⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
🎬 «Сезім толқыны» телехикаясының екінші маусымы Әзірбайжан телеарнасының эфирінде
«Qazaqstan» арнасы түсірген «Сезім толқыны» сариалының алғашқы маусымы биыл сәуір айында «Mәdәniyyәt TV» арнасынан әзірбайжан тілінде көрсетілген еді. «Sevgi sahili» атауымен эфирге шыққан отандық туынды көрерменнің үлкен қызығушылығына ие болды.
Телеарна 1 маусымнан бастап сериалдың екінші маусымын да әзірбайжан тіліндегі дубляжбен өз аудиториясына ұсынуда.
📌 «Сезім толқыны» телехикаясы «K Research Central Asia» зерттеу компаниясының дерегінше, еліміз бойынша 2023 жылдың ТОП-10 үздік сериалының қатарына енген болатын. Екінші маусымның түсірілім жұмыстары Ақтау және Баку қалаларында өтті.
Атырау қаласында жаға бекіту жұмыстары аяқталуға жақын
Жоспарланған 250 шақырым бөгеттің 245-і салынып бітті. Қалған учаскелерде жұмыстарды уақытында бітіру үшін еріктілер мен жауапты мамандар және әскерилер бел жазбай еңбек етіп жатыр. Су деңгейі тәулік сайын көтеріліп келеді.
@qazaqstantv
Қытайда жол опырылып, 36 адам қаза тапты
Қытайдың Гуандун провинциясында автомагистральдің бір бөлігі опырылды. Апаттан 36 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жараланған. Мэйчжоу-Дабу трассасының опырылауына толассыз жауған нөсер жауын себеп. Оқиға миллиондаған адам 1-мамыр мерекесін тойлау үшін жолға шыққан кезде болған.
@qazaqstantv
✈️Астана әуежайы түнде рейстерді қабылдамайды
Себебі ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Осыған орай 1 мамырдан бастап Астана халықаралық әуежайында түнгі сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылды. Қазір рейс кестелеріне өзгерістер еніп жатыр.
Елорда әуежайы күн сайын 200-ден астам рейске қызмет көрсетеді. Оның ішінде 100-ге жуығы түнгі рейстер. Енді олардың барлығы тәуліктің күндізгі уақытына ауысады.
@qazaqstantv
💸СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен 3 мың отбасы бір реттік төлем алды
🔽Оның жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады. Арнайы комиссия 347 үйдің жағдайын зерттеді. 125 баспанаға қатысты қорытынды шығарылды. Оның нәтижесіне сәйкес 23 үйді қалыпқа келтіруге болады.
🏡Сонымен қатар Ойқала ауданында кейбір отбасылар өз баспаналарына орала бастады. Олардың үйлеріне тасқынның бірінші толқыны кезінде жартылай су кірген болатын. Табиғи апаттан зардап шеккен нысандарың басым бөлігі Петропавл қаласында орналасқан. Жалпы өңірде 3800-ден астам үйді су басты. 14 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
@qazaqstantv
Индер және Махамбет аудандарында жаға бекіту жұмыстары аяқталды
Батыс Қазақстаннан келетін нөпір су алдымен Индерден өтіп, Махамбетке жетеді. Содан соң Атырау қаласына келеді. Қауіптің алдын алу мақсатында Махамбетте биіктігі 2,5 метр болатын 65 шақырым, Индерде 4,5 метрден 30 шақырым бөгет салынды.
Жұмыстарға 3 мыңға жуық адам мен 300-ден астам техника жұмылдырылған.
@qazaqstantv
Құлсары қаласында су тасқынының зардаптарын жою жұмыстары жалғасуда
Қалада 300-ден астам тұрғын үй су астында қалып отыр. Cу тасқыны болған сәттен бастап ҚР ТЖМ құтқарушылар күшімен 2564 үйден су сорылып шығарылды. Жұмыс тәулік бойы жалғасуда. Қазірдің өзінде 3 миллион текше метрден астам су сорылды.
Қазақ даласынан көптеген этнос өкілдері пана тапқан
Қазақстан Халық Ассамблеясының тарихы ол тұрақтылықтың тарихы. Ассамблея осы уақытта бейбітшілік пен бірліктің, береке мен ырыстың, татулық пен тұрақтылықтың тұғырына айналды. Әлемге өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қоғамдық келісімнің кепілі, бірлік пен достықтың дәнекері болды.
Тағдыр табыстырып, тарих тоғыстырған түрлі этнос өкілдері жұмылып бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін қалыптастырды. Жүзден астам этносты бауырына басқан Қазақстан бейбітшіліктің бесігін тербетті.
Толық нұсқа: https://youtu.be/zTKgdhuhtn8
ҚХА су басқан өңірлерге 770 млн теңгеге гуманитарлық көмек жіберді
Оның ішінде, азық түлік, ауыз су, тұрмыстық химия және көрпе төсек пен жылы киімдер бар. Гуманитарлық көмек жинауға Ассамблея мүшелері, кәсіпкерлер мен еріктілер атсалысқан.
Бүгінде су басқан өңірлердің бәрінде қоғамдық штаб жұмыс істеп тұр.
Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге Астанадан «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жолға шықты
Жылжымалы медицина 140 елдімекенді аралайды. 90 мың тұрғын тегін медициналық көмек ала алады.
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтың сөзінше, азаматтар шағын хирургиялық операциялар жасатуға және тісті емдеуге мүмкіндік алады.
Қазақстанға келгеніме 18 жыл болды, ешқайда көшкім келмейді - Азамат Бектеміров
Қырғызстандық Азамат оқу бітіре салысымен Қазақстанға жұмыс істеуге келген. Қазақ жерінен неміс өкілінің қызын кездестіріп, отбасын құрды. Жұмысы алға жүрді.
«Тіліміз жақын, дініміз жақын болғасын Қазақстанды таңдап келдім. Қалалық филармонияға балет әртісі болып келдім. Содан бері 18 жыл өтті. Келгенде суығынан қорықтым, бірақ кейін үйреніп кеттім. Қазақ пен қырғыз бауыр. Бір жағым қырғыз, бір жағым қазақ. Бөліп жара алмаймын»,-дейді қырғыз жігіті.Читать полностью…
Түркістан облысының құтқарушылары тасқын болған аймақтардан тұрақты орналасу пунктіне оралды
Олар Солтүстік Қазақстандағы су тасқынына қарсы жұмыстарды атқарды. Оларды салтанатты түрде әріптестері мен туыстары күтіп алды.
🔥Атырау облысында 250 тоннаға жуық шөп өртеніп жатыр
Бүгін Құрманғазы ауданы Қаракөл ауылының шетіндегі ашық аумақта 250 тоннаға жуық шөптің өртеніп жатқаны туралы ТЖМ хабарлады.
Зардап шеккендер жоқ. Мал қауіпсіз жерге айдалды.
Өрттің себебі анықталуда.
Президентпен күтпеген кездесу
Сенбіде Президент «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ұлытау аллеясында жастармен бірге ағаш отырғызды. Сәуірде басталған экологиялық акция бес аптаға созылады. Әр аптаның жеке тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Сенбілікке белсенді жастар қатысып, жөке ағашының 430 түп көшетін екті.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ботаникалық саябақты жаяу аралап, «Астана-көгалдандыру-құрылыс» мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, хал сұрасты.
«Ақорда» бағдарламасының толық нұсқасы Qazaqstan TV YouTube арнамызда ➡️ https://youtu.be/y6GNOPkw_l8
💸«Қазақстан халқына» қорына қанша ақша түсті?
1- 26 сәуір аралығында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жеке және заңды тұлғалардан 4,725 млрд теңге қаражат түсті.
▪️Заңды тұлғалар - 4 233 562 271 теңге;
▪️Жеке тұлғалар - 491 475 535 теңге.
🚑Атырауда жас жігіт жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан
Фельдшерді ұрған 20 жастағы күдікті ұсталды. Ақпаратты облыстық полиция департаментінің өкілдері растады. Оқиға 1 мамыр күні түнгі сағат 3:40 шамасында болған.
Наркологиялық тексеру нәтижесінде күдіктінің мас екені анықталған. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.
@qazaqstantv
Жамбыл облысындағы мектеп оқушысының өлімі: Істің мән-жайы анықталып жатыр
Оқиға Құмжота ауылында болған. Даладағы әжетханада 9-сынып оқушысы 8-сыныпта оқитын баланы ұрып-соққан. Салдарынан оқушы қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғады.
📌 Толығырақ сағат 20:00-де «Ақпарат» жаңалықтар топтамасында.
❗️Бишімбаев ісі: Байжановқа тағылған айыптың біреуі алынып тасталды
Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжановтың ісіне қатысты сот жалғасып жатыр.
Бүгін судья Байжановқа қатысты «қылмысты хабарламады» деген бапты алып тастады. Оған енді тек аса ауыр қылмысты жасырды деген айып тағылып отыр. Сот тергеуі аяқталды. Тараптар жарыссөзге көшті.
@qazaqstantv
❗️Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы әлімжеттіктен көз жұмды
Қазір полиция тарапынан оқушының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда.
Облыстық полиция департаменті мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты да қылмыстық іс қозғады. Олар «Балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау» бабы бойынша іске тартылған.
@qazaqstantv
⛈ Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы
Бүгін шығыста жаңбыр жауады, Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында түнгі уақытта жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болып, солтүстік-батыста тұман түтеді.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова мәлімдеді.
📌 Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 1-3 градус үсік жүреді. Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Абай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында өрт қаупі жоғары.
📱 @qazaqstantv
💬 WhatsApp
📹 Instagram
📹 qazaqstan.tv_">TikTok
📹 YouTube
📒 Facebook
❗️ Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді
Агенттік Г.Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан өзін-өзі басқару күдігі бойынша тергеуді аяқтады.
Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Г.Сатыбалдыға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
📒Facebook 📹qazaqstan_tv_">TikTok 📹Instagram
Қазақстан біздің бірінші отанымыз деп есептейміз - Зиятдин Касанов
Оның айтуынша 1944 жылы түрік этносы Грузиядан Қазақстанға жер аударылды. Сол заманда көптеген халық қуғын сүргін көріп, депортацияға ұшырады.
«Бұл жерді түрлі этнос өкілдері: кәрістер, шешендер, күрдтер, түріктер, әзірбайжандар қоныстанғанын біледі. Осында депортацияланып, қазір тұрып жатқан түріктер үшін Қазақстан екінші отаны емес, өзінің бірінші отаны саналады. Біз үшін Қазақстан тарихи отанымыз әрі ата жұртымыз. Бүгінде барлық түркі тілдес халықтар Қазақстанды құрметтейді»,-дейді түрік этномәдени орталығының төрағасы.
Қарағандылық кенші әріптестеріне қазақ тілін үйретіп жүр
Қарағанды облысы шахталарының бірінде 5 түрлі этнос өкілінен құралған ерекше топ жұмыс істейді. Арнайы бөлім қауіпсіздік техникасына жауап береді. Ал қолдары босай қалса шахта ішінен ашылған қазақ тілін үйрететін курсқа барады.
Бүгінде пилоттық жоба бойынша 20-ға жуық қызметкер аптасына 3 рет тегін тіл үйренуде.
Батыс Қазақстанда тұруға жарамсыз үйлер бұзылып жатыр
Жайықтың суы бір тәулікте 34 см-ге көтерілді. Қазір өзен арнасы 715 см-ге жетті. Қауіпті деңгей - 8,5 метр.
Ал Теректі ауданында тасқын салдарынан тұруға жарамсыз деп танылған үйлер бұзылып жатыр. Құлаған үйлердің орнына үш бөлмелі жаңа баспана салынады. Аудандық комиссия қорытындысымен әзірге техникалық тексерістен өткен 81 үй тұруға жарамсыз деп танылды.
Алматыда 4 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты
Төрт адам ауруханаға түсті. Ауыр хәлдегі бір науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Оқиға таңғы сағат 04:00 шамасында болған. Құтқару қызметі тұрғын үйден 30 шақты адамды эвакуациялаған.
Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метрден асады. Мамандар өрттің нақты неден шыққаны анықталып жатыр дейді.
Жылыойлықтар қалыпты тірлікке орала бастады
Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Соңғы тәулікте 55 үй газға, 25 үй электр қуатына қосылды.
Бүгінде 2564 үйден су кетті, сорылған судың жалпы көлемі 3 млн текше метрден асады.
Біздің қазақтарға алғысымыз шексіз – Май Хван
Қазақстанға депортацияланған корей ұлтымен бір нанды бөлісіп жеп, үйіне кіргізген қазақтарға корей халқының алғысы шексіз.
«173 мың корей жұртын мал таситын пойызға тиеп алып келді де, жолай қай жерге пойыз тоқтайды, сол жерлерге біртіндеп тастап жүре берді. Сөйтіп, корейлер шашылып қалды. Жапан дала, қақаған қыс еді. Мен ол кезде 7 жасар баламын. Аш, жалаңаш далада қалған корейлерге қазақтар көмектесіп, аман алып қалды»,-дейді депортация куәгері.
Су тасқынынан кейінгі Құлсары
Тасқын кезінде Құлсары қаласындағы 3000-ға жуық тұрғын үй мен түрлі нысан су астында қалды.
35 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Қазіргі ахуал қандай? Атырау облысындағы меншікті тілші Нұрсұлтан Нұрсейіттің репортажы.
Мемлекет басшысы әкімдерге шарт қойды
Енді әкімдер 2 айда бір рет Ассамблея өкілдерімен бірге этносаралық ахуалға қатысты жиналыс өткізеді. Президент мұны орынбасарға ысыра салуға болмайтынын нақты ескертті. Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея құрылымдары басшыларының бір орынбасарын жастардан тағайындауды ұсынды.
«Ақорда» бағдарламасының толық нұсқасы Qazaqstan TV YouTube арнамызда.
🤺 Әйгерім Сарыбай семсерлесуден Олимпиада лицензиясын алды
Семсерлесуден Фуджейра (БАӘ) қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыста өнер көрсеткен Әйгерім жарыс жеңімпазы атанып, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
📌 Финалда қазақстандық спортшы Ку Винг Чуды 15:13 есебімен жеңді.