Ұларбек Нұрғалымұлының "Дайағашшы" деген кітабында "Ниет" деген әдемі әңгіме бар екен. Ұнап қалды. Мастрид.
***
Ниет
Біздің үйдің төржайлаудағы жұрты тоғыз жолдың торабында еді. Арлы-берлі көшкен жұрт түйелерін демалтып, өздерінің шөлін басып сапырылысып жататын. Қысқасы, күндіз-түні қонақ. Шәугім оттан түспейтін.
Бір күні сондай қонақтардың үш-төртеуі сау ете қалды. Аттан түсіп, айылын босатып мамағашқа шылбыр іліп, қамшыларының ұшы жер сыза үйге беттеген. Апыл-ғұпыл шайдың қамы. Аман-сәлем аяқтай бере ішіндегі егделеу біреуі шешеме: «Жүрісіміз суыт еді, аттың белін суытқалы түстік, шайыңды тездетіп жіберсең, қарағым» деді. «Иә, иә» деп елпеңдей жөнелдік. Бір кезде қарасам, анам шәугімге суық су құйып жатыр. Таңғалдым. Даладағы ошақта қара қазандағы қара су бұрқ-сарқ қайнап жатқан болатын. Ұмытып кеткен болды ғой деген оймен «Далада қайнап тұрған су бар ғой» дедім. Анам ештеңе деген жоқ. Бір кезде тағы да айттым. Сол кезде жаныма жақындай келіп қонақтарға естіртпей, «Ол кір жуам деп қайнатқан су» деді. Үндемедім. Бірақ түсінбедім. «Болса не бопты?» Ары ойланып, бері ойланып жіп таға алмадым.
Дөңгелек кесенің түбін бес саусағының ұшына қондыра отырып соза сораптап шайға қанған жолаушылар аттанып кетті. Әлгі сұрақ ақылға әлі батып тұр. Мән-жайын сұрадым. Ыдысын жия жүріп жауап берген анам: «Бір нәрсеге ниеттеніп қойған кезде-ақ сен сол жұмыстың үстіндесің. Кір жууға деп құйылған суды шайға пайдалануға болмайды. Ол кір жуатын ыдысқа құймай-ақ кірдің суы болып кеткен» дейді. «А-а-а» дедім де қойдым.
Бір досы әкемнен қоңыр құнанды сұрап келгенде әкем: «Оны бір жиенге берем деп ниет етіп, іштей атап қойып ем» дегені есіме түсті. Анау «Болмаса атқа ауысыңыз» деп қоймай сұрайды. Сонда әкемнің: «Оған әлі айтпаған болсам да атап қойдым, ол енді соның малы, тіпті болмаса сол жиеннің өзінен сұрарсың» дегені де ап-анық есімде.
Бұл не, сірә? «Амалдар ниетке байланысты» деген Алла тарапынан айтылған ұлы қағида қазекемнің тұрмыс-тіршілік, туабітті болмысына осылайша сіңіп кеткен екен-ау.
Біреуге іштей беріп қойған дүниесін (ол білмесе де), енді біреуге беруді қиянат көретін қазағымның осындай асыл болмысын бұл күнде кімге айтып түсіндіре аласың?..
"Дайағашшы", Ұларбек Нұрғалымұлы
Тоғызыншы симфония десе еске "тоғызыншы симфония синдромы" жәйлі әңгімелер түседі. Шын-жалғанын парықтап, ақ-қарасын айыруға сұқтанып көрмеппін. Негізі қызық. Бұл жәйлі Бетховеннен тартып айтуға тура келеді. 1827 жылы әлемге әйгілі тоғызыншы симфониясын жазып болған соң көп өтпей көз жұмды. Іле-шала бір жылдан соң Шуберт те тоғызыншы симфонясын жазып болып, о дүниеге аттанып кете барған. Қатысты ма, қатыссыз ба кім білсін, Бетховен ауруханада жатқанда Шуберт көңілін сұрап барған екен.
Содан жарты ғасыр өтіп, жұрт тоғызыншы симфонияның қарғысын естен шығара бастаған кезде, Аустрияның ұлы композиторының бірі Антон Брукнер (Anton Bruckner) де өзінің тоғызыншы симфониясының қолжазбасын аяқтай сала, ғұмыры аяқталды.
Осыдан кейін-ақ, классикалық музыка жасампаздығымен шұғылданатындар абайлауға мәжбүр бола бастайды. Көбінесе қулық жасап қарғыс дұғасынан да, Әзірейілден де бұлтарып кетудің қамын істейді. Мәселен, чех композиторы Антонин Леоплод Двоак (antonin leoplod Dvoak) Өзінің тоғызыншы симфонясына "номер бесінші" деп есім қойып жарялайды. Сонда да оныншы симфониясын жазудан бұрын бұрынғылар түскен жолға түсіпті. Австрияның ғажайып композиторы, дирижері Густав Малер (Gustav Mahler) де бұл қарғыстан айланып өтпек ниетте болған. Тоғызыншы симфонясына "алып жердің ұлылығы туралы жыр" деп ат қойғанымен, ол да оныншы симфониясын жазуға үлгірмеген.
Олар Әзірейілмен қалай тығылмашақ ойнаса да бәрібір еді. Өйткені, қашаннан басталып, қашаннан аяқталары белгісіз бір келісімнің қуаты өз күшін әлі жоймаған сияқты еді.
Дей тұрғанмен, Чайковский секілді композиторлардың біразы тоғызыншы симфониясын жазуға да үлгірмеген. Алтыншы симфониясына "қасірет" деп ат қойған да, он неше күннен кейін қасіретті кебінге тап болған.
Шуман, «қайта туған Моцарт» атанған Менделсондар да тоғызыншы симфонияларын жазуға орай болмай тым ерте көз жұмыпты.
Қызығы, Финландия композиторы Жеан Сибелюс (Jean Sibelius) сегізінші симфонясын аяқтаған соң, шығармашылықпен жалғасты шұғылданбауға ант ішіп, демалысқа шыққан екен. Не үшін екенін өзі білмесе, біз білмедік. 92 жас жасап, композиторлар әлеміндегі жұлдыз қария атаныпты. Олар үшін тым ұзақ ғұмыр шығар.
Әзірейіл аяушылық білдіргеннің бірі – Шостакович болса керек. Пақырың тоғызыншы симфониясын бітіріп, өлім күтіп жүргенде, Сталин қайтыс болып кетіпті. Әрине, Сталиндей Әзірейілдің өзінен құтылғасын, ана Әзірейіл бұл кісіге шынымен сыйлық жасауға тиісті де еді. Бір жағы өзі де оныншы симфонияны тыңдағысы келген шығар))
Сонымен, айфонның тоғызыншысы неге жоқ?)
Территории СССР, закрытые для посещения иностранцами.
Что же именно было запрещено посещать гражданам стран — вероятных противников?
Железные дороги:
— Северная железная дорога от Коношы до самого Архангельска (хотя сам Архангельск оставался открытым для посещения) и от Сыктывкара до Воркуты
— Октябрьская железная дорога от Питера до Кеми, что в Карелии на полпути к Мурманску.
— Транссиб от Читы до Благовещенска и чуть дальше.
Целый регионы:
— вся Прибалтика (Эстония, Латвия, Литва и Калининградская область)
— почти вся Ленинградская и Новогородская области
— западная половина Мурманской области
— Московская область
— Горьковская (Нижегородская) область
— Удмуртия
— Свердловская и Челябинская области
— Приморский край
— Камчатка и побережье Чукотки
— территория Казахстана к западу от реки Урал, а также пойма Волги (очевидно, из–за ракетного полигона Капустин Яр)
— пояс в Средней Азии от Аральского моря на западе до озер Балхаш и Зайсан на востоке вплоть до границы с Китаем (тут много чего: Байконур с территорией падения ступеней, и бактериологическая лаборатория на острове Возрождения в Аральском море, и Семипалатинский полигон)
— восточная половина Крыма и Керченский полуостров
Множество отдельных закрытых городов вокруг АЭС, военных заводов и баз, а также несколько северных городов: Хатанга, Диксон, Дудинка, Норильск, Магадан и Охотск
#history #USSR #Карта
👉—/channel/panorama_kz
Очень интересный факт.
Смотрела тут старинные карты Центральной Азии, сделанные западными картографами и заметила, что даже на карте 1940 года используется загадочное слово "Tartary", то есть Тартары, а не Татары.
Оказывается, вплоть до начала XX века в Европе для всех народов, живших от Уральских гор до Индии использовался зонтичный термин "Тартары".
Лишняя Р в названии появилась потому что Центральную Азию не особо любили со времен завоеваний Чингис Хана, поэтому специально добавили лишнюю букву, делая слово схожим с Тартар (ад в деревнегреческой мифологии) и "варвары".
Вау.
Сәлем, тартары!
Ислам пайда болғаннан кейін қалыптасқан ілімдерінің бірі-сопылық еді. Сопылық исламның мистикалық әрі аскеттік тармағы. Өздеріңізге белгілі Мәулана Руми, Қожа Ахмет Яссауи аталарымызбен бірге сопылық дәрежесіне әйелдер де жете алған. Бізге белгілісі Басра қаласынан Рабби атты сопы-әйел. Есейген шағында бір ауқаттының қолында жұмысқа жегілген екен. Күндіз үй тірлігін істеп, түнде құдайға жалбарынады екен. Бірде иесі оның құлшылығын көріп, бұндай шынайылыққа таңғалады. Құдайға деген махаббатының күштілігі сондай жүзінен нұр төгілді дейді аңыздар. Сөйтіп бай оны әулие санап, босатып, еркіне қоя беріпті.
Бірде Басра тұрғындары қызық жайтқа тап болады. Раби'а бір қолына от жағылған шырақ, бір қолына су ұстап, көшемен келе жатты. Бұның мәнісін сұраған жұрқа:
—" Қолымдағы сумен тозақ отын сөндіріп, қиналған жандарды азаптан құтқарам"-десе, ал шырақ не үшін деп сұрағандарға —"Жұмақ пен оның хор қыздарын өртеймін" — деп жауап берген екен.
P. S. Раби'аның көздегені адамдардың Құдайды еш есепсіз жақсы көруі еді. Пенденің түпкі мақсаты жұмақ емес, құдайға ыңтығу, ғашық болу. Сопылар (суфизмтер) айтады екен: "Адам аталарын бір бидайға сатып жіберген жұмаққа неге сонша құмарсыңдар?"
✍️Сізге ешкім дос та емес, жау да емес, бірақ әр адам сізге ұстаз.
✍️Никто тебе не друг, никто тебе не враг, но всякий человек тебе учитель.
Сократ (б. з. б. 469-399 жж.)
#quote #сократ
👉-/channel/panorama_kz
Италиядағы жолдардың Рим империясы заманынан күні бүгінге дейін сақталуын түсіндіретін фото.
/channel/panorama_kz
"ДІН - АПИЫН" Кеңестік кезде жиі айтылған антидіндік ұран. 1848 жылы Карл Маркстың "Гегельдің құқық философиясына сын" атты еңбегінен жұлып алынған контекст. Жалпы Маркс дінді апиынға теңеудегі мақсаты қаралау емес, діннің халық өмірінде қандай да бір үміт сәулесін сыйлайтынын меңзейді. Апиын — адамдағы ауруды, жараны жеңілдеткені сияқты, дін де сондай қызмет көрсетеді дейді Маркс. Цитатаның жалғасы: "Діни азап - бұл сонымен бірге нақты азаптың көрінісі және нақты азаптарға наразылық. Дін - бұл азапталған тіршілік иесінің, жүрексіз әлемнің жүрегі, ал жансыз жағдайлардың жаны. Бұл халықтың апиыны." Яғни дін біздің жансыз әрі қатыгез қоғамымыздың жалғыз сүйеніші. Әрине Маркс бұны 19 ғасыр реалында, капиталистік Еуропа жағдайында жазып отыр.
#quote #маркс #дін
👉—/channel/panorama_kz
Құрметтілерім, Ұлыс оң болсын!!!
Арнамыздың бірсарынды посттарының арасына "Youtube" желісінен пайдалы бейнелерді салуды жөн көрдім. Негізінен ғылыми негізі бар, ғалымдар дәрістерін, көркем кинофильмдер мен деректі бейнелермен бөлісемін! Ішіңіз пысып, өсек — аяннан жалыққан кезде, уақытыңызды пайдалы өткізіңіз! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Алғашқы видео "Equus. Store of the Horse"🐎, яғни жылқының тарихына арналған үш бөлімді құнды материал. Мен ұсынған екінші бөлімінде қазақ жеріндегі Ботай тұрағының тарихына арналған. Ботай мәдениетін ғылымға енгізген В. Зайбертпен жолыққан кезде, ботайлықтардың қазақ халқының арғы ата бабаларының бірі екенін тұжырымдады. Сондай ақ қазіргі заманмен байланыстыру мақсатында, Баян өлгейдегі қазақтардың атқа міну мәдениетін қаз қалпында сақтағаны түсірілді. Және Нұрбол Баймұханның еңбегін елемегеніміз жөн болмас. Қысқасы мың естігеннен, бір рет көрген жақсы...🤓
https://youtu.be/NAxXKwE5OyA
#history #EquusStoryofthehorse #ботай #жылқы #зайберт
👉—/channel/panorama_kz
«ҚАНДАЙ ҰЛЫ АРТИСТ ӨЛIП БАРАДЫ» — рим императо -
ры Неронның (37-89 жылдар) сөзi. Ол қолы бос кезiнде халық алдына шығып өнер көрсетедi екен. Алайда ол қатыгез жан болатын, халықтың наразылығынан қорыққан ол өзiн-өзi өлтiруге мәжбүр болады.
Рим тарихшысы Гай Транквил Светоний (шамамен 70
— 140 жылдар) «Он екi цезарьдың өмiрi» атты кiтабында былай деп жазады: «Ол бiр кiсiнi ұстап алып, көр қаздырып, дәстүр бойынша өлген адамға қойылатын заттардың барлығын алғызыпты да, өзiн өлтiруге бұйрық берiптi, Нерон өлерiнiң алдында бiрнеше рет: «Қандай ұлы артист өлiп барады» деп қайталапты.
#history #нерон #рим
👉—/channel/panorama_kz
✍️ «Титаник» суға батқанда, кемеде миллионер Джон Джейкоб Астор болған екен. Оның банктегі қаржысы дәл осындай 30 «Титаник» құрастыруға жетер еді. Ажалмен бетпе-бет келгенде ол адамдығынан айнымастан шлюпкадағы өз орнын үрейден зәресі қалмаған екі балақайға ұсыныпты.
Сол сәтте «Титаникте» Исидор Штраус болған. Америкадағы ең ірі Macy's универмагтарының иесі. Ол «Мен шлюпкаға басқа азаматтардан бұрын отырмаймын» депті. «Күйеуім бармаса, мен де бармаймын» деп зайыбы да өз орнын қызметкері Эллен Бердке беріпті. Әйелі соңғы минуттарын күйеуімен өткізуге бел байлапты. Елден ерекше бай бола тұрып, тығырыққа тірелгенде, ақшасыз қалса да, өлім аузында тұрса да адамгершіліктен айнымайтынын дәлелдеді.
Олардың адамгершіліктен аттамауы адамзат өркениетінің және адами болмыстың құндылығын асқақтатып кетті!
«Мен ажал аузындағы адамдардың соңғы сөзін көп тыңдадым. Өлер алдында адам артық миллион таппай кеттім, зәулім үй салмадым, жетістікке жетпедім демейді.
Соңғы сәтте адам жақсылық жасамай кеттім деп жылайды. Ет жақынын, кездейсоқ алдына келген адамды қолдамағанын, көмектесе алмағанын айтып жылайды» - дейді Архимандрит Тихон Шевкунов.
Адамның бойында ардың болғаны қандай керемет. Адамгершіліктен аттамай өмір сүргені қандай ғажап! Біздің арамызда осындай адамгершілік принципінен айнымайтындар көп пе? Көп шығар...
Соларды іздеңдер! Адамның адамгершілік мінезінен құнды ештеңе жоқ. Ол кез келген байлықтан артық!
📌 Елена Гончар
📌 Аударған Шынар Әбілда
📸Суретте қазіргі заманғы үлкен лайнер мен Титаник 🚢🚢🚢
#history #титаник #адамгершілік
👉—/channel/panorama_kz
Иран, Фарс провинциясы🇮🇷🇮🇷🇮🇷
Ұлы Кир зираты.🏛
Салынған мерзімі б. з. б. 6 ғасыр.
Ескерткіштегі жазба:
"Сіз кім болсаңыз да, қайдан келіп, қайда барсаңыз да, мен сіздің келетініңізді білемін, мен парсыларға патшалық құрған Кирмін. Менің денемді қоршап тұрған кішкентай жерден айырмаңыз!»
#history #archeology #ұлыкир
👉—/channel/panorama_kz
Микеланджело Меризи де Караваджио "Медуза", 1597 ж
Уффици Галереясы, Флоренция
Ежелгі грек мифологиясындағы сюжеттер барокко және Ренессанс шеберлері арасында өте танымал болды. Атақты шеберлердің назарын аударған осы мифтердің кейіпкерлерінің бірі Горгон Медузасы болды — әйелдің бетін қоршап тұрған шаштың орнына жыландары бар құбыжық. Аңыз бойынша, медузаның көзіне қараған кез-келген тіршілік иесі бірден тасқа айналды. Бұл қабілет оның жауларына мүмкіндік бермеді және Горгонды іс жүзінде жеңілмейтін етті. Тек Полидект патшаның тапсырмасын орындаған Персей құбыжықты жеңе алды: ол медузаға шабуыл жасап, оның мыс қалқанындағы көрінісіне қарап, басын кесіп тастады. Өлгеннен кейін де Медуза қауіпті екені белгілі болды: оның өлі көздері күшін жоғалтпады және кез-келген адамды тас мүсінге айналдыра алды. Караваджоның суретінен оның басы кесілген болса да, айналаға өлім таратып жатқан бейнесін көреміз.
#art #history #горгонмедуза #грекмифі #персей
👉—/channel/panorama_kz
Шешем Абайға «Сен Шәкәрімге өлең жазба деп ақыл айт» дегенде, Абай:«Шәкәрімге өлең жазба демеңіз, оны тыймаңыз. Жазсын, өзім қалай жазуды үйретемін»-деді.
«Мені Абай тәрбиеледі. Абай болмағанда мұндай болуым неғайбыл еді»,- дейтін.
@Ахат Шәкәрімұлының естелігінен.(Шәкәрім ұрпағы)
#history #абай #шәкәрім
👉-/channel/panorama_kz
Дәйексөз: Адамның өзінен артық әсем салынған сурет бар ма? Құдайдың мына дүниеге шашқан нығыметіне жетер мадақ сөзі бар ма? Адамның жүрегіне жазып қойған құдайдың ар-ұятындай шариғи кітап бар ма? Жақыны үшін жанын пида ететін адамның пейілінен артық құрбандық бар ма? Адамның шын жылаған көз жасынан артық қабыл болар құрбандық малы бар ма? Неғұрлым құдайды тар санаңнан шығарған сайын, ол күн сияқты биікке шығады. Биіктеген сайын оны анық көре аласың. Анық көрінген сайын сен оған жақындай түсесің. Жақын болған сайын оған ұқсауға тырысасың. Ұқсаудың мәні: Оның рақметін көріп, рақымды болмақ.
Л. Толстой-Сурат кофеханасы (аударған Ә.Бөкейхан)
Әйгілі композитор Дмитрий Шостаковичтің өз аузынан жазып алынған дейді*:
"... Жамбыл бір ауыз орысша білмеген. Жоқ, білген: "гонорар" деген сөзді. Оған бірдеңеге қол қоярда гонорар сұра деп үйретіп қойған. Сол кезде саған ақша береді деп.
Қағазға қол қойған сайын Жамбылдың қалтасы қампая берді. Бұл оған жақты. Дегенмен, бірде құр қалды. Оны Мәскеуге әкелген еді. Пионерлер қаумалап, автограф сұрасын. Сонда кәрің "гонорар" депті... Өлеңі емес, жай, қол қойғаным ақша тұрады деп ойлайды екен...
...Жамбылдың орнына орыс ақынсымақтарынан құралған тұтастай жасақ жұмыс істеді. Ішінде Константин Симонов та болған. Олар енді, саясаттың ауанын аңғаратын адамдар ғой. Сондықтан, ең алдымен Сталин туралы көбірек жазу керек екенін түсінді. Бірақ Ежов сияқты жандайшаптарын да ұмытпады әрине..."
_______
Волков С.М., "Свидетельство. Воспоминания Дмитрия Шостаковича". Нью-Йорк, 1979 жыл.
"Балам, жігіттерше сөйлесейік!"
Шалва Аманошвили деген кісінің мына бір әңгімесі кімді болса да ойландырмай қоймайды.
Әңгімені ол кісі былай тарқатады:
⏳
... Бесінші сынып оқитын балам анасымен керісіп қалды. Қаттырақ тіл қайтарды. Анасы жылап жіберді. Жұмыс бөлмесінде бәрін естіп отырдым.
Бұрын-соңды біздің отбасында мұндай жағдай орын алып көрмеген. Балаға қол көтерген кезіміз болған емес. Тәрбиеміздің басты құралы — сөз бен үлгілі амал ғана.
Өзім сол мезетте бала тәрбиесіне қатысты кітап жазып отырғам.
Жұртқа жөн көрсетемін, ал үйдегі өз баламның түрі мынау!
Қайтпек керек?
Бөлмеден атып шығып, шапалақпен салып жіберуге болар еді. Миына нұқып тұрып, түсіндіруге тұрар еді.
Бірақ, мен олай жасамадым. Естімеген, көрмеген кейіп таныттым.
Өйткені, адам өз қателігін саналы түрде түсініп, жауапкершілігін өзі сезінуі тиіс. Қорқытып, күш көрсету арқылы балаға жауапкершілік арқалата алмайсың.
Өктемдік танытсаң, тәрбиеге түкіре салғандай боласың.
Өйткені ол тек қорыққанынан ғана дегеніңді істейді, ар-ұятымен емес.
Сондықтан, оңды шешім қабылауды ұйғардым.
Арада екі аптаға жуық уақыт өтті. Бұл оқиға ұмытылды. Анасы да баласымен татуласып кетті. Дегенмен анасы ғой, ұмытып кетеді, шексіз сүйе біледі.
Мен баламның бөлмесіне кірдім. Үй тапсырмасын орындап отыр екен.
— Балам, не істеп отырсың?
— Тапсырманы шешіп отырмын.
— Ол маңызды тапсырма ма?
— Мен үшін түк маңызы жоқ. Мұғалімге маңызды.
— Олай болса, оны кейінге қалдыр, жүрші, сенімен әңгіме бар еді.
— Қандай әңгіме?
— Жігіттер арасындағы әңгіме.
Ол мұндайды күтпеген еді.
— Осы жерде сөйлесе беруге болмай ма?- деді ол.
— Жоқ, бұл — тек жігіттер арасындағы әңгіме.
Мен сыртқа беттедім. Балам үнсіз соңымнан еріп келеді.
Осы тұста үнсіздікпен тәрибе бергім келді.
Саябаққа дейін біраз жаяу жүріп келеміз.
Оның санасы сан-саққа кетті, білем.
"Не істеп қойдым? Қандай қателік жіберіп едім?" деп, істеген қателіктерін үнсіз ғана сарапқа сала бастады.
Жайғасып орындыққа отырдық.
— Балам, жасың қаншада?- деп әңгімені бастадым.
— Он бірде.
— Ер жетіп қалыпсың. Сенен бір ақыл сұрайын деп едім. Тек осы әңгіме екеуміздің арамызда қалсын, келістік пе? Жігіттерше әңгімелесейікші бір.
— Келістік!
— Білесің бе, жас кезімде мен бір қызға ғашық болдым. Сол қызға мен серт беріп едім:
"Сен маған тұрмысқа шықсаң, ешкімнің сені ренжітуіне жол бермеймін!" дедім. Қалай ойлайсың, дұрыс істедім бе?
— Әрине!
— Әкеші қолыңды, жарайсың! Жігіттік мінез деген осы.
— Сен ше, үйленген соң, әйеліңді біреудің ренжітуіне жол берер ме едің?
— Жоқ! Ешкімнің ренжітуіне жол бермес едім.
— Енді, менде бір қиындық туып тұрғаны. Ақылыңды қосшы, не істесем болады?
Балам сұраулы жүзімен қарады.
— Менің сүйіп қосылған әйелімді туған балам ренжітсе не істеймін?..
... Не істеу керек, өзің айтшы?
Ол үнсіз түнеріп қалды?
Не десін?
Өткендегі оқиға есіне түсіп жатыр. Басы салбырап ұзақ отырды.
Өне бойында сезімдері тулап, ары мазалап, ұяты түртіп жатқанын сездім.
Тәрбие процесінің жүріп жатқанын ұқтым.
Кенет ол:
— Ал, сен мені жазаласаңшы!- деді.
— Жазалау? Оп-оңай дүние ғой. Сол кезде- ақ жазалауға болар еді.
Егер, шынымен керек десең, өзіңді өзің жазала!
Тек, қазір маған айтшы, мұндай жағдайда мен не істеуім керек? Әйелімнің алдында қалай ақталам?
...
Тағы да үнсіздік.
Біраздан соң тіл қаттым:
— Балам, бұл жігіттер арасындағы әңгімеміз құпия қалсын. Ешкім, ешқашан білмей-ақ қойсын.
Тек, есіңде болсыншы, мен әйелімді біреудің ренжіткенін қаламаймын.
Баламды да ренжіте алмаймын.
Өтінем, мені екі оттың ортасында қалдырмашы...
... Біз осылай үйге қайттық
👉-/channel/panorama_kz
"Иса Мәсіх және күнәкар", Василий Дмитриевич Поленов
1888 ж. кенеп, май. Көлемі: 150 х 266 см.
Поленовтың жұмысындағы басты орын - "Иса Мәсіх пен күнәкар" немесе "Кім күнәсіз?"(1888), онда автор библиялық оқиғаны нақты өмірлік оқиға ретінде бейнелеуге тырысты. Картинаны жазу алдында, Иса өмір сүрген Палестина, Израиль аймақтарын аралады, олардың тұрмысы мен дәстүрлерін зерттеді. Шығысқа саяхат суретшіге библиялық әңгіменің атмосферасына, рухына еніп, суреттегі тарихи оқиғаны дәл бейнелеу үшін көп көмегі тиді.
Бұл кенептің сюжеті VIII тарауда Жоханның Інжілінде сипатталған Мәсіх пен күнәкар туралы аңыз болды. Онда былай делінген: «Иса Елеон тауына барды. Таңертең ол тағы да ғибадатханаға келді, ал бүкіл халық оған барды. Ол отырды және оларға сабақ берді. Сонда дін мұғалімдері мен фарисейлер оған азғындықпен ұсталған бір әйелді әкеліп, оны ортаға қойып, Иса Мәсіхке: Ұстаз! Бұл әйел зинаға түскен; Мұса заң бойынша бізге мұндай адамдарды таспен ұруды бұйырды, сен не айтасың? Олар мұны Оны айыптайтын нәрсе табуға азғырып, айтты. Бірақ Иса төмен қарай еңкейіп, оларға назар аудармай саусағымен жерге жазды. Олар одан сұрай бергенде, ол өзін көтеріп, оларға былай деді: «Араларыңызда күнәсіз адам болса, оған бірінші болып тас лақтырыңыз». Тағы да төмен иіліп жерге жазды. Бірақ олар мұны естіп, ар-ұжданымен сотталды, ақсақалдардан бастап соңғыларына дейін бірінен соң бірі кете бастады; Иса жалғыз қалды, ал ортада әйел. Иса көзін көтеріп, әйелден басқа ешкімді көрмей, оған: Әйел, айыптаушыларыңыз қайда? Сені ешкім айыптаған жоқ па?. Ол жауап берді: Ешкім, Ием!. Иса оған: мен сені айыптамаймын; болашақта күнәлі іске барма».
P.S. Біреудің мінін көргенше, Жамандығын тергенше,
Өз ойыңды мазалап,
Өз бойыңды тазалап,
Өзіңмен алыс өлгенше! —дейді Шәкәрім, Исаның өзі де "Не судите, и не судимы будите" дегені бар.
#art #исамәсіх #інжіл
👉—/channel/panorama_kz
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3358546130841079&id=100000571768189
Мәдениеттанушы Зира Наурызбаева (марқұм Таласбек Әсемқұлов жары) апайымыз "Шәует донорлығы мен қолдан ұрықтандыруды қазақтар ойлап тауыпты. Әйтпесе Қобыланды батыр жырының мына нұсқасындағы мына жолдарға қараңызшы" деп әзілдейді.
Жырдың 1914 жылы Қазанда шыққан бір нұсқасы екен. Қобыландының асылын өзіне "құйған" тоқсан екі жеңгесі екіқабат болып одан тоқсан екі баулы қыпшақ тараған-мыс.
👉-/channel/panorama_kz
2500 жылдық Етік!
Бұл екінші Пазырық қорғанынан табылған зат. Пазырық мәдениеті б.з. д. VI–II ғасырларда қазіргі Таулы Алтай мен Қазақстан аумағында болған. Пазырық қорғандарын қазу кезінде жануарлар мен құстардың мүсіндері, тоқыма үлгілері, соның ішінде әлемдегі ең көне түкті кілем, сондай-ақ аяқ киімнің қалдықтары табылды. Органиканың сақталу себебі, қалың мұзды тоң қабаттарының астында орналасуы. Экспонаттарды Эрмитаждан көруге болады.
#archeology #пазырық
👉/channel/panorama_kz
ЕСІМТАНУШЫ БЕРДАЛЫ ОСПАННЫҢ МҰРАҒАТЫНАН – ИЗ АРХИВА ИМЕНОЛОГА БЕРДАЛЫ ОСПАНА
«АТТИЛА» ЕСІМІНІҢ МАҒЫНАСЫ ТУРАЛЫ – О ЗНАЧЕНИИ ИМЕНИ «АТТИЛА»
Ғұндар қазақтардың бабалары. Бүгінде бұл тұжырымға ешкім қарсы келмейді. Дегенмен бір дәлел келтіруді жөн көремін. Ақын Мағжан Жұмабайұлы «Пайғамбар» атты өлеңінде:
Ерте күнде отты Күннен Гун туған,
Отты гунмен от боп ойнап мен туғам,
Жүзімді де, қысық қара көзімді
Туа сала жалынменен мен жуғам. - деп жазған. Жиырмасыншы ғасырдың басында өмір сүрген ақын ғұндар тарихын жақсы біліп, әрі жақын тұтып осы өлең жолдарын жазуы оның тарихты жақсы білгендігін нақтылайды.
Соңғы кезде ғұндардың патшасы Аттиланың есімінің мағынасы төңірегінде түрлі пікірлер айтылып жүр. Аттила - ғұн есімдерінің бүгінде ең белгілісі деуге болады. Бұрынғы кездері Атилла туралы жазған Иордан және басқа тарихшылар бұл есімді өзен атымен байланыстырады.
Қазақ арасында бұл есім Еділ деп айтылады. Еділ сөзі шынында да бұрыннан келе жатқаны белгілі. Қазақтар оны Еділ өзенінің атымен байланыстырады. ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұд Қашқари Еділ сөзіне мынадай түсінік берген: «Еділ. Қыпшақ еліндегі бір дарияның аты. Бұл дария Бұлғар теңізіне құяды. Бір тармағы орыс елінен шығып келеді. Жырда былай деп жырлаған:
Етіл сувы ақа тұрұр,
Қаиа түпі қақа тұрұр,
Балық телім бақа тұрұр,
Көлің тақы күшерү».
Бұл өлең жолдарын ғалым Асқар Егеубай байырғы түркі тілінен бүгінгі қазақ тіліне былайша аударған:
«Еділ суы ағып тұрар,
Қаиа түбін қағып тұрар,
Балық, бақа толып тұрар,
Көлің тағы тасып тұрар».
Бүгіндері пікір білдірушілер Аттила есімінің түбірі «ат» болуға тиісті десе, басқалары «аттылы» деген мағынаны білдіреді дейді. Ғалым Самат Өтенияз Аттиланың есімінің мағынасы «Отұлы» болуы мүмкін дей келе: «Дегенмен, Еділ есімінің түбірі Итил (Еділ), яғни өзенмен байланысты болғаны көңілге көбірек қонады» деп тұжырымдайды.
Мен ешкіммен пікір таластырмаймын. Дегенмен Аттила – Еділ есімі ғұн кезінен бүгінге жеткен жалғыз есім емес екенін айтқым келеді. Сондықтан бұл есімнің мағынасын бүгінгі қазаққа түсінікті Аттылы деп тұжырым жасауға асықпаған жөн сияқты. Себебі бүгінге жеткен ғұн есімдері тек Аттила есімімен шектеліп қалмайды.
Бұлай деп айту себебім, мен біраз уақыттан бері түрлі тарихи әдебиеттерден ғұн есімдерін жинастырумен айналысып жүрмін. Ғұндардың ұл есімдері мыналар: Актар, Аттила, Баламбер, Баян, Бледа, Верих, Гиюй, Денгизик, Донат, Едекон, Емназар, Ернак, Ескалма, Модэ, Михиракул, Мынзык, Одоакр, Ойварси, Онигисий, Оте, Ругила, Тораман, Туман, Уар, Ульд, Узынтура, Хелхал, Чарато, Эдекон, Эллак. Бұл тек мен жинаған есімдер. Маған белгісіз басқа да ғұн есімдері бар деп ойлаймын.
Әрине, кейбір ғұн есімдерінің бүгінгі қазақ есімдерімен үндестігі бар екені сезіледі. Бірақ көбісі қазақ есімдері түгілі қазақ сөздеріне де ұқсамайды. Демек Аттила есімін бүгінгі қазақ тілінінің ұқсастығына теліп, сыртқы түріне қарап Аттиланы Аттылы дегісі келетіндер басқа ғұн есімдерін бүгінге қалай жақындататындарын алдын ала ойлануы керек. Қалай болғанда да есім мағынасын зерттеу жұмысын тереңірек жүргізу керек.
(С) Бердалы ОСПАН. Есімтанушы.
👉—/channel/panorama_kz
#history #атилла #ғұн
Кеш жарық, оқырмандарым!!!
Өзімнің ұстазым👨🏫 әл-Фариби атындағы ҚазҰУ профессоры, т. ғ. д. Талас Омарбекұлының дәрісін тыңдауға кеңес берем. Қазақстан тәуелсіздік алғанан соң аштық мәселесін жазған алғашқы ғалымдардың бірі. Кеңес үкіметі саясатына қатысты бірнеше кітап авторы.
Тақырыбы: қазақ жеріндегі 1930-1932 жылдардағы ашаршылық жайында.
Сілтеме: https://youtu.be/r_S7_Q6I5Uk
Облетев Землю в корабле—спутнике, я увидел как прекрастна наша планета. Люди, будем хронить эту красоту, а не разрушать её!
@Ю.Гагарин
Спутник—ғарыш кемесімен жерді айналып шыққанда, мен біздің планетамыздың сұлулығын байқадым. Осы сұлулықты бұзбай, керісінше қаз —қалпында сақтауға тырысайық!
@Ю. Гагарин
#quote #гагарин #ссср
👉—/channel/panorama_kz
Колумб өз күнделіктерінде Айдың тұтылуы саяхатшыларға қалай көмектескені туралы жағдайды сипаттайды. Үш ай бойы жол жүрген Колумб командасының азық түлігі мен сусындары таусылды. Багам, Куба аралдарындағы жергілікті түрғындармен қақтығыс кезінде Колумб оларды азық-түлікпен қамтамасыз етпесе, айды аспаннан алып тастаймын деп қорқытты. Американың жергілікті халықтарының Ай, Күн және басқа аспан денелерін құдайға теңестіруі өз кезегінде теріс рөл атқарды. Колумбтың күнтізбені білуі оның пайдасына тиді. Дәл осы кезде Айдың тұтылуы орын алып, шошынған жергілікті тұрғындар «құдіретті келімсектермен» ынтымақтастық туралы шешім қабылдады.
#history #колумб #америкахалықтары #айдыңтұтылуы
👉—/channel/panorama_kz
АНАХАРСИС
Анахарсис скиф (сақ) тайпасынан шыққан. Қазіргі жыл
санауымызға дейінгі шамамен 638 жылы туып, 559 жылы қайтыс болған. Ақын, ақыл-парасатымен дүниеге даңқы шыққан данышпан, яғни ақыл-ой алыбы ретінде Солон, Фалес, Сократ, Платондармен қатар әлемдік тарихқа аты алтынмен жазылған біздің ең алғашқы бабамыз. Диоген Лаэрцийдің айтуы бойынша, Анахарсистың әкесі – Гнур, ағасы Кадуид – Скиф патшасы, анасы Эллада елінің қызы, сол себепті екі тілге жетік болады. Көсіліп шешен тілмен еркін сөйлейтіні сонша, көне грек жерінде сұңғыла ділмар адамды
“скиф сияқты сөйлейді!” деген сөз мәтел боп содан қалған.
Анахарсис скифтер мен элладалықтардың тұрмыс салты, соғыс дәстүрі туралы сегіз жүз жолдық өлең жазған. Сосикрат пен Гермипп сияқты жылнамашылардың мәліметіне сүйенсек, Анахарсис қырық сегізінші олимпияда қарсаңында Афинаға сапар шегеді. Солонның үйіне барып, есіктегі құлдың біреуін шақырып алады да,
қожайыныңа:
—Анахарсис келіп тұр, мүмкін болса, мейман боп достасқысы келеді”, – деп айт дейді. Мұны естіген Солон құлына:
—Айтып бар анаған, әркім досты өзінің отанынан іздейді, – дейді. Сонда Анахарсис қолма-қол:
—Солон өз отанында тұрған жоқ па, ендеше неге достан қашады, – деп жауап қайтарады. Тапқырлығына тәнті боп сөзден тосылған Солон оны құрметтеп күтіп, ақыр аяғында айнымас дос болады.
Тұрсынбек Сәукетай «Көне дәуір даналары» кітабынан үзінді.
#philosophy #history #анахарсис #эллада #сақтар
👉—/channel/panorama_kz
Марқұм Құдайберген Сұлтанбаев қайбір жылдары Парламент Мәжілісінің депутаты болды. Бірде Президент пен депутаттардың кездесу-әңгімелесу шарасы өткізіледі. Іштерінен Құдекеңді байқап қалған Президент, оны қасына шақырып алады.
- Еее, Құдайберген, қалайсың?
- Шүкір, шүкір жақсы ...
- Парламентте өзіңнен басқа қанша әртіс барсыңдар?
- 130-дай әртіс бар-ау ... (Ол кезде депутат саны 130).
- А?
- Парламентте, Нұреке, 130 әртіс бармыз, ішіндегі профессионалы менмін, - дегенде, Президент ішек-сілесі қатып, әрі-бері күліпті.
#history #құдайбергенсұлтанбаев
👉—/channel/panorama_kz
Хафиз деген шығыстың ұлы ақыны бір қызға өлердей ғашық болып, сол қызға сенің бетіңдегі бір қалға бүкіл Самарқанды айырбастар едім деп өлең жазыпты. Мұны оқыған Ақсақ Темір қатты ашуға мініп, менің ең сұлу қалама бетіндегі бір қалды айырбастауға тұрарлық ол қандай қыз? - деп, уәзірлеріне тез алдыма өлең арналған қызды алып келіңдер деп бұйрық беріпті. Бір кезде алдына алып келген қызға қараса, қап-қара, мұрны пұшық қыз екен. Сонда Ақсақ Темір Хафизді алдыртып, ұлы ақынға қарап:
-Уа, ақыным, менің ең сұлу қалам Самарқанды бетіндегі бір қалына айырбастаймын деген сұлуың осы ма деп, ішек - сілесі қатып күліпті. Сонда Хафиз Ақсақ Темірге қарап тұрып айткан екен:
- О, Хан ием, егер сіз ол қызға өзіңіздің емес, менің көзіммен карасаңыз, сіз осы қыздың сұлулығына тек Самарқанды ғана емес, бүкіл әлемді де айырбастап жіберер едіңіз.
P. S. Ендеше өзгелерге тек өз көзімізбен ғана қарамай, өзгелердің де көзімен қарауға ұмтылайықшы!!!
#history #хафизширази #әміртемір
👉 - /channel/panorama_kz
Александр Македонскийден сұрапты:
—«Сен не себепті әкең Филипп патшаға қарағанда ұстазың Аристотельді көбірек құрмет тұтасың?». Сонда Александр:
—«Әкем менің тәңімді тәрбиелеп, көктеп жерге түсірді, ал Аристотель болса жанымды тәрбиелеп мені жерден көкке көтерді!» —деп жауап берген екен.
P.S. Александрды әкесінен де асқан қолбасшы болуына, әлемнің бірінші ұстазы Аристотельдің ықпалы үлкен.
#history #александр #аристотель
👉—/channel/panorama_kz