⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
Атырау облысында су тасқынына қарсы атқарылып жатқан шаралар
Қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстарына 3555 мекеме қызметкері, 4049 ерікті, 1037 арнайы техника жұмылдырылды.
Дубай көшелерін жаңбыр суы басты
Салдарынан мегаполисте көлік қатынасы қиындаған. Қаланың халықаралық әуежайы сейсенбінің кешінде ұшақтарды қабылдай алмай, жаңбыр басылғанша басқа авиациялық порттарға бағыттауға мәжбүр болған.
❗️БАӘ Ұлттық метеорология орталығының хабарлауынша, жаңбыр бүгін де тоқтамайды, тіпті бүкіл ел аумағында жаууы мүмкін.
Шымкентте жауын салдарынан көшелер мен аулалар суға толды
Жаңбыр суы автокөліктердің қозғалысын қиындатып, көшеде кептеліс болды. Қаладағы бірқатар жер үйдің ауласы да суға толып, тұрғындар суды соруға көмек шақырған.
📌 Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10:00-дегі ақпарат
🧑🏼🚒 Азаматтық қорғау қызметтері 116 949 адамды, оның ішінде 40 781 баланы құтқарды. 16 мың адам үйлеріне оралды.
👥 Уақытша орналастыру пункттерінде 6950 адам бар.
🐄 112 539 мал қауіпсіз жерге айдалды.
☎️ Жедел желі телефондарына 1857 қоңырау келіп түсті.
🚧 9,8 млн м3 астам еріген қар суы сорылды, 2,9 млн астам қапшық пен 1,4 млн тонна инертті материал төселді.
🔹 Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5837 жеке тұрғын үй, 1353 аула аумағы, 3124 саяжай үйлері су астында қалды.
@qazaqstantv
🟡⚫️ Дортмундтық «Боруссия» 4:2 есебімен жеңіске жетіп, Чемпиондар Лигасының жартылай финалына жолдама алды
Читать полностью…Боруссия есепте алға шықты
3:2 (екі ойынның қорытындысы 4:4)
Ойынның есебі өзгерді
Матс Хуммельс өз қақпасына гол соғып алды. 2:1
Бірінші тайм өз мәресіне жетті. Алаң иелері 2:0 есебімен алда
Читать полностью…🟡⚫ Бүгін Боруссияны 80 мыңнан астам жанкүйер қолдауға дайын
📺Тікелей трансляция
🔹 УЕФА Чемпиондар Лигасы. 1/4 финал. Қарымта ойын
(алғашқы ойын 1:2)
🏟 «Сигнал Идуна Парк» стадионы, Дортмунд
⏰ 23:50 🔴 LIVE
🇩🇪 «Боруссия Д» - «Атлетико» 🇪🇸
✅ Алғашқы минуттан алаңға шығатын ойыншылар:
🇩🇪 «Боруссия Д»: Грегор Кобель (Қ), Джулиан Райерсон, Матс Хуммельс, Нико Шлоттербек, Йан Матсен, Марсель Забитцер, Эмре Джан (К), Карим Адейеми, Юлиан Брандт, Джейден Санчо, Никлас Фюлькруг
📌 Бас бапкер: Эдин Терзич
🇪🇸 «Атлетико»: Ян Облак (Қ), Сезар Аспиликуэта, Марио Эрмосо, Хосе Мария Хименес, Аксель Витцель, Науэль Молина, Родриго Де Пауль, Коке (К), Маркос Льоренте, Антуанн Гриззман, Альваро Мората
📌 Бас бапкер: Диего Симеоне
Петропавлда үйді жалға алу екі есе қымбаттаған
Қазір қалада бір бөлмелі пәтерді жалға алу 200 мың теңгеге дейін, ал екі бөлмелі үйдің бағасы 250 мың теңгеге дейін көтерілген. Су тасқынына дейін 1 бөлмелі баспана 100 мың теңге тұрған.
Су тасқыны кезінде баспана бағасын негізсіз өсіргендерге қазақстандықтар әлеуметтік желіде наразылық білдіріп жатыр.
@qazaqstantv
Рессейден келетін су алдымен Январцев ауылына кіруі мүмкін
БҚО-дағы Бәйтерек ауданына қарасты Январцев ауылында шамамен мыңнан астам тұрғын бар. Елдімекенді жағалап өтетін Жайық өзені ернеуінен асып, қазір ауыл іргесіне жеткен. Сондықтан жергілікті және көрші ауылдың тұрғындарын қоса алғанда 200-дей адам бөгет тұрғызып жатыр.
Оралдан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Ресеймен шекаралас елдімекенге арна тілшісі Нұрсұлтан Тілектес барды.
@qazaqstantv
«Елімізде Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлер бар»
Мемлекет басшысы тасқыннан зардап шеккен халыққа нақты көмек көрсету ісінде бизнесмендердің рөлі зор екеніне айрықша назар аударды.
– Біздің елімізде Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлер бар. Олармен арнайы кездесеміз. Олар әр облысқа, ауданға, елді мекенге бекітіледі және нақты жауапкершілік жүктеледі. Бұл бір жағынан кәсіпкерлердің мүддесіне сай келеді. Өйткені олар өздерінің қосқан үлесінің нақты нәтижесін көретін болады. Халқына қайырымдылық жасаған азамат ретінде Сіздердің де есімдеріңіз мемлекет тарапынан елеусіз қалмайды деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
6 мыңға жуық қазақстандық мәйіттік донор болуға ниетті
Қазақстанда 4 мыңға жуық адам ағза трансплантациясына зәру. Донорлар мен реципиенттердің бірыңғай тізіміндегі отандастарымыздың 735-і бүйрек, 185-і бауыр, 144-і жүрек, 16-сы өкпе алмастыруды қажет етеді.
📌Елімізде 18-ге толған, дені сау, кез келген азамат донор бола алады. Ол үшін «Egov» порталы арқылы электронды түрде немесе емханаға барып келісім беруге не бас тартуға болады.
Бишімбаев соты: Ресейлік сарапшының қорытындысы іске тіркелмеді
Астанада Қ.Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сот ресейлік сарапшының тұжырымын іске тіркеуден бас тартты. Судья сараптаманың заңды бұза отырып жасалғанын айтты.
@qazaqstantv
Солтүстік Қазақстанға Павлодардан гуманитарлық көмек жеткізілді
Үш көлікке тиелген аса қажетті заттарды «Аmanat» партиясының Жастарды дамыту орталығы мен университеттердің өкілдері жөнелткен. 20 тонна керек-жарақтың көбі ауыз су.
Бескөл ауылына резеңке етіктер мен моторлы қайықтар да берілді.
Қарағандылық құтқарушылар СҚО мен БҚО-да су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр
Олар 400-ге жуық адамды және 700-ден астам бас малды құтқарып, эвакуациялады.
Сондай-ақ олар ұзындығы 9000 метр су бұру бөгеттерін тұрғызды. 34 мыңға жуық инертті материал салынған қаптар төселді.
Йан Матсен ойындағы екінші голды соқты. Енді Боруссия екі ойынның қорытындысы бойынша алда келеді
Читать полностью…Екі команданың ойыншылары Дортмундтағы стадионға шықты
Мадридтік команда бүгін ерекше жейдемен ойнап жатыр. Бұл – команданың 120 жылдығына арнайы жасалған жейде.
😉 Бүгін әдеттегідей дортмундтық жанкүйерлерден әдемі перфоманс күтеміз
Читать полностью…🔥Грекияда Париж Олимпиадасының алауы тұтанды
Ежелгі Олимпияда Париж Олимпиадасының алауы тұтанды. Бұл – Жазғы Ойындарға дайындықтың соңғы бөлігі. Эстафета 68 күнге созылып, Парижде шілденің 26-да Олимпиада алауын тұтатумен аяқталады.
@qazaqstantv
Оралда Жайық жағасындағы жолды тасқын су бұзып өтті
Саяжайдың арғы бетінде қалған адамдарды құтқарушылар эвакуациялап жатыр. Полиция қызметкерлері де күні-түні күзетте. Мамандар тұрғындарға екі апта бұрын ескертсе де, әлі де үйлерін қимай, көшуден бас тартып жатқандар бар.
Эвакуациялық орталықтарда дәрігерлер екі ауысыммен тұрғындардың денсаулығын бақылауда.
@qazaqstantv
Батыс Қазақстандағы ахуал: Жайықтағы су деңгейі 8 см көтерілген
Жайықтағы су деңгейі қазір жіті бақылауда. Кешегіге қарағанда бүгін мұндағы су деңгейі 8 см көтерілді.
Саяжайдағы 2 мыңнан аса үйге су кірген. Сондай-ақ өңірдегі 26 тасжолды су шайып кеткен. Салдарынан 9 елдімекенмен көлік қатынасы үзілді. Бүгінге дейін жалпы 13 мыңнан астам адам эвакуацияланған.
Ұлттық арнаның көшпелі студиясы Оралдағы Жайық өзені жағасынан тікелей эфирде ақпарат таратты.
@qazaqstantv
Еліміздің 42 мектебінде оқушылардың біліміне мониторинг жүргізілмейді – Оқу-ағарту министрлігі
Төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін министрлік уәкілетті органдармен бірлесіп су тасқынынан зардап шеккен педагогтердің тізімін жасайды. Бұл туралы Астанада өткен Республикалық ақпараттық штабта ведомстваның ресми өкілі айтты.
Ал тасқыннан зардап шегіп отырған Ақтөбе және Атырау облыстарының мектеп оқушылары жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсыруға міндеттелмейді.
@qazaqstantv