Арман Жармағамбетов: Meta-ның AI зерттеушісі, қазақша ChatGPT, жасанды интеллект / Narikbi LIVE #71
Әлем өзгеруде және біз сол жаңа технологиялық прогресстың алдында тұрмыз, оған біз қалай бейімделе аламыз?
Бүгінгі подкаст қонағы жас ғалым - Арман Жармағамбетов. Арман қазіргі күні кремний алқабында Meta компаниясының жасанды интеллект бағытында жұмыс жасап келеді.
Бұл подкастта біз көп естіп жүрген жасанды интеллект, оның болашағы, қазақша ChatGPT және т.б. тақырыптарды талқыладық.
Еңбегімізді бағалап, жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар.
https://youtu.be/N4-gZi-PWoI
Audio podcasts
Подкастымыз о баста тек аудио нұсқада шығатын еді ғой, кімнің есінде?
Білмегенге маржан, барлық эпизодтар бүкіл аудио сервистарда бар. Сілтемелер төменде. Құлаққапты қосып қойып, көшеде серуендеп, кептелісте жол үстінде тыңдауға мүмкіншілік береді. Ютубты қосудың қажеті жоқ.
Жеке өзіме келсек, аудио - маған ең ұнайтын форматтардың бірі. Байқағаным, көп адам камера алдында еркін отыра алмайды, кейде сөздерін дұрыс жеткізе алмай жатады. Ал, аудиода ондай проблема жоқ. Әлемнің кез-келген жерінен ыңғайлы жерде отырып алып та жаза берсе болады.
Бұны неге айтып жатырмын? Жақында тек аудио платформаларда шығатын жаңа формат ойластырып жатырмыз. Білуімше ондай формат біздің елде әлі жоқ. Ең бастысы - ол жобаға сіздер де қатыса аласыздар. Қалай? Оны жақын күндері айта жатармын.
Пайдасы зор болады деген сенімдемін.
Рабиға Төлебай: хафиз болу, 14 жаста студент атану & Абай шығармаларын аудару / Narikbi LIVE #70
Подкаст қонағы Аль-Азхар және Каир университеттерінің магистры, Құран хафизы әрі 5 қырағат иесі, Абай шығармаларын араб әлеміне таныстарған отандасымыз - Рабиға Төлебай.
Бұл шығарылымда біз "Құран тасушы" қалай атануға болатынын, ерте жаста қалай студент атануға болатындығын, Мысыр елі және т.б. тақырыптарды қозғадық.
Еңбегімізді бағалап, жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар.
https://youtu.be/Szp95CuwyZg
Данияр Жігітбек: саяхат, жауапкершілік & жарты жылдық қорытынды / Narikbi LIVE #69
Бүгінгі эпизод қонағы - Данияр Жігітбек. Бұл шығарылымда біз соңғы жарты жылды қорытындылап, өз бастарымыздан өткен өзгерістер мен алған сабақтарымызды талқылап, алдағы жоспарлармен бөлістік.
https://youtu.be/w6tYx7BqiPs
Мейіржан Таштай: 12 тіл үйрену, Катар & Меккеге апарар жол / Narikbi LIVE #68
Бүгінгі подкаст қонағы - Мейіржан Таштай досымыз. Әлеуметтік желіде Kimotashy атымен танымал Мейіржан - 12 тілде сөйлетін полиглот, мұғалім.
Бұл шығарылымда біз заңгерге оқып жүрген студенттің тілдерге ғашық болуы, Катар және басқа да араб елдерінің ерекшеліктері және көптеген рухани азыққа толы болатын тақырыптарды ашуға тырыстық.
Еңбегімізді бағалап, жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар.
https://youtu.be/WKCwurW8Tug
Мұрат Есжан: Алаш, кино және голливуд / Narikbi LIVE #67
Бүгінгі подкаст қонағы белгілі режиссер әрі сценарист - Мұрат Есжан. Біз Мұрат ағаның "Оян Қазақ!", "Ахмет - ұлт ұстазы", АҚШ-тағы өмірі және неге Голливудта қалмай, Қазақстанда кино түсіру қолғаны алғанын талқыладық.
https://youtu.be/dUq3i_jEsR0
Табиғат Қаутай: Наруто, лудомания, жастық шағы туралы / Narikbi LIVE #66
Бүгінгі подкаст қонағы белгілі психолог - Табиғат Қаутай. Әдеттегідей бұл шығарылымда біз өміріңінің тың мағынасын іздеп жүрген адамдарға ой салатын тақырыптарды қозғауға тырыстық.
https://youtu.be/XJ_-dGQtGTQ
Айтпақшы, бүгін 29 жасқа толдым. Мектеп кезінде отыз жас маған өте алыс көрінетін еді. Ал 25 жасымда 40-қа дейін әлі талай уақыт бар ғой деп жүргенмін.
Бірде студенттік шақта ең маңызды жылдар 20 мен 30 жас арасы деп оқып едім. Осы аралықта бәрін көріп үлгеру керек, себебі келесі онжылдық осыған байланысты болады деген ой айтылып еді. Мен осы қағиданы ұстануға тырыстым.
Байқасам, бұл онжылдық та аяқталуға жақын. Ойланатын, саралайтын, кейде тіпті өкінетін дүниелер де бар. Қалай болса да, бұдан сабақ алып, келесі онжылдықтың жоспарын құратын кезең келді.
Бұл сурет Меккедегі Нұр тауы, Хира үңгірінің жанында түскен. Ол жердің ерекшелігі - осы мекенде Құранның алғашқы аяты түскен. Ол кезде Пайғамбарымыз (c.a.c) 40 жаста еді. Бұл жасты кейде - даналықтың шыңы дейді.
Өз қоғамындағы құндылықтар дағдарысын көріп жүрген Алла елшісі (c.a.c), дәл осылай Қағбаға қарап отырып, ойға кетіп, оқшаулататын деседі.
Есейген сайын адам баласы оқшаулануды ұната бастайтын секілді. Өзім әлі қырыққа келмесем де, қаладағы у-шу-дан гөрі, тыныш қана, табиғатта серуендеуде жаным жай табады.
Алдағы он жылда не боларын білмесек те, баршамызға даналық шыңына апарар жолды тіледім.
Құттықтауларыңызға рахмет
Нуртас Адамбай: жан азығы, жаңа кино, ішкі ойлар / Narikbi LIVE #64
Бүгінгі подкаст қонағы белгілі актер, әрі режиссер - Нуртас Адамбай. Біз бұл шығарылымда қонағымыздың кино саласындағы жаңа бағыты, руханият және қоғам алдындағы жауапкершілік туралы сөз қозғадық.
https://youtu.be/5mxomaIG6Nc
Арман Сулейменов, Данабек Калиаждаров: IT білім алу үшін университет қажет пе? / Narikbi LIVE #63
Бүгінгі подкаст қонақтары белгілі IT мамандар - Арман Сулейменов және Данабек Калиаждаров.
Арман - nFactorial school IT білім беру орталығының қалаушысы, Princeton University түлегі.
Данабек - alem.school өзін өзі оқу жүйесіне негізделген IT мектептің басшысы, Инженерлік ғылымдардың докторы, профессор.
Бұл подкастта біз университеттің маңыздылығы, Қазақстан IT білімінің проблемалары, еліміздің алға итермелейтін жобалар туралы сөз қозғадық.
https://youtu.be/yrLT99CURUM
https://youtu.be/yrLT99CURUM
https://youtu.be/yrLT99CURUM
European Ramadan
Соңғы жылдары халықаралық ортада жүргеннен соң әр түрлі ұлт пен мәдениет өкілдерін көремін. Әсіресе, рамазан кезіндегі еуропалық мұсылмандарды көрген қызық екен.
Менің бір байқағаным - көп халықтарда рамазанға арнайы тағамдары болады екен. Мен оны әсіресе үнділерден көрдім. Үндістан елі өзіңінің ерекше тағамдарымен танымал ғой. Әлемнің қай жеріне барсаң да үнді ресторанын табасың.
Кеше менен үнді әріптесім келіп: сендер рамазанға қандай арнайы тамақ дайындайсыңдар? - деп сұрады. Сөйтсем, бізде арнайы тамақтан тек Наурызға көже ғана бар екен ғой. Мен өз басым ауылда сәресіне айран не сүт қосылған тары жейтін едік. Басқа ештеңе айта алмадым.
Рамазанда араб әріптестерімнің көбі елдеріне баруға тырысады. Амстердамда рамазан мүлдем сезілмейді - дейді олар. Келісем, расымен рамазанның вайбы сезе алу қиын. Бастапқыда сол үшін қиналатын едім. Күніге ауызашарға шақырып, кейін тарауихқа жиналып баратын достарың жоқ. Сағаттап оқитын тарауих та жоқ.
Осында келгелі, қысқа тарауихтың не екенін біле бастадым. Мысалы, түріктердің мешітіне барсаң, құптан мен тарауих намазы небары жарты сағатта бітіп қалады. "Недогон" болып жүресің. Алайда, кейін түсіне бастадым. Мешітке жиналатын көпшілік - қариялар. Олар ұзақ оқи алмайды.
Біздегі мешіттердің басты ерекшелігі - жастар. Алматыда біз намаз аяқталғанда дұға жасайық деп қария кісіні іздеп кететін едік. Тағы бір ерекшелік, біздің мешіттерде жиналып, бір адам ортақ дұға жасайды. Осында әр адам бөлек дұға жасап тұрады. Индивидуализмді тіпті осы жерден де көруге болады.
#ramadan2023
Төребек Бекбаев: шартсыз өмір, сезімдерді жеткізу, сұрақ қою өнері / Narikbi LIVE #62
Бүгін подкаст қонағы белгілі психолог - Төребек Бекбаев. Бұл подкастта біз шартсыз өмір сүру, ата-анамен қарым қатынас, сезімдерді түсіну және т.б. көптеген тақырыптарды қозғадық. Қарап, пікір қалдырып, достарыңызбен бөлісіп қойыңыздар.
https://youtu.be/jqkvrWKb50I
https://youtu.be/jqkvrWKb50I
https://youtu.be/jqkvrWKb50I
00:00 Тизер
01:30 Төребек Бекбаев кім?
06:00 Құл-Патша концепциясы
12:05 Рамазанға сыйлық
13:20 Сезімдерді оқу
17:00 Ойлану қашан құлшылық болады?
19:30 Не үшін өмір сүріп жүргенімізді білмесек?
21:00 Тура жолды қалай табамыз?
23:30 Біз қалай ренжиміз?
30:00 Шарт қою қайдан басталады?
34:20 Шартсыз махаббат қандай?
38:20 Сұрақтар қоюдың маңыздылығы
45:30 Детский травма туралы
57:00 Салыстыру, күшті ортада өсу
58:30 Осы ойлар қалай келеді?
1:01:00 Нәпсі деңгейлері
1:09:30 Гельштат терапия жайлы
1:18:21 Блиц!
Ramadan x Nauryz
Бүгін бір қызық күн болды. Наурыз мерекесі мен Қасиетті Рамазан айы бір күнде басталып жатыр екен. Өте ғажап бір құбылыс.
Жұмыста менің командамда 4 араб ұлтының өкілі бар. Кеше офиста жүргенде олар маған келіп "Ramadan Careem!" деп құттықтап өз жоспарларымен бөлісті. Сөзсіз, араб елдері үшін Рамазан тіпті ерекше мереке.
Ал түркі халқының өкілдері бір бірін наурызбен құттықтап жүр. Наурыздың да біздің өмірде бөлек орны бар мереке екені белгілі ғой. Оның ішінде иран халқы да бар.
Қызығы, оны көрген менің еуропалық әріптестерім таң қалады. Біреуі: қалай бір ай бойы тамақ жемей жүре беруге болады? - десе, басқасы: Наурызда қандай тағамдар дайындайсыңдар? - деп қызығады.
Байқағаным, біздің мәдениетіміз батыс елдеріне әлі де үлкен жұмбақ екен. Көшпелі әрі мұсылмандық құндылықтар тоғызқан біз ел үшін осыны әдемі түрде жеткізе білу маңызды.
Сол үшін кейде өзімді қазақ халқының елшісі секілді сезем. Өте жауапкершілігі мол іс ол. Олар сені қалай таныса, бүкіл елді де солай танитын болады. Әрқайсысымыз осындай ұстанымда болсақ, еліміз де әлем жаңа қырынан тағып қалар.
Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтадым. Ал, күннің батуы мен айдың тууымен келіп жеткен Қасиетті Рамазан айы барша мұсылған қауымы үшін жемісті әрі берекелі болғай.
ChatGPT
Қазіргі ең хайп тақырыптардың бірі осы ChatGPT шығар. Бұл AI технологиясының индустрияны біраз өзгертетіні сөзсіз. Көп компаниялар өздерінің приоритеттерін өзгертуде. Біздің компания да солардың қатарында.
Осыған байланысты адамдар көбіне, бұл біздің жұмыстарымызды алып қоймай ма? жұмыссыз қалмаймыз ба? - деп сұрап жатады. Шын айтсам, бұл сұрақтардың жауабын әлі ешкім білмейді.
Алайда, маған қызық жері мынау. ChatGPT-ға қандай сұрақ қойсаң, сондай жауап аласың. Яғни, сұрағың қаншалықты сапалы әрі терең болса, сәйкесінше сондай тұшымды жауап ала аласың. Бұл кері қарай да жұмыс істейді. Түсініксіз сұраққа, тура сондай түсініксіз жауап аласың.
Бұл бір қағидаға алып келеді. Біз сұрақты қояды білуіміз керек. Ал бұл - өте оңай емес жұмыс. Тіпті, қазір батыс нарығындағы компаниялар ChatGPT Prompter деген позицияны, яғни ChatGPT-ге дұрыс сұрақ қоя алатын адамдарды іздеуде.
Ойланып қараңызшы, технология қанша дамыса да, біз дұрыс сұрақ қоя алмасақ, бұдан еш пайда жоқ. Дұрыс сұрақ қойған адам, жауаптың 90% біледі деп айтады ғой. Тіпті, Құранда Ибрахим және басқа да пайғамбарлардың өз қауымына дұрыс сұрақ қою арқылы ойландырғаны келтірілген.
Ал бізге дұрыс сұрақ қою неге маңызды? Өйткені, дұрыс және нақты сұрақтарды тек өзі ізденісте жүрген адам ғана қоя алады. Сол үшін, жұмыссыз қалмас үшін, бізге әрқашан ізденісте жүру қажет.
Бұл бұрыннан келе жатқан қағида болса да, 2023 жылы өте өзекті болып тұр. Айтарым осы.
🎧 Подкаст тыңдау үшін төмендегі сілтемелерден өтіңіз 👇🏻
Apple Podcasts - https://apple.co/384PlgX
Google Podcasts - https://cutt.ly/nQ5X61g
Яндекс Музыка - https://cutt.ly/dQ5CwF9
Spotify - https://cutt.ly/DQ5CrcM
Castbox - https://cutt.ly/xQ5CtAh
Stitcher - https://cutt.ly/2Q5CpR1
Сайт арқылы тыңдау - http://narikbi.podbean.com
Достар, мен көбіне танымал адамға қарағанда біздің көпшілік білмейтін, танымайтын, алайда көп еңбекпен үлкен жетістіктерге жетіп жүрген отандастарымызды таныстырғым келеді. Бірақ, өкінішке орай ол подкасттарым көп қаралым жинамай жатады. Сол үшін осы шығарылымды қолдап, мүмкін болса достарыңызбен бөлісуді сұраймын. Көп рақмет!
Читать полностью…Apple-да істейтін алғашқы қазақ, ChatGPT vs Google / Тамирлан Сейдахметов / Narikbi LIVE #65
Бүгінгі подкаст IT саласының білікті маманы, Apple компаниясында жұмыс істейтін Тамирлан Сейдахметов досымызбен сұхбат жасадық. Тамирлан Stanford University және Nazarbayev University түлегі. Осы подкастымызда әлемді өзгертетін жасанды интеллект, ChatGPT және т.б. технологиялар туралы сөйлестік. Тараздың қарапайым баласының Apple компаниясында жұмыс істеу жолын тыңдайық.
https://youtu.be/_jyBo__UyH0
Color grading
Біз соңғы кездері Жасанды Интелекттің (AI) революциясын көрудеміз. ChatGPT-дің берген жауаптарымен таң қаламыз. Midjourney салып берген суреттеріне қарап сүйсінеміз. Расымен, бұл бір жаңа технологиялар үлкен өзгеріс алып келері сөзсіз.
Бүгін жұмаға бара жатыр мынадай бір ой келді. Біз подкаст түсіруде кәсіби камераларды қолдануға тырысамыз. Олардың бір ерекшелігі - түстерді жеткізе алу қабілеті. Камераның деңгейі өскен сайын түстерді де көп көре бастайды. Ал оның түс жеткізе алатын қабілетіен ашу үшін біз видеоны түссіз, боялмаған форматта түсіреміз.
Яғни, видеода нақты бір түс болмайды. Ол түстерді біз кейін монтаж үстінде "бояймыз". Сонда, түстер ашылып, қанық әрі көзге ұнамды болады. Негізі, оны ағылшынша color grading деп те атайды. Ютубтан іздеп көрсеңіз болады. Бұл оңай жұмыс емес. Үлкен жобаларда онымен айналысатын бөлек мамандар болады.
Әдетте, сіз айфонға видео түсірсеңіз осы color grading-ті телефоныңыз өзі жасайды. Яғни, операциондық жүйе осы түсті дәл осылай көрді деген сөз. Сол үшін де әр телефон видеоны әрқалай түсіреді. Кейбірі суық түсті, кейбірі жылы түсті болады дегендей.
Енді бізге қарайықшы. Біздің көзіміз бен миымыз осы color grading-ді өзі жасайды. Көз қоршаған ортадан ақпаратты қабылдап, миымыз қорытып, бояп, бізге әдемі суретті лезде береді. Ешқашан, ешқандай камера мен жасанды интеллект сіздің көзіңіз көретін сурет пен түстерді бере алмайды. Ол мүмкін емес.
Өйткені, оны бір дизайнер, программист, инженерлер емес, Құдай Тағаланың өзі жасаған. Міні жоқ. Осыны ойланып, біз неге сонша ChatGPT-ге таң қалып, осы құдыретке таң қалмаймыз? - деген ой келді бүгін.
Ойланған адамға әрбір затта Жаратушының қалдырған іздері мен дәлелдері бар дейді ғой. Соны көре білетін көз керек, әрине. Сол үшін шығар Құранда: "Көздер соқыр емес - алайда кеудедегі жүректер!" (Хадж сүресі 46 аят) деп айтылған.
Жұмадағы тілегім - бастысы, жүректеріміз соқыр болмасын. Амин.
Кішкене әзілден болсын. Мынаны Амазоннан тауып алдым. Еуропалықтар әлі де Рамазанның толық мағынасын түсінбеді ау дейм.
Сілтеме: https://a.co/d/66qXCLU
Overcommitment
Тайм менеджментте біз көбіне уақытты тиімді қолдану деп түсінеміз. Ол дұрыс, алайда бұл оның бір-ақ тұсы ғана. Жалпы, тиімділік - ол мақсат емес, құрал деп қана түсіну қажет.
Ал негізгі мақсат - ол бір нәтижеге жету. Егер сіз ешқандай тайм менеджмент, agile, помодоро, т.б секілді құралдарсыз жақсы нәтижеге жетіп жатсаңыз, онда сізге олардың қажеті де жоқ шығар.
Бұл жердегі ең маңыздысы - дұрыс мақсат қоя білу. Қызығы, біз ең көбіне осы жерден шалынамыз. Сіз өте тиімді жұмыс істеп, мақсатты дұрыс қоя алмасаңыз, жұмысыңыз зая кетуі мүмкін.
Айтайық, сіз дұрыс мақсат қойдыңыз. Бірақ, 24 сағат күніңіздің қанша сағатын осыған арнамақшысыз? Егер 8 сағат ұйқыға кетеді деп алсақ, 16 сағат қалды. Жұмыс істесеңіз оның 8 сағаты жұмысқа кетеді.
Спорт - 1,5 сағат, ағышлын үйрену 1 сағат, Құран оқу 30 мин делік. Әлі де 5 сағат бар. Отбасымен уақыт өткіземіз (кешкі ас) - 2 сағат. Тағы, сіз жаңадан жұмысыңызға байланысты 2 курс оқуыңыз керек. Әрқайсысына 2 сағаттан керек.
Байқадыңыз ба, біз 24 сағаттан асып кеттік. Біз тағы әлеуметтік желіні (insta, tiktok, youtube), жолдағы кептелісті қоспадық. Осыны overcommitment, яғни шектен тыс міндеттеме деп айтады. Логикалық тұрғыда бұл өте қызық. Адам бұлай жұмыс істей алмайтыны сөзсіз.
Алайда, осындай міндеттемелер алып, барлық уақытыңызды осылай бөліп тастағанда сізде бос уақыт қалмайды. Ал адам баласы сол бос уақытты іздей бастайды. Осылайша, біраз уақыттан кейін артық заттар өз өздері ақ жолдан түсіп қалады.
Мысалы, жұмыстағы бір курс артық екен, спортқа 1 сағат бөлсек жетеді, ағылшынды бір деңгейге жеткенде 30 мин уақыт қана керек екен. Яғни, бұл техника арқылы сіз өзіңізге нақты керек 2-3 мақсатты тауып алып, қалғандарын "смело" тастай аласыз. Ал, бос уақытты жейтін заттар мүлдем уақыт қалмайды, осылай прокастинацияны да жеңуге болады.
Бұны ағылшынша prioritization, яғни маңыздылықты анықтау дейді. Осы методты мысалы біздің компьютердегі операционкамыз қолданады. Ол өз қарамағындағы барлық жадыны барлық процесстерді бөліп, артық ештеңеге жетпей қалатындай етіп қалдырмайды. Кейін приориттерге байланысты, керек емес процесстерді "тастап" жібереді.
Сіз де осылай overcommitment жасап көріңіз. Ойдағы барлық мақсаттарыңызды қағазға түсіріп, күніге уақыт бөліп тастаңыз. 24 сағаттан асырып жіберіңіз де, бастаңыз. Нәтижесімен, бөлісіп қойыңыз)
Іске сәт.
Күні кеше Оскар өтіп, осы кино барлық номинацияларды ұтты десе болады. Өзім де солай ойлап едім. Ұтпаса - кино әлеміне әділетсіздік болар еді.
Әлі көрмесеңіздер, көруге кеңес беремін. Өзім де қайта қарағым келіп жүр осыны.
Айтпақшы, мүмкін болса түп нұсқада, яғни ағылшынша қараңыздар. Басқаша experience аласыздар.