⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
Құлсарылықтардың шығыны екі аптадан соң өтеле бастайды
Тасқын салдарынан Құлсарыда 10-ға жуық ықшам аудан суда қалды. 200-ге жуық кәсіпкерлік нысан, 15 әкімшілік, әлеуметтік ғимарат бүлінді. 400-ге жуық мал жоғалды.
Тасқыннан кейінгі шығынды есептеу үшін 2 мекеме жұмылдырылды. Қазір 12 бригада бүлінген нысандарды зерделеп жатыр. Тұрғындар шығын мұқият есептеліп, әділ өтелсе дейді.
🌨 Алдағы үш күнде елімізге арктикалық суық келеді
Еліміздің солтүстік және батыс аймақтарының тұрғындары көктемгі жылуды сезініп үлгермей жатып қайтадан арктикалық суықпен қауышады.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын жауып, оның соңы қарға ұласады.
Ал оңтүстік облыстарда күн күркіреп, бұршақ жауып, жаңбыр жауатынына қарамастан көктемгі жылы ауа райы сақталады.
🏡Ақтөбе облысында баспанасы суға кеткен тұрғындар үшін 576 үй салынады
Өңірде барлығы 787 үй тексерілген. 222 отбасына баспаналарын жөндеу үшін 500 миллион теңгеге жуық қаржы аударылды. Ырғыз ауданындағы үш ауылдың үйлерін комиссия енді қарап жатыр. Басқа аудандарда 15 үйдің құрылысы басталды.
Өтініш білдірген тұрғындар үшін әзірге қанша дайын баспана сатып алынатыны белгісіз. Қазір тұрғындардың арыздары қаралып жатыр.
@qazaqstantv
🪪 Қазақстанда жеке куәліктің дизайны өзгеруі мүмкін
Ішкі істер министрінің жеке куәлік үлгісін өзгерту бойынша бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
«Жеке куәлітің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады.
Сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі, куәлік иесінің туған жері, ұлты және азаматтығы туралы дербес деректері, жеке куәлікті берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер көрсетіледі», делінген құжатта.
Жоба 21 мамырға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Бразилияда су тасқынынан 30-дан астам адам қаза тапты
Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатында төпелеп жауған жаңбыр мен алапат тасқыннан су электр станциясының дамбасы құлады. 60 тұрғын жоғалып, 15 мыңдайы үйлерін тастап кеткен.
Бұған қоса, жарты миллиондай адам жарықсыз, ауыз сусыз қалды. Штаттың Азаматтық қорғаныс агенттігінің дерегінше, топан судан қазір аймақтағы 134 қала зардап шегіп отыр.
@qazaqstantv
💸Құлсары тұрғындарына 1 млрд 350 млн теңге көмек берілді
Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен 762 үй техникалық зерделеуден өтті. 922 үйге бағалау жұмыстары жүргізілді. Қазір 4 ауыл және Автожолшылар ықшам аудандарында 12 бригада шығындарды есептеп жатыр.
Тұрғындарға пәтер жалдау және басқа да қажеттіліктері үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көмек беріліп жатыр. Бүгінге дейін 3 657 азаматқа 1 млрд 350 миллионнан астам қаражат төленген.
@qazaqstantv
Қырғызстанда жүк көлігі балаларды қағып кетті: Зардап шеккендер саны 32-ге жетті
Олардың ішінде бір мұғалім де бар. Үш бала ауыр халде жатыр. Мұны осы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады. Созақ ауданында «Манас» эпосын айтуға арналған шара кезінде болған оқиғаға байланысты 48 жастағы жүргізуші тұтқындалды.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ол биік жерге қойып кеткен машина төмен қарай жүріп кетіп, бір топ адамды қаққан. Олардың дені - бала.
@qazaqstantv
Костенко шахтасында түтін шығып, 200-ге жуық кенші қауіпсіз жерге шығарылды
Барлығы дін аман. Қазір 4-ші ауысымның жұмысы уақытша тоқтап тұр. Алдын ала себеп - төменгі төсемнің ролигіне бөгде зат түсіп, оның жұмысын тоқтатқан, содан конвейер лентасы бықсыған.
Өткен жылы 28 қазан күні тура осы шахтада үлкен апат болып, 46 кенші қаза тапқан еді.
@qazaqstantv
Құтқарушылар бір тәулік бойы сынықпен жатқан зейнеткерді құтқарды
85 жастағы зейнеткер құлап, білегін сындырып алған. Бір тәуліктен кейін туыстары пәтерге кіре алмағандықтан, ТЖ қызметкерлерін шақырған.
Ақмолалық құтқарушылар 4-қабаттағы пәтерге автосатының көмегімен терезе арқылы кірді.
Өрт сөндірушілер есікті ішінен ашып әжейді жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
💬 @qazaqstantv
Елімізде есірткі өндіретіндер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Бүгін Парламент Мәжілісінде есірткіге қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге бағытталған құжат бірінші оқылымда қаралды. Осы заң жобасы аясында есірткі бизнесіне қарсы күрестің бірнеше тетігіне түзету енгізілмекші.
Елімізде есірткі қолданатын 18 мыңнан астам адам бақылауда тұр. Бірақ есепке ілінбегендердің саны 200 мыңға жуық.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес күрделі әрі күрмеулі іске айналды. Құрамы бір болғанымен атауы мың құбылған зиянды зат көбейіп барады. Өкініштісі есірткі таратушылар түрлі айлаға салып, жас буынның тағдырын талқандап жатыр.
Жамбыл облысында оқушы өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға 30 сәуір күні таңғы сағат 10:00-дар шамасында болған. Ата-аналардың айтуынша, 9-шы сыныптың оқушылары 8 оқитын ұлдарды даладағы дәретханаға кіргізіп, ұрған.
Оған дейін мектеп директоры оқушының әкесіне «ұлыңыздың жүрегі тоқтап қалды» деген. Марқұм болған бала мектептегі әлімжеттік жайлы әкесіне, ал әкесі директорға былтырдан бері ескерткен.
Батыс Қазақстандағы Подстёпный ауылында су ұңғымасы жиырма күннен бері суда тұр
Қазір «Жарқын» шағын ауданындағы 120 отбасына тіршілік нәрі тасымалданып жатыр. Орталық су құбырына сәуірдің ортасында қарғын су жайылған. Шағын аудан тұрғындары содан бері таза сусыз отыр.
Жергілікті әкімдік күнара 4 тонна болатын екі бөшкені суға толтырады.
💬 Су тасқынының алдын алмағаны үшін ешбір лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылмаған - депутат
«Биылғы су тасқыны Қазақстан тәуелсіздік алғалы оныншы ірі су тасқынына жатады. Осы кезге дейін су тасқынының алдын алмағаны немесе салғырттық танытып, жол бергені үшін ешбір жоғары лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылмаған.
Бұл жерде мен жергілікті атқарушы органның, яғни әкімдердің жауапкершілігі туралы айтып отырмын. Өйткені өзен бойындағы су жайылмаларынан жер берген, саяжайларды іс жүзінде тұрғын үйге айналдырған, яғни жарық, газ тартып, азаматтарды тұрақты тіркеуге рұқсат берген, ол Үкімет емес, әкімдіктер. Ал келтірілген шығындарды өтеу салмағы әркез мемлекет мойнына артылады», - деді депутат Абзал Құспан Мәжілістің жалпы отырысында.
Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды
«Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 2024 жылдың 30 сәуірінде бұрынғы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», деп хабарлады Бас прокуратура.
@qazaqstantv
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады
Кездесуде ТМД елдерінде хоккейді дамыту мәселелері талқыланды.
@qazaqstantv
❗️Ақтөбеде құрылыс материалдары бар қойма жанып жатыр
Оқиға орнында Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен қызметкерлері жұмыс істеуде.
Өрт алаңы белгіленуде.
🐎БҚО-да бір үйір жылқы суға батып кете жаздады
Оқиға Ақжайық ауданында болған. Жайылым кезінде жылқышылар үйірден көз жазып қалған.
Алғашында жануарлар келген құтқарушылардан үркіп қашқанымен, кейін қайыққа апаратын жолмен жүре бастаған, осылайша, бір үйір жылқы аман-есен жағаға шығарылды. Барлығы 365 жылқы, оның ішінде 31 құлын бар.
@qazaqstantv
Атырау облысындағы Махамбет ауданында жедел штаб күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Жайықтың деңгейі аудан тұсындағы гидробекетте бірден 14 см-ге көтеріліп, 814 см-ге жетті. Қауіпті деңгейге 36 см қалды.
Тасқынның алдын алу үшін жаға бекіту жұмыстары 100 процентке аяқталды. Биіктігі 2,5 метр болатын 65 шақырымнан астам бөгет салынды.
@qazaqstantv
🌊АҚШ-та нөсер жаңбырдың соңы су тасқынына ұласты
Жергілікті билік өзен бойында тұратын тұрғындарға жедел қауіпсіз жерге кетуді бұйырды. Әсіресе, Сан-Жакинто өзені сәт санап тасып, арнасынан асып барады. Су қоймасы да толған. Шенеуніктер Хьюстон қаласы орналасқан Солтүстік Харрис округіндегі адамдарды эвакуациялауды бастады.
@qazaqstantv
Мемлекет басшысы Ұлттық Ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды алдағы Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
«Авиациялық базаның ашылуы – Ұлттық ұлан ғана емес, бүкіл әскеріміз үшін айтулы оқиға. Бұл база күштік құрылымдардың әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Ұшқыштардың шұғыл әрекет етуіне жағдай жасайды. Мемлекет Қарулы Күштерді жабдықтап, әскери инфрақұрылымды дамыту мәселесін айрықша назарда ұстайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Читать полностью…
Қазақстан заманауи газ өңдеу өнеркәсібін құрады
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Энергетикалық кеңес отырысы өтті. Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни арасында биылғы ақпанда қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын бақылау мәселесі қаралды.
«Қазақстан Президенті мен Қатар әмірі арасындағы уағдаластықтар еліміздің экономикасы үшін аса маңызы бар бірқатар мега-жобаларды бірлесіп іске асыруға мүмкіндік береді. Біз Қазақстанда заманауи қуатты газ өнеркәсібін құру жолында орнықты түрде алға жылжып келеміз. Жобаларды іске асыруда ешқандай іркілістер болмауы керек. Барлық мәселе менің жеке бақылауымда», — деп атап өтті Үкімет басшысы.
📱 @qazaqstantv
💬 WhatsApp
📹 Instagram
📹 qazaqstan.tv_">TikTok
📹 YouTube
📒 Facebook
⏏️Үкімет: Алдағы бірнеше айда көкөніс қымбаттамайды
Үкімет маусымаралық кезеңде бағаның өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады. Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш апта қатарынан төмендеп келеді.
Әсіресе, қарақұмық жармасы, пияз, күнбағыс майы, ұн және басқа да өнімдер арзандаған. Көкөністер Қазақстан нарығына «жасыл дәліз» арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімдірек бағамен жеткізілмек.
@qazaqstantv
Астанада домофонды бұзып, терезеден сынған ыдыс лақтырғандар жазаланды
Қалада вандализммен күресу және оның алдын алу бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр.
25 сәуірде 49 жастағы ер адам Тайбурыл көшесіндегі пәтерінің терезесінен сынған ыдыстарды лақтырған. Осылайша ол аулада тұрған көліктің алдыңғы терезесін сындырған.
Ал 1 мамырда 58 жастағы ер адам мас күйде Мәңгілік ел даңғылы 36/3 мекенжайында «Asylym prime» тұрғын үй кешеніндегі домофонды сындырған.
Вандализм әрекетін жасағандар жауапкершілікке тартылды.
📌Жалпы, жыл басынан бері біреудің мүлкін қасақана сындырып, қоғамдық орындарды ластаған, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдірген 100-ден астам адам анықталды.
💬 @qazaqstantv
Синтетикалық есірткінің құрамдас бөліктерінің заңсыз айналымына қатысты жауапкершілік енгізіледі - Ерлан Қарин
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram парақшасында Есірткіге қарсы күрес туралы заңға қатысты пікір білдірді.
«Мемлекет басшысы Атырауда сөйлеген сөзінде есірткі заттарын өндірген адамдардың жазасын барынша күшейтіп, мұндай әрекетті аса ауыр қылмыстарға теңестіруді ұсынды. Бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда есірткінің, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы депутаттар әзірлеген заң жобасын мақұлдады. Заң жобасына сәйкес есірткі өндіруді және оны өткізуді ұйымдастыратын адамдарға қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған»,-деді Мемлекеттік кеңесші.
🚗Енді банктер азаматтардың несие жүктемесіне қарамай автонесие беруі мүмкін
Бұл жобаны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынып отыр.
Құжат Ашық НҚА порталына талқылауға шығарылды. Онда 15 мамырға дейін пікір қалдыруға болады. Бұл талап 1 сәуір мен 31 желтоқсанды қоса алғандағы кепілмен жаңа көлік құралын сатып алу мақсатында берілген несиелерге қолданылмайды.
Бұл мәселеде сарапшылардың пікірі екіге жарылып отыр. Бірі автонесиені оңды-солды үлестіру бейберекетсіздікке әкелуі мүмкін дейді. Себебі қазірдің өзінде банк алдындағы берешегін 90 күннен асырып алған 1,2 миллион қазақстандық бар.
Кентаулық қыз баланың жинақ құтысы Құлсары қаласының мұражайында сақталады
Кентаулық Гауһар Шаймерден есімді кішкентай қыз өзінің смартфон алам деп жинаған ақшасын тасқын судан зардап шеккен Құлсарының тұрғындарына берген едң.
Гауһардың сәлемдемесін ризашылықпен қабылдаған тұрғындар оның жіберген ақшасын жұмсамай, жергілікті мұражайда сақтап қоятын болды.
📌Бұл кішкентай қазақстандықтардың игі істерінің символы болмақ.
❗️Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі ай мерзімге қамауға алынды
Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты оны «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Әзірге өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.
🌧Біріккен Араб Әмірліктерінде нөсер жауын құйды
Осыған байланысты елдің әр аумағында мектептер мен университеттер онлайн оқуға көшкен. Қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеу ұсынылды. Дубай халықаралық әуежайында ондаған ұшақ рейсі кейінге шегерілді.
Ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, қолайсыз ауа райы жұмаға дейін жалғасуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, климаттың өзгеруінен Парсы шығанағының кейбір бөліктерінде ылғалдылық жоғарылап, су тасқыны жиілеуі ықтимал.
@qazaqstantv
⚽️ УЕФА Еуропа Лигасының алғашқы жартылай финалдық ойынында «Марсель» өз алаңында «Аталанта» командасын қабылдайды
Велодром стадионынан тікелей трансляцияны 23:50-де «Qazaqstan» ұлттық арнасынан тамашалаңыз.
🗣 Тікелей трансляция:
🌐 𝐪𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧.𝐭𝐯
🛒 «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы
💬 Баспанасы қираған саяжай иелерінің өтемақысы әділетті есептелуі қажет - Нартай Аралбайұлы
Мәжіліс депутатының айтуынша, БҚО-да Деркөл, Шаған және Жайық өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан 14 839 саяжай учаскесін су басқан.
«Саяжай дегенің қазақ үшін демалыс күндерін өткізетін емес, тұрақты тұратын орынға айналғалы қашан. Соның өтемақысына қатысты түсініспестік әлі тоқтамай тұр. Су астында қалған баспана мен саяжайларды бағалауы тиіс комиссия жұмысын бірізге келтіру керек. Сол үшін әр аймақтағы комиссияның әр үй бойынша қорытындысы, негіздемесі, фото-видео дәлелдемелері нақты бір жерге жинақталуы тиіс. Баспанасы қираған саяжай иелерінің өтемақысы әділетті бағалануы қажет», - дейді депутат.