⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 18.00-дегі ақпарат
👥Республика бойынша 39254 адам өз үйлеріне оралды. 6727 адам эвакуациялау пунктерінде.
Су тасқыны бастағалы бері 12,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
📞Жедел желі телефондарына 2 250 қоңырау түсті.
@qazaqstantv
🌧Еліміздің бірнеше өңірінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін
Солтүстік және оңтүстік өңірлерде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап жаңбыр жауады, оңтүстіктің таулы аймақтарында қар аралас жауын-шашын болады.
Қазгидромет мамандарының хабарлауынша, Жамбыл облысының шығысында түнде үсік жүреді. Еліміздің батысы, шығысы, орталығына антициклон әсерімен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
@qazaqstantv
Республикалық 10 телеарна «Біз біргеміз» телемарафонына дайындықты пысықтауда
«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны 30 сәуір күні 17:00 – 22:00 аралығында өтеді.
❄️Жамбыл облысында жапалақтап қар жауды
Синоптиктер бұл солтүстік-шығыстан келген циклон әсері деп отыр. Алда күн жаңбырлы болады, дейді Қазгидромет.
Алғаш рет 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді
Телемарафонның басты кейіпкерлері – табиғи апат кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар.
«Біз біргеміз» телемарафонында Қазақстанның 8 өңірінен: Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Жамбыл облыстарынан тікелей қосылым ұйымдастырылады.
Шараның онлайн трансляциясы 10 телеарнаның ресми сайттарында, Facebook және YouTube желілерінде жүргізіледі. Марафон материалдары http://t.me/bizbirgemiz_marathon Telegram-арнасында жарияланады.
«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны 30 сәуір күні 17:00 – 22:00 аралығында өтеді.
Су тасқыны: 12 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облысының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр.
▪️21 658 өтінім қабылданды;
▪️12 642 отбасы 100 АЕК мөлшерінде 4,5 млрд-тан теңге көлемінде біржолғы төлем алды;
▪️Шығын болған мал басы үшін берілетін төлем көлемі 211,5 млн теңгеге жетті.
▪️Зардап шеккен өңірлерде 3871 тұрғын үй тексеріліп, 2230 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді.
▪️468 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 645 млн-нан астам теңге қаражат бөлінді.
▪️Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 49 отбасыға қираған баспаналарының орнына үйлер мен пәтерлер берілді.
📲«170 млн адам тіркелген»: АҚШ-та Tiktok желісіне тыйым салатын заң қабылданды
Америка TikTok қолданушылардың жеке деректерін заңсыз пайдаланады деп айыптап отыр.
Қазақстан да әлеуметтік желіге тыйым салуды қарастырып жатыр. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Балалар TikTok арқылы тәрбиеленіп жатыр, жастарымызға рухани зияны артып келеді» деп дабыл қақты.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясына қатысты
Экологиялық акция аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікте «Qazaqstan», «QazSport», «Abai TV», «Balapan» телеарналары мен «Қазақ радиолары» ұжымы Е-308 көшесінің аумағын тазалады.
11 сәуірде басталған «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы 11 мамырға дейін жалғасады.
ТЖМ: Атырау облысы бақылауда
ҚР ТЖМ өкілі Шәріп Асқардың айтуынша, Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі байқалады, мониторинг жалғасуда.
«Жайық өзені бойында су тасқыны жағдайын болдырмау мақсатында Атырау қаласында, Индер, Махамбет, Құрманғазы, Исатай аудандарындағы ауылдық округтерде бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда. Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Атырау облысына берілген күштер мен құралдар су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда», - деді Шәріп Асқар.Читать полностью…
29 сәуірден бастап Атырау қаласындағы мектептер офлайн оқыту форматына көшеді
Егер балалар Атырау қаласынан тыс жерде болса, оқуды онлайн форматта жалғастыра алады.
Дегенмен өңірде қауіп сейілген жоқ. Бүгін су деңгейі 431 см-ге жетті.
Атырау облысында су тасқынына қатысты ахуал нашарлаған жағдайда іс-қимыл алгоритмі алдын ала жарияланады.
🌳Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Президентке Астана қаласын абаттандыру және көгалдандыру жоспарын таныстырды
▪️Биыл Астанада 1,1 миллион жасыл желек отырғызу жоспарланған.
▪️Қаладағы 170 қоғамдық орынды абаттандыру жұмыстары жалғасады.
▪️Қала әкімі Президентке «Мыңжылдықтар аллеясын» дамыту жоспары және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы жөнінде баяндады.
Президент қалалық сенбілікке қатысты
🌳 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды.
Kaspi, Kazakhmys және KAZ Minerals акционерлері мен басшылары СҚО-дағы тұрғын үйлерді қалпына келтіруге 60 млрд теңгеге дейін бөледі
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев үш ірі компанияның акционерлері және басшылығымен өңірге барып, тұрғындармен кездесті.
🏠«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына 3 мыңнан аса өтінім түскен
Жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына бір күнде 3 347 өтініш түскен. Олардың 1124-і қабылданған.
Бағдарламасына қатысуға өтінім бергендер - 24 пен 35 аралығындағы жастар.
Несиенің мөлшерлемесі аз қамтылған отбасылар үшін 7%, өзгелер үшін 9%. Бастапқы жарна үй құнының 20 процентінен кем болмауға тиіс. Қарыз 19 жылға беріледі.
Өтінімдерді қабылдау 30 маусымға дейін жалғасады.
@qazaqstantv
Шығыс Қазақстанда су тасқынының екінші толқыны басталды
Облыстың таулы аймақтарында және оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысы еріп жатыр. Солтүстік және шығыс аудандары ерекше бақылауда.
«Бүгінгі таңда қар жамылғысының ауданы облыстың 44% құрайды. Қауіп бар аудандарда жағалауды нығайту және су түбін тазарту, бөгеттерді биіктету, қаптар қою жұмыстары жалғасуда. Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде», - деді ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев.
Оралда Жайық өзенінің су деңгейі 2-4 см төмендеп келеді
Жайық өзенінің су деңгейі 844 құрап отыр, ал қауіпті деңгей – 850 см. Осыдан 5 күн бұрын, 22-23 сәуірде бұл көрсеткіш қауіпті деңгейден асып, 864 см болған, деді Батыс Қазақстан облысының әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз ОКҚ алаңында өткен брифингте.
«Жұмылдырылған күштер мен техникалар үш апта бойы атқарған жұмыстар өз нәтижесін берді. Өңірлерден 1000-ға жуық арнайы техника, 2000-нан астам сарбаз келген болатын. Орал қаласының өзінде 45 км бөгет салынды, облыс бойынша жалпы 150 км дамбы салынды. Соның арқасында Ақжайық ауданында су тұрақталып жатса, Жайық өзенінің Оралдағы деңгейі күннен күнге 2-4 см төмендеп келеді», - деді Нұрділдә Ораз.Читать полностью…
Еліміздің 5 облысында тасқынға қарсы жұмыстар жалғасып жатыр
Атырау облысында Жайық өзені мамандардың айрықша бақылауына алынған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі өкілі хабарлады.
Арнайы мамандар сәт сайын су деңгейіне дронның көмегімен мониторинг жүргізіп, ахуалды бақылап отыр.
Ақтөбе, Ақмола, Батыс және Солтүтістік Қазақстан облыстарында да, тасқынға қарсы және оның салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.
Оған 21 мыңнан астам адам, 2 мыңнан аса техника жұмылдырылған. Ал су тасқыны басталғалы 12 миллион текше метрден астам қарғын су жекелеген тұрғын үйлер мен аулалардан сорылған.
@qazaqstantv
«Орынбасарға ысыра салуға болмайды»
Ассамблеяның 33-ші сессиясында Президент әкімдерге қандай міндет жүктеді? Аймақтардағы этносаралық ахуал қалай?
Ассамблея құрылымында жаңа тағайындау: Жастарға бұл жолы қандай мүмкіндік берілгелі отыр?
«Ондаған жыл қордаланған мәселені шешуіміз қажет»: Президент қандай маңызды міндетті атады?
«Бұл – бір реттік науқан емес»
«Таза Қазақстан» акциясы қай уақытқа дейін жалғасады? Елорда көшелерінің жай-күйі қалай? «Ұлытау» аллеясынан соң ботаникалық бақты аралаған Президент Астана әкіміне қандай тапсырма берді?
Үш жылдық шарт: Бұдан былай құрылыс компанияларына қандай талап қойылып отыр?
📺Бүгін 20:50-де Ұлттық арнадан «Ақорда» арнайы жобасын көріңіз!
Жайықтағы су деңгейі 434 сантиметрге жетті
Атырауда Жайықтан келер қауіп сейілген жоқ. Жаға бекіту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 500 шақырымға жуық бөгет салынды.
Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 11.00-дегі ақпарат
👥Республика бойынша 37324 адам өз үйлеріне оралды. 6817 адам эвакуациялау пункттерінде.
6379 тұрғын үй мен 2794 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.
@qazaqstantv
🎙Дәл қазір эфирде «Егіз лебіз» мегажобасы
Тікелей трансляция:
𝐪𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧.𝐭𝐯
𝐅𝐚𝐜𝐞𝐛𝐨𝐨𝐤
𝐘𝐨𝐮𝐓𝐮𝐛𝐞
🏠«Қазақстан халқына» қоры Қостанай облысында 100 баспана салады
Қор өкілдері аймақ әкімімен осындай меморандумға қол қойды.
Су басқан аудандарында жергілікті атқарушы органдар келген залалды бағалап жатыр.
@qazaqstantv
📌Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 16.00-дегі ақпарат
👥Республика бойынша 36745 адам өз үйлеріне оралды. 6909 адам, оның ішінде 2835 бала эвакуациялау пункттерінде.
6259 тұрғын үй мен 2794 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.
@qazaqstantv
Ақмола облысының су басқан аудандарында қоғамдық штаб құрылды
Мақсаты – зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетудің сапалы орындалуына қоғамдық бақылау жасау.
Гуманитарлық көмектің жеткізілуі, мүліктің есептелуі, бағаналуы, зардап шеккендердің шығынын өтеу комиссияларының жұмысы барлығы қоғамдық штабтардың назарында.
📱Ақмола облысындағы қоғамдық штаб: 8-701-558-19-99.
📺«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Balapan» телеарнасы жаңа жобалар ұсынады
Айзере есімді бүлдіршін «Кішкентай дәрігер» бағдарламасында денсаулықты қалай күту керегін, аурудың алдын алу жолдарын баяндайды. Ал виртуалды Жәрдем ағай адам ағзасының қалай жұмыс істетінін түсіндіріп береді.
Дүйсенбіден бастап эфирге шығатын «Білгішбек» бағдарламасында білімге құштар балалар сан сұраққа жауап табады.
Сондай-ақ «Караоке» жобасы жас өнерпаздардың талантын ашуға мүмкіндік береді. Әнші балапандар жаңа репертуарымен көрерменді қуантады.
Мемлекет басшысы: Елімізде тәртіп болуы керек
Сенбілік барысында жастармен кездескен Президент заң мен тәртіп үстемдігі бәріне қатысты екенін айтып, вандализммен батыл түрде күресу қажет екеніне назар аударды.
– Біз өз елімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Мейлі ол көше, аула немесе үйлердің кіреберісі болсын, бәріне ұқыпты қарауымыз қажет. Вандалдармен табанды түрде күресу керек. Сондай-ақ олардың заң жүзінде қатаң жазаланатынын айттым. Әр нәрсенің шегі бар. Әйтпесе, бәрін бүлдіріп алып, кейіннен кешірім сұрайды. Елімізде тәртіп болуы керек. Заңды сақтау қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталып келеді
«Атырау облысындағы су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Су тасқынынан қорғау мақсатында Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 498 шақырымды құрайтын бөгеттерді нығайту жүргізілуде», - деді Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте ТЖМ өкілі Асқар Шәріп.
📺Дәл қазір эфирде «Теледәрігер» бағдарламасы
📞Тікелей эфир телефоны: 8(7172)75-71-71;
📲WhatsApp: +77020693125.
Тікелей трансляция:
https://qazaqstan.tv/index.php/live
Солтүстікте ауыл тұрғындарын эвакуациялау жалғасып жатыр
Ұлытау мен Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары Пресновка және Соколовка ауылдарының тұрғындарын алдын ала қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. ТЖ аймақтарынан үй жануарлары да шығарылды.
Жұмыс тәулік бойы жалғасады.
@qazaqstantv
Өзбекстан халқы еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жылу жинап жатыр
Бауырлас елдегі кәсіпкерлер Тастанов Абдурасул мен Абдулазиз Гафуров «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берді.
Жоғары Шыршық елдімекені жүздеген литр өсімдік майы мен төсек-жабдық өткізген. Одан бөлек, арнайы есепшотқа 60 млн сом аударылды. Гуманитарлық пунктке де керек-жарақтың түр-түрі (үрлемелі қайық, резеңке етік, гигиеналық заттар) жеткізіліп жатыр.
Көмек тиелген көлік Қостанай облысындағы тасқыннан зиян шеккен ауылдарының біріне жеткізіледі.
@qazaqstantv