Black, black man
Осы жолы Эйр Астанамен ұшып келгенде ұшақтағы отандық фильмдерді көргім келді.
Бірге келген досым “Черный, черный человек” қара деп ұсыныс айтты. Жақсы деп көре бастадым.
Қостым. Бірінші минутынан бастап басқа әлемге кіріп кеткендей болдым. Фильмдегі оқиға, кейіпкерлер, ең бастысы - сурет (картинка) керемет жеткізілген.
Диалогтар өте аз. Адамдардың істері ақ сөйлейді. Біраз адамға фильм ауыр болып көрінуі мүмкін. Біршамасына түсініксіз болуы мүмкін.
Алайда әсер беретіні сөзсіз. Соңғы жылдары түсірілген отандық киноның үздігі деп есептеймін. Көруге кеңес беремін.
Нәрікбидің ойынша Қазақстандық фильмдердің рейтінгі (КСРО фильмдері алмағанда):
1. Черный, черный человек
2. Рэкитир
3. Жау жүрек мың бала
4. Шоқай
5. Құнанбай
Ал сіздің рейтингіңіз қандай?
Бұл әдістің бір жақсы тұсы - кез келген іске келе береді. Осымен тіпті кітап та оқуға болады (мен істеп көргем).
Балаңыз болса, үй жұмысын помодоро арқылы жасатуға болады. Үй жинаса да болады. Тек қолдану керек.
Помодоро әдісі туралы толығырақ:
- https://lifehacker.ru/all-about-pomodoro/
- https://habr.com/ru/company/smartprogress/blog/295274/
Ал, мен қайттым Еуропаға.
Алла қаласа ертең сол жақтан суреттермен бөлісермін.
Бәріңізді құшақтадым 🤗
Кітап конкурсының жеңімпазы - Ақниет ханым.
Ақтөбе қаласының тумасы. 22 жаста. Қазір Асфендияров атындағы медицина университетінде 5 курс оқып жатыр.
Болашақ онколог дәрігер. Қазақстандағы онкология саласын дамытқысы келеді. Қатерлі ісік аурулары (рак) біздің елде ең таралған сырқаттардың бірі дейді.
Бірден бір себеп адамдардың эмоциялық жағдайы. Депрессия, апатия және т.б. Психологтарға жиі барып тұру керек дейді.
Біздің подкастты жаздан бері тыңдап келеді. Ең бірінші тыңдаған эпизоды Мағжан Қайранбаймен болған шығарылым.
Шамиль Аляутдиновтың осы бір кітабы бұйырып тұр екен. Солай.
Ал бірінші келген жігіт - Нұрсұлтан. Осындай кітап бұйырды.
Нұреке ветеринария бойынша сабақ береді екен. Бойдақ. 25 жаста. Қызылорданың тумасы.
Бос кезінде сурет салуды ұнатады екен.
Тайм-кодтар:
00:00 Жыныстық тәрбие жайлы
03:00 Надандық проблемасы
06:30 Карантиндегі ажырасу
10:50 Даниярдың отбасындағы ковид және дәрі іздеу
17:00 Өмірден сабақ алу туралы және анализ жасау
21:00 Дұрыс сұрақ қою өнері
23:30 Инклюзивті коммуникация, ағылшын тілі және Бродский
27:30 ЛГБТ-ға көзқарас және гей парадтар
32:00 "Чернобыль"-дегі жағдай
35:00 Окно Овертона және пропаганда
42:00 Қабылдау және Ninety one туралы
45:30 i-Generation және бірінші айфон
49:00 Фаст-фуд контент және жастар
52:00 Travis Scott x Nike
57:20 Gap year, Yale University және шектеулер
01:05:00 Революция vs. эволюция және Лукашенко
01:09:30 Қазақты қандай идея біріктіреді?
01:14:00 Дұнғандардың проблемасы қандай?
01:19:00 Қазақ деп кімді атау керек?
01:21:30 Standup және мемлекеттік даму
01:25:30 Қырғыздардың пабликтары және метискалар
01:27:00 Келесі буын және олимпиадалар
01:30:00 2021 жылға тілек
@narikbi_live
Достар,
Мен гив пен конкурстарды ұнатпайтын едім.
Бірақ, кеше инста тікелей эфирде оқырмандарым кітап сыйлауға көндірді.
Сонымен, Mazmundama атты отандық баспамен бірге 6 кітап сыйлағымыз келіп отыр.
Шарттары осы постта жазылған.
Ал, сәттілік 😉
https://www.instagram.com/p/CJlFZJlnwRx/?igshid=1kcqerl7tvypm
Нәтижеге асығу
Бүгін жаңа 2021 жылдың екінші күні. Бұл уақыт жоспар құру үшін керемет сәт.
Мен осыны жыл сайын істейтін едім. Бірақ, соңғы кездері бұл маған еш көмегін бермеді. Себебі, жыл басында құрылатын жоспар жыл соңына дейін өзгеріп кететін.
Сондықтан қазір тек 3-6 айға ғана жоспар құратын болдым. Бұны басқаша OKR (Objectives and Key Results) деп атайды. Осы жайлы кейінірек айта жатармын.
Тағы себеп, мен өте шыдамсыз адаммын. Бір нәрсе қаласам бірденен істеп, нәтижесін көргім келеді. Бүгін қаласам, ертең көруді қалаймын. Осы қасиетім үшін талай таяқ жедім.
Нәтижеге қатты асығудың бірнеше проблемасы бар. Мысалы, бақтағы алма ағашы уақытынан ерте пісіп қойса, ертең дала суығанда үсіп, бар жемісінен құр қаласыз. Немесе, қаланың барлық көліктері бір мезетте сіз салған көпірден өтетін болса, көпір ұзаққа шыдамайды.
Бізден мұсылман адам ретінде екі зат талап етіледі - дұға мен амал. Бұл таяқтың екі басы секілді. Біз дұға еткенде ісіміздің нәтижелі болғанын сұраймыз. Бірақ, оның орындалу уақытын бір Аллаға шешеді емес пе.
Кейде барлық амалды орындап, нәтиже көрмей жатсақ, оның уақыты келмеді деген сөз де болуы мүмкін. Ағылшын тілінде timing деген жақсы сөз бар. Мағынасы - нәтижеге әсер ету үшін дәл, оңтайлы таңдалған уақыт.
Яғни, кейбір кездері біздің жоспарымыздың timing-гі дұрыс болмай ісіміз жүрмей жатады. Немесе өзіміз де соған дайын болмаймыз.
Тағы екі мысал.
1. Бір жас студент жігіт экзамен жақсы тапсырып, шетелдік стажировка алғысы келеді. Тура солай, басқа студент те соған өтуді шын жүрекпен қалайды. Әділ сайыстың ішінде бірінші болған студент соған лайық болса, екінші орын алған адам еш өкінбеуі қажет. Уақыт келмеді деген сөз. Оқудың мақсаты бірінші болу емес, білім алу ғой.
2. Бір жас маман қатты бастық болғысы келеді. Бірақ, бұл қалауының астында өзін не күтіп тұрғанын өзі білмейді. Бастық болу оны қаншалықты бақытты қылады? Бұрын оның жалғыз бастығы болса, енді оның үстінен қарайтын адамдар көбейіп кетті. Депутаттар, генеральный директор, әкімдер оған нұсқау жасайды. Бұрын ол кешке отбасысына уақыт бөліп жүрсе, қазір балаларының түрін де көрмейді. Бос уақыты қалмайды.
Соңғы кейс әсіресе қызық. Қазақта бәрі бастық болғысы келеді ғой.
Айтарым, жоспар құрып жатсаңыз, амалын жасап, нәтижеге сабырлы болыңыз. Алла Тағала өзі дұрыс timing таңдап береді сізге.
Худ сүресінде: "Сабыр ет. Расында Алла, жақсылық істеушілердің еңбегін жоймайды" демекші, амал етіп, нәтижеге асықпай, сабырлы болайық.
Қысқасы, нәтижеге асықпаңыз.
StudPocast
Жақында Ерқанат атты оқырман біздің подкастты тыңдап шабыт алып, өзі подкаст жасап жатқанын жазды.
Подкасттың аты қызық екен - StudPodcast. Яғни, студенттерге арналып жасалған подкаст. Меніңше, керемет бастама.
Өйткені, студенттік шақта адамның негізгі құндылықтары мен мақсаттары айқындалады. Бұл алтын уақытты бос өткізіп жатқан адам қаншама.
Қызығы, Ерқанаттың өзі студент емес. Сол өткен уақытты саралап, студенттерге көмектестісі келеді екен.
Сонымен, Ерқанат маған қонақ болуға шақырды. Мен көп ойланастан келістім. Подкаст қызық болды деген ойдамын.
Өзімнің студенттік өмірім жайлы, алған сабақтарым, бірінші жұмысым және т.б жайлы әңгімелестік .
Байқамай әңгімеміз 2 сағатқа созылып кетіпті. Сондықтан, 2 бөлімге бөліп қойыпты.
Бірінші бөлімін тыңдаймын десеңіздер, сілтеме осы: /channel/studhacker1/224
Менің таймерім осы. Кухняға арналған тауар сататын дүкеннен тауып алғанмын. #кеңес
Читать полностью…SMM
Салем достар,
Аллаға шүкір біздің подкаст бір жылдың ішінде біраз жетістіктерге жетті. Подкаст бірнеше рет топ 5 кірді. Қазақша аудио контенттің көшін бастап тұрмыз.
Сандарға келсек, көп подкасттар өздерінің тыңдалымдарын жариялай бермейді. Мен сіздермен өте ашықпын. 23 эпизодты 50 мың астам рет тыңдапты. Сонда бір эпизодты шамамен 2200 рет тыңдайды екен. Подкаст үшін өте жақсы көрсеткіш асылында.
Бірақ, мен бұл санды кемі екі есе көбейткім келеді. Яғни, әр эпизодтың кемінде 5 мың, орташа 10 мың тыңдалып жинағанды қалаймын. Оны қалай жасаймыз?
Көбіңіз мүмкін подкастты инста парақша арқылы тауып алдыңыздар. Бізде қазір инстада 2800 астам, ал телеграмда 3500 астам оқырман бар екен.
Бұл инста парақша мен телеграм канал подкастқа қатты көмегін тигізіп келеді. Сіздерге көп рақмет.
Осы жылы мақсаттардың бірі оқырман санын екі платформада да 10 мыңнан асыру. Яғни, кемі инстада 10к, телеграм каналда 10к. Бұл көп те емес, аз да емес.
Бүгін ондайға накрутка мен гив жасау арқылы оңай жетуге болады. Алайда, маған сіз секілді подкастты сүйіп тыңдайтын, саналы оқырмандар қажет. Оларды ешқандай гивпен сатып алмайсың ғой.
Бірақ, оларды сапалы контентпен табуға болады.
Подкаст маған бір стартап секілді. Бәрін өзім жасаймын: қонақ шақыру, сценарий жасау, дыбыс жазу, монтаж, SMM. Көргеніңіздей бір өзіме жұмыс тым көп. Жоқ, мен сіздерге шағынып жатқаным жоқ.
Мен сапалы контент жасағым келеді. Алайда, жалғыз өзім оны жасай алмаймын. Маған сіздердің көмегіңіз қажет.
Қысқаша айтсам, мен осы подкасттың негізінде сапалы контент материалдар шығарғым келеді. Яғни, қонақтың айтқан сөздері, кітаптары мен ойларын текстпен инста, телеграм парақшаларымызға тұрақты түрде салып отыру.
Одан бөлек, қызық аудио үзінділерді пост және стористерге шығарып тұру. Әрине, көзге жағымды әдемі дизайнмен.
Осыған орай, мен біздің подкастты үзбей тыңдап жүретін SMM маманды іздеп жатырмын. Айтқандай, қиын іс емес, негізгі жұмыспен қатар алуға болады.
Әрине ақылы жұмыс, көп беремін деп айта алмаймын. Өйткені, подкаст маған еш қаражат әкелмейді, тек шығын ғана 😄
Сонымен, егер сіз:
- SMM айналысқан тәжірибеңіз болса
- Біздің подкастты тыңдап жүрсеңіз
- Қазақ/орыс тілді контентті жасай алсаңыз
маған @narikbi жазыңыздар. Хатыңызда тәжірибеңіз жайлы жазсаңыз тіпті керемет.
Сіз ол адам болмасаңыз да, керек адамдарға таратып жіберсеңіз нұр үстіне нұр болар еді.
Көп рақмет,
Нәрікби
Айтпақшы, Рютте мырзаның тағы бір қызығы - оның великке құмарлығы. Бұл басқа голландықтар секілді жұмысқа тек великпен барады.
Осы жолы да жұмыстан велигімен қайтыпты. Бұлардың қарапайымдылығы расымен таң қалдырады.
Holland news
Сонымен, мен Амстердамдамын. Соңғы үш айда Қазақстандағы өміріме қатты үйреніп қалыппын. Қайтадан бұрынғы өміріме келіп жатырмын.
Бүгін Нидерланды мемлекеті үшін маңызды оқиға орын алды. Премьер министр және оның командасы отставкаға кетті. Өз еркімен.
Кішкене контекст бере кетейін. Нидерланды - парламенттік мемлекет. Оның үстіне монархияның да элементтері бар. Ви́ллем-Алекса́ндр атты корольі бар. Корольдің қаншалықты мемлекетте саяси күші бар екенін білмедім.
Негізгі басқарушы күш - парламент. Бүгінгі күнге дейін оны басқарған Марк Рютте атты премьер министр. Сырттай өте харизмаға толы кісі болып көрінеді маған.
Осы корона басталғалы бері Рюттенің пресс конференцияларын қарай бастадым. Голланд тілінде түк түсінбесем де қызық болатын. Журналисттер сұрақ қойып әйтеуір қығу талқылау болып тұрады.
Нидерланды елі соңғы жылдары жақсы дамуына қарамастан, депутаттар үкіметтің жұмысына разы болмады. Карантин үшін шағын-орта бизнес те біраз қиындық көріп жатыр. Мен білетін ресторан мен дүкендердің біразы жабылды.
Бірақ, кетудің себебі бұл емес. 2012 жылы бір тексерулердің нәтижесінде балаларға беру керек төлем ақының алаяқ деп танылған отбасыларға берілмегені анықталды. Негізгі себеп, олардың қос азаматтық (двойное гражданство) болған екен. Бірақ, бұл алаяқтық емес деп шыққан отбасылар осыны дәлелдеп шығады. Шамамен 20000 отбасы төлем ақысыз қалады.
2020 жылы осы ақпараттың бәрі жария болып, мемлекетте шу шығады. Ақыры, Рютте және оның командасының өз еркімен отставкаға кетуіне себеп болды.
Мені бұл оқиға қатты таң қалдырды. Біздің елде балаларға төлем ақы түгіл, кәдімгі жалақы да дұрыс төленбейді ғой.
Голландықтар секілді ақысы желінген адам үшін үкіметті отставкаға жіберетін болсақ, бізде бірде бір үкімет қалмайды ау. Бірақ, оған жауапкершілік алатын үкімет қайдан табасың..
Менің арманым да осы. Бізге адам ақысы осы голландықтарға секілді қымбат зат болса ғой.
Бұл қоғамда көп дүние дұрысталар еді.
Топ 1.
Қазақ тілді подкаст Apple Podcast бірінші орында. Біз планканы өте жоғары қойдық. Енді осыны ары қарай да ұстауға тырысамыз.
Көп рақмет ❤️
Шын жүрекпен,
Нәрікби
Алматылық оқырмандарға,
Осында келгелі көбіңізбен кездесе алмадым.
Кейде уақыт болмады, кейде жағдай болмады. Шыны керек вирус үшін де көп адам жиналғанын қаламадым.
Бірақ, кездескілеріңіз келсе қазір сағат 15:00 Сатпаев бойындағы Тюбетейкада боламын бұйырса.
Бірінші келген адамға менен сыйлық 🎁
Достар,
Сіздерден кішігірім өтініш,
Инстаграм стористарыңызға осы екі видео салып, бізді белгілеп қойсаңыз керемет болушы еді.
Қазақ тілді контентті Podcast рейтингінде 1 орынға бірге шығарайық.
Рахмет ❤️
🎙Talk #2 (Daniyar, Narikbi): 2020 бізге не берді?
Салем құрметті тыңдарман,
Біздің подкастта жаңа #Talk айдары шықты. Бұл форматта біз өзекті тақырыптарды бірге талқылауға тырысамыз.
2020 жыл көбімізге ерекше жыл болғаны сөзсіз. Бұл эпизодта Данияр Жігітбек екеуіміз жыл қорытындыларын, түйген ойларымызбен бөлісуге тырыстық.
Эпизодтың екінші бөлімінде:
🔻 Діни және жыныстық тәрбие
🔻 Карантиндегі отбасылық проблемалар
🔻 Инклюзивтілік және коммуникация
🔻 Қазақты біріктіре алатын идеялар
🔻 Жаңа буын адамдарымен қарым-қатынас
Даниярдың парақшасы:
https://instagram.com/dzhigitbek
/channel/dzhigitbek
Біздің парақшамыз:
https://instagram.com/narikbi.live
/channel/narikbi_live
Минута славы
Әуелі Алла, кейін сіздердің арқаларыңызда біздің подкаст Қазақстан бойынша 2 орында. Ал соңғы эпизод 7 орында екен.
Қазақ тілді контент үшін бұл керемет көрсеткіш.
Сіздерге көп рақмет!