qazaqstantv | Unsorted

Telegram-канал qazaqstantv - Qazaqstan.tv

45212

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Subscribe to a channel

Qazaqstan.tv

Арқалықта су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған 24 отбасы пәтер алды

Екідін ауылында баспанасынан айырылған ауыл тұрғындары енді Арқалыққа қоныс аударады. Комиссия қорытындысы оңтүстік өңірлердегі өтініштердің жалпы санынан 73 үйді қалпына келтіру мүмкін емес екенін көрсетті. Осы отбасыларға Арқалық қаласынан пәтерлер ұсынылды.

Екідін және Қызылжұлдыз ауылдарынан 24 отбасына пәтер сатып алу үшін құрылыс салушылармен барлығы 317 млн 183 мың теңгеге 24 келісімшарт жасалған. Бұл қаражат жақын арада есепшотқа түсетін болады.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Су тасқыны кезінде құтқарушы ұлды болды

Мақат ауданының №8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Азамат Жаңасбаев Жылыой ауданының аумағында, сондай-ақ Атырау қаласының Береке ауылында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге белсенді қатысқан.

Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін атқарған кезеңде оның тұңғыш баласы Осман дүниеге келді.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Су тасқынынан қаза тапқандар саны артты: Әлемдегі ахуал

Әлемнің бірнеше елінде соңғы аптада жауын құйып, дауыл соқты. Біріккен Араб Әмірліктері мен Парсы шығанағы елдерінде табиғи апаттан 20-дан астам адам қаза тапқан.

Ал Кенияда толассыз жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. 13 тұрғын қаза тауып, 3000 тұрғын үйсіз қалды.

Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр әлі тоқтамайды.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Абай облысының жол қызметкерлері тасқыннан келген шығынды есептеуге кірісті

Өңірде Аягөз, Ақсуат пен Көкпекті ауданындағы үш ауылдың көпірін су ағыны бұзып кеткен. Қазір елдімекендерге қайық және айналма жолдармен қажетті азық-түлік жеткізіліп жатыр.

Жалпы, жол жиегін, су өткізу құбырларын, жол белгілерін қалыпқа келтіру үшін облыстық бюджеттен 305 млн теңге бөлінбек.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Отандық компаниялар мен кәсіпкерлер тасқыннан зардап шеккен өңірлерге ірі көлемде қаржы аударды

Бүгін Қазақмыс, KAZ Minerals, АлтынАлмас, Қаражыра және RBK Bank компаниялар тобы қосымша 40 миллиард теңге аударатынын жеткізді.

Тасқын зардабын жоюға қаражат аударғандар қатарында мемлекеттік және жекелеген қорлар, екінші деңгейлі банктер, ірі өнеркәсіп орындары, сондай-ақ танымал тұлғалар мен жекелеген кәсіпкерлер, өнер жұлдыздары да бар.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Лиссабондық «Бенфика» УЕФА Еуропа Лигасының 1/4 финалында франциялық «Марсельмен» кездеседі

«Эштадиу Да Луж» стадионында өткен алғашқы ойын 2:1 есебімен португалиялық команданың пайдасына аяқталды.

«Qazaqstan» арнасы бүгін 23:50-де Марсель қаласынан тікелей трансляция ұсынады.

📌Еуропа Лигасының жартылай финалына қай команда шығады?

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

«Су тасқынынан зардап шеккен түлектердің ЖОО-ға түсуіне көмектесу қажет»

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады.

Қазір төтенше жағдай жарияланған аймақтың оқушылары онлайн оқып жатыр. 3 мыңнан астам бала эвакуациялау пунктін паналап жүр. 8 мың білім беру мекемесіне су кірген. Яғни, оқушылардың емтиханға дайындалуға мүмкіндігі де, жағдайы да жоқ. Биылғы түлектер Ұлттық біріңғай тестілеуден төмен нәтиже алып, мемлекеттік грантқа ілікпей қалуы мүмкін, дейді депутат.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Жайықтың су деңгейі 781 сантиметрге жетті: Оралда бірнеше ауданға қауіп төніп тұр

Қазір Курини, Старица және Коминтерн аудандарында бөгет салу жұмыстары жүріп жатыр.

Тұрғындар эвакуацияланып, кейбіреулері баспанасын тасқыннан қорғау үшін бөгет тұрғызуда.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады

– Біз өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастық перспективаларына зор ықыласпен қараймыз. Сіздің Республикаңызға, якут халқына деген құрметіміз ерекше. Қос халыққа ортақ дүниелер көп. Сізбен бірге құрамында іскерлік топтар мен мәдениет өкілдері бар үлкен делегация келгенін айрықша атап өткім келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басшысы Қазақстанда Саха Республикасының күндерін өткізу бастамасын қолдады. Оның аясында мәдени және спорттық шаралар ұйымдастыру, Якутияның инвестициялық, туристік әлеуетін таныстыру жоспарланған.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Ақмола облысында науқастанып қалған 1 жасар бала ауруханаға қайықпен жеткізілді

Оқиға Жарқайың ауданына қарасты Баранкөл ауылында болған.

Құтқарушылар, сәбиді қайықпен, алдымен Далабай ауылына жеткізіп, кейін аудандық ауруханаға жөнелткен.

Қазір баланың жағдайы жақсы.

Айта кетейік, қазір қатынас үзілген ауылдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек сынды тұрмысқа қажетті заттар да қайықпен жеткізіліп жатыр.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

🏸 Бадминтоншы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды

Дмитрий Панарин тұңғыш рет Олимпиада ойындарында бадминтоннан сынға түседі. Дмитрий Олимпиадалық рейтингте 31-орында тұр (25005 ұпай). Ал еліміздің құрамасы командалық рейтингте 25-орында келеді.

Осыған дейін Дмитрий Панарин 2018 жылы Буэнос-Айрес (Аргентина) қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан.

📌Дәл қазір Қазақстан спортшылары 13 спорт түрінен 33 Олимпиада лицензиясын (31 спортшы) жеңіп алды.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

✍️Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі, Оман Сұлтандығындағы және Корей Халық Демократиялық Республикасындағы елшілері тағайындалды

🔹 Мадияр Меңілбеков Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болды.

🔹 Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

🔹 Айдарбек Тұматов Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

🔹 Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев Қазақстанның Корей Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

✈️ @qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Whatsapp-тағы тасқынға байланысты көмек сұрау туралы әрбір үшінші хат – фейк

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мамандары осылай деп мәлімдеді.

Себебі алты чаттан 3 күнде 50 шақты фейк хабарлама анықталған. Полиция қызметкерлері бұл хаттардың алаяқтардың қитұрқы әрекеті екенін анықтаған бойда авторлардың телефон нөмірін бұғаттап, хаттардың көзін жойған.

Тәртіп сақшылары күдік тудырған хат бойынша Whatsapp-қа +7-747-429-02-03 нөміріне хабарлауды сұрайды.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

БҚО-да алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүргізілді

Түнде Астана қаласы мен Қызылорда облысы ТЖД-ның жеке құрамы Орал қаласында бау-бақша серіктестіктері орналасқан өзен жағасындағы халықты ақпараттандыру және алдын ала эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

🔴 Мюнхендегі ойында алаң иелері есеп ашты

✅ Йозуа Киммих

🇩🇪🇬🇧 1:0

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Ақтөбелік фермер тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қолдау білдірді

Серіктестік басшысы Аманғос Төлеуов 100 тонна тұқымдық бидай, 100 тонна арпа, 50 тонна судан шөбінің тұқымын бөлді. Одан бөлек, төрт түлігінен айрылғандарға 200 қой мен 50 баспақ беруді жөн санаған. Бұл серіктестік Қарғалы ауданында орналасқан.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Бишімбаев телефонының кодын айтудан бас тартты

Бұрынғы экономика министрі Қ.Бишімбаевқа қатысты сот отырысы аяқталуға жақын. Бұл туралы судья Айжан Көлбаева бүгінгі сот процесінің соңында мәлімдеді.

Бүгінгі тыңдалымда айыпталушы Байжановтың, куәгерлердің телефондары тексеріліп, хаттары оқылды. Келесі сот отырысы 22 сәуірге жоспарланды.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

⚡️ІІМ: Тасқын кезінде қаза тапқандар мен жоғалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, қазір бас-аяғы 7 іс тергеліп жатыр. Оның ішінде Абай және Атырау облыстарындағы қайғылы оқиғалар зерттеліп жатыр.

Министрлік қылмыстық іс қозғау арқылы оқиғаның қалай болғанын, негізгі себебі мен оған кінәлі адамдарды анықтайды.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Жайықтың деңгейі бір тәулікте 38 сантиметрге көтерілді

Оралда тасқын судан қауіп сейілмей тұр.

Батыс Қазақстан облысына Ресейден су ойысты. Январцев ауылының тұсындағы Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 38 см көтерілген. Ал Оралға су үш-төрт күнде жылыстайды деген болжам бар.

Қазір Жайық, Шаған, Деркөл айналасындағы саяжайларда 3000 үйге су жайылды. Қалалық мәдени-демалыс саябағына да су кірген. Ұлттық арнаның көшпелі студиясы өңірден тікелей эфирде хабар таратты.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Құлсары қаласында жиналған суды сору үшін СНП-500/10 жылжымалы насос станциясы іске қосылды

Республика бойынша азаматтық қорғау қызметтері су басқан өңірлерден 117800 адамды, оның ішінде 43931 баланы құтқарды. 113852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 19071 адам үйлеріне оралған.

Соңғы мәлімет бойынша эвакуациялау пунктерде 8914 адам, оның ішінде 4019 бала бар.

10,2 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,2 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселген.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

🇰🇿🇰🇬 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Аймақтардағы су тасқынына қатысты ахуал

▪️Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын және Тайынша аудандарында тұрғындар үйлеріне орала бастады
Қазір бұл аудандарда мамандар су тасқынынан зардап шеккен үйлерді бағалауға кірісті.

▪️Петропавл гидро бекетінде су деңгейі бір тәулікте 27 сантиметрге төмендеді
Жезқазған бағытындағы республикалық тас жолдың «Оңтүстік» бекетіндегі су да тартыла бастады. Бүгін жеңіл көліктерге қатынауға рұқсат берілді.

▪️Ертіс өзеніне жіберілетін судың көлемі бәсеңдетілді
Шығыстағы су қоймалары Ертіс өзеніне жіберілетін судың көлемін азайтты. Себебі, бастапқыда ірі көлемде жіберілген су Семей қаласына қарасты кейбір елдімекендерге кіре бастаған.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

📆Қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады

Еңбек министрлігі демалыс күнін 4 мамыр сенбіден 8 мамыр сәрсенбіге ауыстыру туралы бұйрықты бекітті.

Яғни қазақстандықтар 4 мамыр - сенбі жұмыс істеп, 7, 8, 9 мамыр күндері демалады.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Су басқан аймақтарға Астана, Алматы және Семей қалаларынан 100 ерікті аттанады

Олар бөгет жасау, инфрақұрылымдарды қалпына келтіру және зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарымен айналысады.

Қол ұшын созамын деген 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтар Алматы мен Астана қалаларындағы «Жаңа адамдар» орталықтарына барып тіркеле алады.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Атырауда Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасы тереңдетіліп жатыр

Өзен сағасын тазарту, тереңдету, кеңейту үшін 4 техника мен 12 адам жұмылдырылған.

Бұл жұмыстар аяқталса, өңірге келетін нөпір суды өз ағысымен теңізге ағызып жіберуге үлкен септігін тигізеді, дейді мамандар.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

💰 «Қазақстан халқына» қорына су тасқынынан зардап шеккендерге көмек үшін 71 компаниядан 1,85 млрд теңге түсті

12 сәуірдегі жағдай бойынша жиналған қаражат 1,85 млрд теңгеге жетті. Ірі көлемде қаржы аударған компаниялар тізімін қоғамдық қордың ресми сайтынан көруге болады.

Зардап шеккендерге қаражат жинау 30 сәуірге дейін жалғасады. Барлық қаражат табиғи апаттан қираған үйлердің құрылысына жұмсалады.

➡️ Бұған дейін су тасқынынан зардап шеккендер үшін қаржы аударған компаниялар мен кәсіпкерлер тізімін жариялаған болатынбыз.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасы тереңдетіліп жатыр

Жұмыстарға 4 бірлік техника мен 12 адам жұмылдырылған. Олар күні-түні екі ауысыммен қызмет атқаруда.

📺Толығырақ 13:00-де «Ақпарат» жаңалықтар топтамасында.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Су тасқынынан зардап шеккендер 1 шілдеге дейін салық төлемейді

Қаржы министрі арнайы бұйрыққа қол қойды.

Құжатқа сай, төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлерде апаттан зиян шеккен жеке және заңды тұғалардың наурыздың 1-нен маусымның 30-на дейінгі кезең үшін төленетін салықтық және әлеуметтік төлемдері кейінге қалдырылды.

Салық есептілігін тапсыру мерзімдері де ауыстырылды. Уақтылы орындалмаған салық міндеттемесі мен берешектерге қатысты мәжбүрлеп өндіру шаралары жүргізілмейді.

Сондай-ақ, 1 шілдеге дейін кешенді, хронометраждық зерттеп-қарау сияқты салықтық тексерулерден босатылады.

Уақытылы төленбеген салықтар бойынша өсімпұлды есептелмейді.

Зардап шеккендердің тізімі әкімдіктерден алынады.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

⚪🔴 Йозуа Киммих мюнхендік «Баварияны» Чемпиондар Лигасының жартылай финалына алып шықты

🇩🇪 «Бавария» - «Арсенал» 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 1:0 (екі ойынның нәтижесі 3:2)

⚽ ГОЛ:

63 мин. Йозуа Киммих

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Екінші тайм басталды

🇩🇪🇬🇧 0:0

Читать полностью…
Subscribe to a channel