынан - неліктен бұл тақырыпқа қайта оралғанын авторлар ашық мәтінмен түсіндіреді және мейілінше "Матрица" қалдырған мәдени мұраға нұқсан келтірмеуге тырысады. Ностальгиядан туған сезімдеріңді одан сайын қоздырады. Кейбір тұстарында бұрынғы бөлімдерін анализдеп береді.

"Матрица 4" - сүйікті франшизамыздың гиді секілді, маңызды сәттерді қайталайды, трилогияға басқа қырынан қарауға итермелейді, сағынышыңды оятады, соңында біртүрлі жылы сезім қалдырады. Ескі досыңмен кездесіп әңгімелескендей боласың.

Бірақ бәрібір соңында сұрақ қалады: осының бәрі керек пе еді? қатты іздемеген де сияқты едім ғой.

Читать полностью…

Киностан

Келіп қалған жаңа жыл құтты болсын. Мерекелік атмосфера сыйлайтын киноны қосып қойып, үйде шампандатуды жоспарлап қойсаңыз, мына топтама көмектесіп қалар. Мақала ескілеу, бірақ фильмдер әлі өзекті: https://old.kinostan.kz/article/view?id=166

Читать полностью…

Киностан

Netflix стриминг сервисі ұсынған Don't Look Up - тамаша саяси сатира, трагикомедия элементтері бар драма.

Голливудтың А санатына жататын жұлдыздарды жинаған картина БАҚ мен медиа, коммуникация, бұқарамен байланыс, PR мен маркетинг саласына қатысты бар адамдарға ерекше қызық болады. Әлеуметтік желінің тұрақты қолданушылары да жылы қабылдайды деп ойлаймын.

Ақпаратты кім қалай қабылдайтыны, кім оны қандай мақсатта жұмсайтыны әр саланың өкілдерін мысалға келтіре отырып, мәселе қызық сюжетпен ұйқасып орынды көтеріледі.

Читать полностью…
Subscribe to a channel