⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
Бірінші тайм аяқталды: есеп ашылмады
Екі ойынның қорытындысы 2:2.
✅ Ойыншылар жасыл алаңға шығуға дайын
📌 Сіздер дайынсыздар ма?
Солтүстік Қазақстан облысында психологтар балаларға көмек көрсетіп жатыр
Кәсіби мамандар жүргізетін тренингтер қазір эвакуациялық пунктерде жатқан балалардың табиғи апаттан кейінгі күйзелісін жеңілдетуге бағытталған.
Жалпы республика бойынша ТЖМ психологтары су тасқыны кезеңі басынан бері 130 балаға кәсіби көмек көрсеткен.
@qazaqstantv
Су тасқыны: Кәсіпкерлер мен компаниялар көмекке қаржы аударып жатыр
Танымал компаниялар мен мемлекеттік және жекелеген қорлар, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 80-нен астам заңды тұлға мен 500-ге жуық жеке адамнан 2 млрд 400 млн теңгеден аса қаражат түскен.
Қаржылай көмектен бөлек, қолда бар техникасы мен қызметкерлерін бөгет салу жұмыстарына да үздіксіз жұмылдырып жатқандар да бар.
Еске салайық, Мемлекет басшысы кәсіпкерлер мен ірі компанияларды табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге барынша көмек көрсетуге шақырды.
@qazaqstantv
Су тасқыны болған аймақтарды аралаған депутаттар Үкіметке сауал жолдады
Ең басты мәселе – зардап шеккен азаматтарға барынша жедел әрі толық көлемде өтемақы беру.
Сондай-ақ бүгін Мәжілісте бірқатар заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланды.
@qazaqstantv
Тасқыннан зардап шеккендерге апта соңына дейін бір реттік өтемақы төленіп бітуі тиіс
Премьер-министр Олжас Бектенов зардап шеккен азаматтарға залалды өтеу мәселесі бойынша кеңесте осындай тапсырма берді.
Қазір зардап шеккен 3561 отбасына жоғалған мүлкі үшін 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленген.
@qazaqstantv
Павлодардан 60 тонна жүк тиелген үш көлік Петропавлға жөнелтілді
Гуманитарлық көмек жинауға қарапайым тұрғындардан бастап саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, жастар орталықтары,спорт клубтары мен Ауған соғысы ардагерлері ат салысты.
Павлодар облысынан осымен 150 тонна жүк жіберілді. Бұл ретте транспорттық-логистикалық кәсіпорындарда шет қалып отырған жоқ.
Ақмола облысында Есіл өзені арнасынан асып, үйлерге су кірді
Елдімекеннен шұғыл түрде 35 адам эвакуацияланды. Оның алтауы - бала. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қауіп әлі де бар. Сондықтан арнайы штаб өзен деңгейін сағат сайын қадағалап, жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр.
Қазір құтқарушылар қауіпті аймақтарда тұрған баспаналардың жанына бес мыңнан аса құм салынған қап төсеп, бөгеттерді барынша нығайтып жатыр.
❗️Батыс Қазақстанға Ресейден мол су келеді деп күтілуде
Соңғы дерекке сай, тасқын суды бірінші болып қабылдайтын Оралдан 60 шақырым жердегі Январцев ауылында су бір тәулікте 18 см-ге өскен.
Ал қала маңында су деңгейі кешелі бері 3 см-ге көтеріліп, 779 см-ді көрсетті.
Жайықтың су деңгейі 8 метрге жуықтады
Шаған өзені ернеуінен тасып, су қаладағы кейбір участкелерге кірді. Батыс Қазақстан облысының әкімі тасқын шарықтау шегіне қашан жететін айтты. Салдарынан бірнеше ауыл ауыз сусыз қалуы мүмкін.
Қарағандылық құтқарушы Президент қолынан сыйлық алды
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстарда ерекше көзге түскен Серік Сағаш естелік сыйлықпен марапатталды.
Жалпы облыстан жіберілген 144 құтқарушы мен 72 техника су басқан өңірлерде құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгінге дейін олар 400-ге жуық адам мен 700-ден астам малды эвакуациялауға көмек берген.
Ақтөбе облысының Қобда ауылында 102 үй салынады
Суға кеткен үйлердің орнына жаңа баспаналар тұрғызу үшін жер учаскелері бөлінді. Мұнда 100-ден астам үйге залал келген.
Құрылысты 15 мердігер компания жүргізеді. Қазір баспаналардың орны белгіленіп, алғашқы қазықтары қағылды. Барлық жұмыстар екі айдың ішінде аяқталуы тиіс. Тұрғындардың бүлінген дүние-мүліктеріне де өтемеқы беріледі.
Оралда құтқарушылар мен полицейлер саяжай тұрғындарын эвакуациялады
Шаған өзені қайтадан көтеріліп, үйлерге су жайылды. Бұл жақтағы 16 бау-бақша серіктестігінде мыңға жуық адам тұрады. Аумаққа осымен екінші рет су келді.
Сәуірдің басында Шаған өзеніндегі су тасып, саяжайдағы 500-ге жуық үйге су жайылған еді.
Баспасөз картасы туралы норма масс-медиа туралы заңнан алынып тасталды
Бұл туралы депутат Жанарбек Әшімжанов Мәжілістің жалпы отырысында баяндады.
Еске салайық, «Масс-медиа туралы» заң жобасын әзірлеушілер журналистерді аккредиттеу рәсімін жеңілдету және автоматтандыруға арналған баспасөз карталарын енгізуді ұсынған болатын. Бірінші оқылымда талқылау барысында аккредиттеу мен баспасөз картасының тұжырымдамалық айырмашылығының болмауына байланысты бұл норма дау тудырды. Нәтижесінде жұмыс тобы оны заңнан алып тастау туралы шешім қабылдады.
Алматылық құтқарушылар Солтүстік Қазақстанда үйлері суға кеткен тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруде
Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары Солтүстік Қазақстан облысының су тасқыны аймақтарында тәулік бойы құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құтқарушылар қауіпті аймақтардан жергілікті тұрғындарды және үй жануарларын құтқарып, қауіпсіз орынға көшіруде.
«Мені құтқарған балаларға алғысымды білдіремін. Оларға денсаулық, бақыт тілеймін»,- деді қала тұрғыны.Читать полностью…
Науқастарды судан өткізуге полицейлер көмектесіп жатыр
Солтүстік Қазақстандағы кейбір аудандар мен ауылдарға жол жоқ. Сол себепті науқастар қалаға арнайы көліктермен тасымалданып жатыр. Ал қайықтың өтуіне ыңғайсыз тұстардан тұрғындарды мамандар арқалап алып шығуда.
Петропавлдағы Есіл өзені кешеден бері 8 см түскен. Мамандардың айтуынша, облыс орталығында тасқынның бірінші толқынының шарықтау шегі өтті. Мамандар сәуірдің 22-не қарай тасқынның екінші толқыны болуы мүмкін деп болжап отыр.
@qazaqstantv
Оралда 700-ден астам отбасыға 150 млн теңге материалдық көмек берілді
Жайықтағы судың екпіні секундына 3000 текше метрге жетті. Шаған өзенінің де деңгейі көтерілуде. Салдарынан қала маңында орналасқан 3000-ға жуық үйді су басты.
Су кірген участкелердегі тұрғындар эвакуацияланған. Ресми ақпаратқа сәйкес, 700-ден астам отбасыға 150 млн теңге материалдық көмек беріліпті.
@qazaqstantv
💰Су тасқынына көмекке отандық компаниялар мен банктер, кәсіпкерлер мен танымал тұлғалар бүгінгі күнге дейін қанша қаражат аударды?
Президент су тасқынынан зардап шеккен халыққа нақты көмек көрсету ісінде бизнесмендердің рөлі зор екенін айтқан болатын және «Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлерге аймақтарға көмек көрсету бойынша нақты жауапкершілік жүктеледі», - деді.
Су тасқынының зардабын жою бойынша көмекке бүгінге дейін ірі көлемде қаражат аударғандар тізімін ұсынамыз.
Көрсетілген көмекті БАҚ-та жарияламаған кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар болуы мүмкін екенін естеріңізге саламыз.
@qazaqstantv
🔹 Бүгін «Альянц Арена» стадионында «Бавария» лондондық «Арсеналды» қабылдайды
✅ УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/4 финалдық кезеңіндегі алғашқы ойын 2:2 есебімен аяқталды.
🖥 Мюнхеннен тікелей трансляцияны 23:50-де «Qazaqstan» телеарнасы көрсетеді.
📌 Жартылай финалға қай команда өтеді?
Солтүстік Қазақстанда Прибрежное ауылы өткен аптадан бері су құрсауында тұр
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тасқыннан зардап шеккен елдімекенге тікұшақпен жетіп, тұрғындармен кездесті. Ол көпшілікке мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Прибрежное Петропавл қаласынан 10 шақырымда орналасқан ауыл. 600-ге жуық отбасы бар. 225 үйді су басты. Қауіпті аймақтан 1400 тұрғын эвакуацияланды.
Атырауда оқушылар бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудан босатылады
Облыстағы 149 мың оқушы күнделікті онлайн сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Баланың білім деңгейі соған қарап бағаланады.
Сонымен бірге су тасқыны болып жатқан аймақтардағы мұғалімдердің біліктілік санатын арттыруға арналған аттестациядан өту мерзімі тамыз айына шегерілді.
Атырауға еліміздің әр өңірінен сарбаздар көмекке келіп жатыр
Жауынгерлер қауіпті учаскелерге бөлініп, Жайық жағасын бекітуге кіріскен. Қауіпті саналатын 13 учаскеде 1859 сарбаз жұмыс істеп жатыр. Олар өңірге Шымкент, Тараз, Маңғыстау өңірінен келген.
Учаскелерде мыңнан астам техника жұмыс істеп жатыр. Жаға бекітуге 8 мыңға жуық ерікті тартылған.
🛵 Мопед айдайтындар жүргізуші куәлігін алып, техбайқаудан өтуі тиіс
Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер мопед жүргізушілерін толық жол қозғалысына қатысушыларға теңестіруді ұсынады. Мопедтерді басқару үшін азаматтар уәкілетті органда міндетті тіркеуден өтеді, «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алады, жыл сайынғы техникалық байқаудан өтеді. Сонымен қатар көлік құралдары жүргізушілері азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды рәсімдеуі қажет.
💬@qazaqstantv
Шымкеттегі этномәдени бірлестіктер Солтүстік Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Бұл төртінші қайырымдылық кереуені. Бұл жолы көліктерге құрылысқа қажетті заттар,электротехникалар және су кешіп жүруге арналған киімдер мен қорғаныш құралдары тиелді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған штаб қажетті бұйымдарды тұрғындардың сұранысына сай жинап жатыр. Жалпы шымкенттіктер су басқан аймақтарға 100 тоннадан астам қайырымдылық көмек жөнелтті.
Атырау облысы Жылыой ауданында эпидемиологиялық ахуал тұрақты
Мамандар халыққа берілетін тіршілік нәріне мониторинг жүргізіп жатыр. Орталық және өзге де сумен жабдықтау көздеріне санитариялық-химиялық,микробиологиялық талдаулар жасалды.
Егер қауіп анықталған жағдайда жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы ұйымдарына құбыр желілері мен құрылыстарын дезинфекциялау туралы хабар беріледі.
БАҚ материалдары үшін бір жылдық ескіру мерзімі белгіленеді
БАҚ қызметкерлерінің құқықтарын қорғау үшін құқықтардың бұзылуына байланысты БАҚ материалдарына талап қоюдың ескіру мерзімі енгізіледі. Бірінші оқылымда мұндай ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап үш жыл деп белгілеу ұсынылды. Талқылау нәтижесінде ол мерзім бір жылға дейін қысқартылды.
«Бұрын журналистердің жазған материалдарына байланысты ешқандай шектеу қойылмаған. Кез келген журналистке жазған материалы бойынша жауапкершілікке тарту көзделген болатын. Енді сол 1 жылға қысқартылды»,-деді Жанарбек Әшімжанов Мәжілістің жалпы отырысында. Читать полностью…
Петропавл тасжолында су тартыла бастады
Петропавлдан Астанаға шығатын тасжолда судың көлемі кешегі күнмен салыстырғанда біраз тартылған. Шамамен 30 метрдей төмендеген.
Ұлттық арна тілшілері жағдайды бақылау үшін су басқан аймақтардан жедел ақпарат таратуда.
🏡Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға үй берілді
Қарағанды облысындағы Красная поляна ауылының тұрғындарына мемлекет тарапынан жаңа баспалар сатып алынды. Жергілікті билік Шет ауданында зардап шеккен тұрғындарға 100 АЕК көлемінде бір жолғы көмек, мал басына өтемақы мен баспана сатып алып берді.
Жалпы аудан бойынша 54 үй апатты деп танылмаған. Сондықтан жөндеу жұмыстары жүргізіледі.