Маңғыстау облысының прессегі ауысыпты.
Гүлмира Әбішева, бұрын Хабарда, Азаттықта, Информбюрода істеген журналист.
#тағайындау
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1858031764354100&id=570739119750044
Брендтер клабхаусқа міндетті түрде кіру керек деп сенеді. Бірақ ондағы активитилерге қандай KPI қойып, онысынан қандай нәтиже күту керектігін ұқпай отыр.
Одан бөлек брендтер клабхаустың ережесін бұзып тіркеліп жатыр, өйткені жаңа әлжелінің талабы – адамның шын атымен тіркелуі. Сонда брендтер акаунттарына ақшасы есепсіз құя отырып, басын бәлеге тігіп отыр – бұл шын адам аты еместігі анықталса, клабхауста мәңгі бандалуы ықтимал. Ал арнайы бренд акаунтын тіркеу мүмкіндігі әзір пайда болмайды, дейді Гуров құдайым, себебі апп жасаушылары мұндай танымал боп, чарттарды жаратынын күтпеген, енді түк үлгермей жатыр-мыс.
Оның үстіне брендтер өз логосымен таныстырылғаннан гөрі, персона атынан амбассадор, евангелист акаунттарынан келген жөн дейді спикерлер. Өйткені жаңа өнім таныстырғанда брендтің емес, адамның сөзі өтімдірек, типа биосына "мен Мақсатпын, ТамақӘкел сервисінде істеймін" деп шын адам жазып қойса, аудитория оған ықыласы басқаша, "сонда тамақты қанша уақытта жеткізесіңдер?" деген сияқты сұрақтарын қоюға әдемірек.
Жалпы керемет #пайдалы мақала! Тіпті Кх нетикеті пайда бопты. Тап қазір оқып тастаңдар.
#clubhouse
https://www.sostav.ru/publication/clubhouse-etiket-lajfkhaki-47532.html
PR маманын іздеген вакансияларда "знание Corel Draw" деген атавизм талап жазатын старовер жұмысберушілердің назарына маңызды ақпарат ұсынайын.
Корел деген атам заманғы, адамның бір вагон уақыты мен екі құдық нервісін жейтін прога.
Біріншіден, құрметті жолдастар, прессек пен пиаршы коммуникация үшін жауапты. Ол анимациялық вижуал салатын суретші емес, болуы міндетті емес. Жалпы сурет сала білу – үлкен талант. Компания басқаратын сіздер Билл Гейтс емессіз ғой, олар да Гүлфайрус Исмаилова емес.
Екіншіден корелмен жұмыс істеуді талап ете отырып, сіздер компанияның дамуы ортағасырда қалып қойғанын аңғартасыз. Өйткені қазір smm мамандарына жұмысын жеңілдеткен, жеделдеткен, өнімділігін арттырған, сапасы корелдегіден анааағұрлым жақсы апптар жасалған.
Примерно бірнешеуін атай кетейін, сосын өздеріңіз гуглдан қарап алың:
Snapseed
Canva
RelyThat
VSCO
Picsart
Inshot
Lumen5
Crello.
Әріптестер, мүмкін мен қателесетін шығармын, корел әлі де вижуал жасаудың королі болар? Өз басым корел меңгерген бір де бір прессек/пяршы көрген емеспін, жұмысымда ешқашан қолдану мәжбүрлігі туындамапты. Онда неге бұл талап әлі қойылады бізге?
Түсінем, көрнекілік үшін ара тұра жылдам бір вижуал жасай салу керек болады. Бірақ оны немен жасайсыңдар?
#пайдалы #қазақшаsmm
Ал, первый пошёл!
Ресейде #clubhouse кеңінен брендтер ресми қолданып кеткен – өткенде Сбербанк жұмысқа пиаршы іздеп, сожерден сұхбаттар өткізген. Ал қазақтардан алғаш ресми бара жатқан – меморган. Әлде тәңіржаңалық Мирзагалиевтан бұрын біреумен өткізіп қойды ма?
#соңғыжаңалық
Сүйінші, Google Translate’та енді қазақ тілінің speech recognition’i бар! Яғни, қазақша сөйлегеніңізді автоматты түрде мәтінге айналдырады.
Өткенде NU бір бот арқылы қазақша дыбыс жинап жүр еді ғой? Бұл жаңалық соның арқасы деген болжам бар.
via @notbibarys twitter
Енді мына суретке әбден жырқылдадым 🤣🤣🤣
Раш Лимбо. Бойы: минус 6 фут.
Американдар бойды футпен өлшейді ғой. Бірақ сөз ойнату арқылы, адам енді минус 6 фут деген 😂
6 feet under деген олардың қабір тереңдігінің стандарты. Тарихы – 17 ғасырда чумадан өлген адамдарды 6 фут тереңдікпен қазылған қабірге көмсе, індеттің таралуы бәсеңдейді деген дәрігерлердің заключениесінен шыққан.
#соңғыжаңалық #қызық
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың әлдебір ауыл емханасына барып, шкафтарды ақтарған видео елдегі жоғары лауазымды адамдардың кәсіби шегіне жетіп, енді деградацияға ұшырап бара жатқандығын тағы бір аңғартты.
Бұл феномен канадалық педагог Лоуренс Питердің «Питер принцибі» аталып кеткен теориясында айтылады.
Бұл теорияға сәйкес, иерархиялық жүйеде істейтін кез келген қызметкер компетенциясының шегін көрсететін қызметке дейін өседі. Осы шекке жеткен сәтте ол деградацияға ұшырап, жүйеге зиян келтіре бастайды.
Бұл деген не? Қызметтік өсу мүмкіндігі бар иерархиялық жүйеге келген адам білімі мен білігінің арқасында мансабы жоғарылай береді. Әр сатыда жетістік көрсеткен сайын, ары қарай карьерасы жылжи түседі. Бірақ, Питер мырзаның тұжырымдауынша, білік деген шексіз/мәңгі нәрсе емес. Ол міндетті түрде сарқылады. Әлдебір бұрынғысынан жоғары қызметке келгенде, адамның ары қарай прогреске жетелейтін шамасы мен қабілеті қалмайды.
Мысал. Бір адам қатардағы маман болып жүріп, бөлім басшысы болады, одан кейін департамент бастығы болады, одан кейін комитет басқаруға тағайындалады. Осы кезеңде ол бұрын көрсеткен жетістіктерін көрсете алмай қалады. Оның білігінің шегі – комитет төрағалығы. Тап осы мезеттен ол жүйеге зиян келтіре бастайды: ауқымды мәселелерді шешудің орнына үстелінің үстін реттеумен айналысады, қоластындағы адамдардың өз жұмысын орындауға ынталандырудың орнына, олардың киіміне, үстелінің шаңына, дәптерінің жұқалығына, тағы сол сияқты мелочтарға назар аударып, ақыры ұжымдағы климатты да нашарлатып, басқарып отырған комитетінің жұмыс тиімділігін төмендетуге барынша күш салады.
Сонымен, ғалым не дейді? Білігі сарқылған адам ары қарай өспейді. Бірақ өкінтерлігі сол, ол адам төменге қарай да жүрмейді, яғни бөлім басқарып кеткен адам қайтадан қатардағы маман болмайды.
Сонымен қатар, білігі сарқылған адам ары қарай тек біреудің жеке мүддесі немесе саяси мотивке байланысты ары қарай өсуі ықтимал. Бұл әдісті Лоуренс Питер «теуіп көтеру» деп атайды.
Мұны қалай емдейді? Бұл емделмейді. Оның шешімі тек: а) жұмыстан/жүйеден кету, ә) өлу, б) пенсияға шығу. Осы шешімдердің бірі болмай, адам тұралап қалған жерінде ары қарай жұмысты тежеп отыра береді.
Енді ең басындағы инфосебепке келейік.
Ахметов бір емханада шкафтарды ақтарып, біреудің басын іздеп жүр.
Ахметов кім? Облыс әкімі.
Ол не істеп жүр? Ресми ақпарат бойынша, «осмотр» жасап жүр. Анығында – атасының үйіне келгендей, сөрелерді жағалап, кәдімгідей ұялмай ақтарып жүр.
Не іздеді? Белгісіз. Наркотик? Дәрілерді түгендеді? Бірақ ол дәрілердің қандай көлемде болуы керектігін білмейді ғой, бас дәрігер емес, аудитор емес.
Бұл «рейд» облыс әкімінің деңгейі ме? Әлбетте жоқ. Оның қоластында топырлап орынбасарлар, жауапты басшылар, жауапты звено қызметкерлері отыр.
Осы соңғы тұжырым негізінде мен Ахметовтың кәсіби білік шегіне әлдеқашан жетіп қойған деген пікірге келдім.
Питер принцибі деген кітап менің @prkitap каналымда жатыр, жалпы кругозор үшін оқып шығуға кеңес берем.
#соңғыжаңалық #prкейс #имидж
Дегенімізге жеттік. Той бизнестің дарынсыз фигняларымен өмір сүруді жалғастырамыз.
91 да кеткені туралы жаңалық тосам енді.
#соңғыжаңалық
https://ratel.kz/raw/dimash_kudajbergen_reshil_pereehat_v_ssha
Диджитал маркетинг туралы отандық подкаст (наконец-то!) пайда болды
#соңғыжаңалық #пайдалы
Самые драгоценные жопы. Ұйқымен өткен өмірлері мұғалім мен врачтыкінен де қымбат боп тұр ғой
#соңғыжаңалық
https://informburo.kz/novosti/deputaty-mazhilisa-parlamenta-poluchat-vakcinu-ot-koronavirusa-v-marte
Ақпанның 4-5 өтетін РАСО конференциясының толық программасы.
#анонс #пайдалы #prоқу
Programm_PR_2021.pdf
Осы жағдайда менің назарымды аудартқан тағы бір өкінішті, менеджерлер мүлдем мән бермейтін, бірақ маңызы орасан зор нәрсе – жұмысберушілер жұмыстан кетушілермен қоштасу білмейді.
Асқардың басшылығы оған "жұмыстан кетесің" деген хабарламаны электронкасына жібере салған. Электронкасына, Карл!
Әрине, түсінікті, Хамиден Ларри Кинг емес, оған қызыл кілем төсеп, банкет жасап, алтын медаль берудің қажеті жоқ. Бірақ адам сияқты неге қысқартып жатқанын түсіндіріп, клубқа сіңірген еңбегіне рахмет айтып, жарты жапырақ алғыс хатын беруге әбден болар еді. Хрен с ним с рамочкой, файлға сала сал. Егер ол мыңқылдап сүйретіліп жүрген жаман қызметкер болса, 5 жыл ұстамай, уже баяғыда артқа тебер еді ғой? Демек оның жұмысы басшылықтың көңілінен шыққан ғой?
Өте тұрпайы жасады.
Кез келген пиаршының міндеті – жұмыскерлердің компаниядағы психологиялық комфортына атсалысу. Компанияның имиджіне тікелей ықпал ететін дәл осы мардымсыз көрінетін детальдар.
Жұмыстан кеткен қызметкерлер өздерін пайдаланылған пластик стақан құсатып лақтырып тастағандай күй кешпеуі үшін, компания артынан сөз ертпес үшін, имиджге ары да қарай жағымды ықпалын тигізе беруі үшін жасалуға тиіс бірнеше шығынсыз амал:
1. Басшы немесе HR бөлім атынан ұжымға хат жазу: "Бүгін біздің командадан Марат Қасықбаев кетіп жатыр. Біз оған осы компанияға сіңірген еңбегі үшін алғыс айтамыз. Тасы өрге домалап, карьерасы дами берсін деп тілейміз". Үш сөйлем! Тегін шаруа. Алатын уақыты – 2 минут.
2. Алғыс хат жазып, ұжым алдында немесе басшы кабинетінде табыстау. Шығыны – 1 парақ қағазды түсті принтерден басып шығару. Алатын уақыты – 7-10 минут (жазу, басу, табыстау).
3. Естелікке сыйлық беру. Кітап, мобил телефонға тіреуіш, әдемі қалам, т.б. сүйкімді презент. Шығыны шамамен 1000 теңге (уайлдберис аман болсын). Алатын уақыты – 5-10 минут (складтан алдыртып, кетушіге сыйлау).
Негізі мұндай позитивпен қоштасуды тек қысқартылған, еркімен кеткен, пенсияға шыққандар үшін ғана ұйымдастырмай, тіпті статьямен кеткендерге де жасаса еш сөлекеттігі жоқ. Өйткені бұл жерде компания өзінің имиджіне плюс алады.
#имидж #prкейс
🍷 Биыл каналыма 5 жыл толады екен
22 тамыз – PR-шылардың мен жариялаған кәсіби мереке күні, естеріңнен шығып кетпесе 😊
Ең алғаш боп тіркелгендер, ең фанаттар, ең ақылды пяршы деген тәрізді номинациялар жасап, "Всё по 300 тенге" магазинінен сатып алып, сыйлықтар дайындай бастайын.
#таңғысандырақ
Өткен аптада клабхауста экология министрі Мирзагалиев аудиториямен тілдесті. Бұл жаңа апплеттің ресми тұлғаны қатыстырып қолданылуы алғаш рет.
Аудиоконференцияның анонсы жарияланғанда Азамат Битан коменттерде сұрақ қойды, неге клабхауста сөйлейсің, неге фб, инста сияқты қолжетімді әлжеліде емес деп.
Мен ойлайм, сұрақ оверорынды.
Бір жағынан Кх тренд инструмент – күйіп тұрған экология сияқты актуал темаға толық жарасады.
Екінші жағынан ол басым көпшілікке әлі қолжетімсіз (мына инвалид сөзді қолданып отырып, өзім жыным ұстап отыр). Яғни экология бойынша жаны өртеніп жүрген көп азамат байланысқа шыға алмайды.
Бірақ үшінші жағынан фб, инстадағыдай сауатсыз жазылған, орынсыз кінә артқан, нефтему сұрақтар да шектеледі (неге қазақша сөйлемейсің, неге қате сөйлейсің, саламатсызба вацапка жибересизба рахмет, тсс.)
Сонымен, гипотетически елестетіп көрейік – #clubhouse бәрінде бар, вацап сияқты дефолт апп.
Енді сұрақтар туындайды.
🍷 Сол кезде Кх конфалар әлі де сұраныста бола ма?
🍷 Басқа платформаларға қарағанда, яғни фб мен инстаның лайв мүмкіндіктерін айтам, Кх артықшылығы неде болады? Айталық, фб мен инста лайвтарын сақтап, жүктеуге болады. Ал Кх ондай шанс бермейді, конспекттеп үлгермесең, артынша бірдемені нақтылау, оның үстіне цитаттау қиындайды.
🍷 Фб мен инстада лайвты параллел өткізуге болады. Кхмен қалай жасалады бұл? 🤔
Негізі бұл платформа жалпы бұқарамен общение ұстауға өте-мөте ыңғайсыз. Clubhouse шектеулі эксперттер санымен нақты тақырыпта талқылау немесе баяндама өткізуге идеал құрал. Зумдағыдай машақатты емес (коллеги, как меня слышно и видно?). Аудиториямен тілдесуге де болады шамалы, тілдеспеуге де болады мүлдем. Зато любой адам тыңдайды, айталық зумда бөлменің кілті болмаса кіре алмайсың ғой дегендей.
Сонымен Кх туралы пікірігін айтқан миллион үшінші адам болайын, бірақ ол массамен байланысқа шығу үшін жасалған құрал емес.
Қазірше Clubhouse-тың бірнеше айқын ерекшелігі бар:
🍷 Нетуоркинг. Өз салаңның өкілдерімен байланысқа шығу, олар қатысқан конфаларға кіріп, танысу, сұрақ қою, ұсыныс тастау.
🍷 Нақты тақырыпта, негізінен IT, digital, кәсіпкерлік, бизнес бағыттарында тереңірек, кеңірек, тіпті инсайд мағлұмат алу мүмкіндігі.
🍷 Брендтер үшін көп мүмкіндік – жаңа өнім, жаңа қызметтер таныстыру. Мүмкін кол центр тәрізді лезде жауап беретін қызмет те пайда болар деп ойлайм негізі, бірақ оны қалай ұйымдастыруға болады – әлі ойлап таппадым 😅
🍷 Тіл үйрену. Speaking club ұйымдастырып, түрін көрсетуге ұялатындар қатыса алады. Осы мүмкіндік маған ерекше ұнайды. Сондай румдардың пайда болуын күтем. Тіл курстарын беретін орталықтарға тіпті жақсы болды.
🍷 Пресс конференция, брифинг өткізу. Арнайы шақыртумен тек журналистер кіре алатын. Күшті.
Сонымен, көріп тұрғандарыңдай, Кх қалың бұқарамен тілдесуге арналмаған. Мұндағы модель: Спикер (-лер) көпшілікке сөйлейді, ал фидбек тек "вопрос из зала" форматында.
Твиттер запускает группы.
Об этом они только что объявили на собрании инвесторов. Работать твиттер-комьюнити будут по типу фейсбучных групп: автор постит твит не себе в блог, – а в группу, в которой он состоит.
Альбина Тусюпбаева бүгіннен бастап Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы
#тағайындау
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3693909557313402&id=100000831816179
Бір радиошоумен қайтыс бопты, Трамптың жақтасы, гейлерді қатты жек көрген.
/channel/one_big_union/2114
Ең маңызды жаңалықтарды бөлісейік.
Бір сот ісі барысында заңгер өз зумына мысық фильтрін случайно қойып, алып тастай алмай қойыпты.
"I am not a cat"
🤱🏻 Декретницам отказывают в пособии: зачем и кому нужно возвращать 42 500 тенге
Казахстанки жалуются, что Фонд соцстрахования отказался выплачивать им пособие по уходу за ребенком младше года, пока они не вернут полученные в прошлом году 42 500 тенге (около $100).
Это женщины, которые одновременно получали и 42 500 и детское пособие по уходу а ребенком.
❗️"В случаях выявления фактов, когда женщина получала доход и одновременно выплаты на период ЧП и (или) карантина, для верного расчета этих двух соцвыплат необходимо осуществить добровольный возврат полученной выплаты в 42 500 тенге", - прокомментировали в ГФСС.
Если женщина хочет и дальше получать пособие, придется вернуть "щедрую" выплату 42 500 тенге. 🤷🏻♀️
Подробнее можно узнать здесь.
💥Премьера нового подкаста
Подкаст “Ответили в директ” - это подкаст о маркетинге и диджитал простыми словами. Мы - Малика и Марина - рассказываем об интересных кейсах и новостях, чтобы помочь молодым специалистам и предпринимателям разобраться в том, что такое маркетинг и какую роль он играет.
В первом эпизоде мы поговорили о том, чем нам запомнился диджитал в 2020 году: взрывной рост Тиктока, огромный интерес к подкастам, обилие инфобизнеса и платные подписки. Рассказали, сколько компании тратили на рекламу, обсудили тренды инстаграма и текстов на 2021 год.
🎧Слушать подкаст можно здесь https://podcast.ru/1540812479
Сонда анау вакцина салуға қатысты "шараға" шақырған релиз қалай жазылады?
"Бүгін сағ. 13:00де министрге вакцина салынуын түсіруге келіңдер" деп па?
Без балды сұрап тұрм, соншама журналисті осындай түкке тұрғысыз херняға қалай шақырып алады? 🤔
#мемпиар
Асқар Хамиден бұрынғы қызметіне оралған сияқты. Жаңалықты өзінен күтіңдер 🙂
#соңғыжаңалық
https://www.instagram.com/p/CKoKQ11Hk81/?igshid=7vpvrt228807
Бір қызық әрі возмутительді жағдай орнап отыр ше.
Асқар Хамиден "Астана" футбол клубының медиа офицері қызметінен босады. Бұл жөнінде ол журналист Нұрсұлтан Құрманға берген эксклюзив сұхбатында мәлімдеді.
#соңғыжаңалық
Сұхбатты жарылып кетпей бастан аяқ көріп, тыңдап шықтым – ютуб видеоларын көргенде әдетте зерігіп кететін едім.
Көріп шығып, қан қысымым көтеріліп, зығырданым қайнап, әзер дегенде сабама түсіп, осы жайт туралы өтжарды ойымды айтайын деп шештім.
Қазақстанда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтеміз деп аттандаған бағдарламалар бар, жылдан жылға артып отқан қазақтілді қазақтардың үлесі бар – мектепті қазақша бітіретіндер үлесі 80 проценттен асып та кеткен шығар, урбандалу процесі қарқындап барады дегенімен, ауылда тұратын халықтың үлесі әлі де 45% айналасында.
Бірақ!
Бірақ тап қазақ тілінде сөйлейтін, жазатын, ақпарат тарататын қызметкер жұмыстан қысқартылады. Өйткені менеджмент өзі қазақшаны мүлдем қолданбайды, әжептәуір сөйлеп тұрса да, мемлекеттік тілді қажет деп санамайды. Қазақша ақпаратты әшейін аударып бере салса жеткілікті дейді. Жанкүйерлердің 80 процентке жуығы қазақша сөйлейтін адамдар деген факт олар үшін аргумент емес, өйткені өздері тілді қажетсінбейді, жиналыстары орысша өтеді, релиздер алдымен орысша жазылып мақұлданады.
Жолдастар. Бұл әлдебір Асқардың жұмыстан айырылуы емес. Бұл нағыз трагедия!
Бұл барып тұрған аудиторияға деген құрметсіздік, менсінбеушілік, қазақ тілін құрдымға жіберетін әрекет. Тура Хамиденді қысқартып, сайттарына яндексаудармашы тәржімалап берген сауатсыз қазақша ақпарат жариялау – қазақша контент тұтынатындардың бетіне түкіру.
Видеосұхбатта Асқар кей жерінде бұрынғы жұмысберушісінің артын ашып, шамалы артық кетті деп ойлауға болар еді. Алайда жағдайды барынша түсіндіріп, эмоцияға берілмей, ұстамды сөйлеуі біраз жайтты аңғартты.
Әсілінде бұл жайт қазақша жазатын журналистердің намысын оятуы (ёлки, не деп кеттім) наразылығын туғызуы керек. Замандардың заманында қазақша ақпаратқа жарып қалып едіңдер, ендігі яндексаудармашының шатпырағын оқудан категоричті түрде бас тартыңдар.
Ресейдің журналистеріне риза болатыным, кез келген әріптеске қатысты әлдебір әділетсіздік болса, жаппай түрегеліп шара қолданады, акциялар ұйымдастырады. Асқардың жағдайы осындай сәт деп қабылдадым өз басым.
ФК басшылығына журналистер атынан ұжымдық наразылық хатын жазуға кім келіседі? Мен аттандап алға шабайын десем, журналист емеспін. Бірақ қазақ тілін керек етпеген ұйым мені кәдімгідей жындандырады (и так нервный адаммын, білесіңдер ғой), сондықтан осындай бір ұйымшыл бастамаға қосыла кетуге әбден әзірмін.
#prпікір
https://youtu.be/aba9Q0BdSkE