⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
Қазақстанда ауасы ең таза қала - Орал қаласы
«Технократтар талқысы» бағдарламасының кезекті саны ауаның ластану мәселесіне арналады.
PhD, қауымдастырылған профессор Қуаныш Тастанбек Қазақстандағы ең лас қалаларды атап өтті. Әлемдік ең лас 100 қаланың тізіміне Алматы, Астана, Өскемен мен Қарағанды қалалары енген.
Толық нұсқа: https://youtu.be/tVNZjUDbnsw
Елорда іргесіндегі жаңа авиация базасы: Әскери қалашықты Астанаға көшіруге не түрткі болды?
«Антқа адал болудың озық үлгісі». Президент бұл жолы жауынгерлердің қандай еңбегін жоғары бағалады?
Қазақстандағы әуе қорғанысының әлеуеті: Күштік құрылымдар құрамындағы ұшақтардың қауқары қандай?
Кенет жоғалған әуе навигациясы: Сирияға аттанған әскери ұшқыштар әуе кемесін қалай қондырды?
Бүгін 20:50-де «Ақорда» арнайы жобасы.
Отан қорғаушылар күніне орай
«Рух»
Әні: Жанболат Әділов
Сөзі: Рүстем Арсланов
Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 11:00-дегі ақпарат
Ел бойынша 49819 адам өз үйлеріне оралды.
Республика бойынша 8615 жеке тұрғын үй мен 2994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 15 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Мемлекет басшысы еліміздегі православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді деп атап өтті.
«Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады.Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!»,-деді Президент.Читать полностью…
Апатты үйлердің мәселесін шешудің екі механизмі бар - Атырау облысы әкімінің орынбасары
Біріншісі - үй апатты танылған жағдайда мемлекет үйді салып беру жөнінде міндеттеме алып отыр. Төтенше жағдай регламентін пайдалана отырып, бүгінгі таңда қысқа мерзімде сапалы үй салып беруге мүмкіндік бар.
«Екінші механизм - тұрғын үй нарығындағы үйлерді сатып алып, тұрғындарға табыстау»,-деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.
Өтемақыны тұрғындардың қолына беру дұрыс емес – Экономист
Экономистердің пікірінше, тасқыннан зардап шеккендерге өтемақыны қолға беру дұрыс емес. Шығынды өтеу бойынша мемлекет ұсынған тәсілді қолданған жөн. Яғни, тасқын салдарынан үйсіз қалғандарға не баспана салып беру керек, не болмаса таңдаған үйін сатып әперу қажет. «Әйтпеген жағдайда көптеген отбасы үйсіз қалуы ықтимал», - дейді мамандар.
«Кейбіреулер ақшаны қолымызға берсін деп отыр. Бірақ бұл дұрыс емес. Өйткені көбінің кредиті, басқа да шығындары бар. Жалдамалы пәтерде немесе туысқандарыма бара тұрамын, ақшаны тез арада керек болатын басқа шығындарды өтеймін деп ойлауы мүмкін. Ақша жұмсалып кетсе, одан кейін олардың пәтер мәселесі қайта туындайды»,-дейді Олжас Құдайбергенов.Читать полностью…
🏗Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 580-ге жуық үй салынады
Қазір шығынды есетпеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Қоғамдық штаб мүшелері әр тұрғынның өтініш-тілегін тыңдап, көмек көрсетуде.
Өңірде 783 үйге су кірген еді. Оның 415-і «тұруға жарамды» деген қорытынды жасалған. Жөндеу жұмыстары үшін 222 отбасыға 500 миллион теңге берілді.
@qazaqstantv
💰 Су тасқынынан зардап шеккен 16 мыңнан астам отбасы 369 200 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды
Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында 53 отбасыға жаңа баспана берілді. Жалпы өңірлік комиссияларға зардап шеккендерден 24 835 өтініш түскен.
🐂 Мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 916 млн теңгеге жетті.
📌 Залалды өтеу жұмыстары жалғасуда. Президент тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.
🎬 «Он алты жасар чемпион» телехикаясының актерлеріне кастинг жарияланады
Биыл жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион» повесі тұңғыш рет экранизацияланады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы осы шығарманың желісімен түсірілетін 4 бөлімді телехикаядағы басты және қосалқы рөлдерді сомдайтын актерлерге онлайн кастинг жариялайды.
Актерлерге қойылатын талаптар:
- 8-10 жасар ұл балалар
- 14-16 жастағы жеткіншек балалар (спортпен айналысатын)
- 40-45 жастағы әйелдер
- 40-50 жас шамасындағы ерлер
🖇️ Қатысу шарттары:
Кастингке қатысушы аты-жөнін, байланыс нөмірін, бойы мен салмағын және қай рөлге екенін атап көрсетіп, ірі пландағы кәсіби суреті мен кез келген әдеби шығармадан 1 минуттық монолог оқып, видео жолдауы тиіс.
Суреттер мен бейнежазба casting@qazaqstan.tv электронды поштасы немесе +7 775 540 6940 WhatsApp мессенджері арқылы 15 мамырға дейін қабылданады.
🚌 Астанада тағы 7 автобус жолағы пайда болады
Арнайы жолақтар Мәңгілік ел, Тұран, Ұлы дала, Қошқарбаев, Тәуелсіздік даңғылдары мен Керей мен Жәнібек хандар, Айтматов көшелеріне салынады.
«Бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартады. Автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 км/сағ-тан 19 км/сағ-қа дейін арттыруға ықпал етеді. Бөлінген жолақтарды енгізу мерзімін мамыр айының соңынан бастап хабарлаймыз», - деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы.
✈️ @qazaqstantv
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында су тасқыны жағдайы тұрақталды - ТЖМ
«Тәулік бойы жүргізілген алдын алу жұмыстарының арқасында су басқан барлық тұрғын үй аумақтарынан су сорылды. Барлығы 370 қап төселіп, 1335 тонна инертті материал төгілді, мотопомпалардың көмегімен 27 800 текше метр су сорылды», - деді ОКҚ алаңында өткен брифингте ТЖМ өкілі Асқар Шәріп.
🚗 Көлікті жалған техникалық тексеруден өткізгені үшін айыппұл 369 мың теңгеге дейін өседі
Көлікті жалған техникалық тексеруден өткізудің салдары ақаулары бар көлік құралдарының жол қозғалысына жіберілуіне мүмкіндік беріп, кейін бұл жол-көлік оқиғаларына, оның ішінде соңы өлімге ұласатын оқыс оқиғалардың өсуіне әкеп соғады.
Мамандардың айтуынша, салынатын айыппұл көлемі жасалған құқық бұзушылықтарға пропорционалды болуы тиіс.
Құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалса, техникалық тексеруден өткізетін оператор қызмет көрсету құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айырылады.
🔗Қазіргі уақытта нарықта 950-қа жуық оператор көлікті техникалық тексеруден өткізу бойынша қызмет көрсетеді.
2027 жылдан бастап Алматыға сырттан келетін көліктер кіргізілмейді
Келер жылы 7 қабатты, сыйымдылығы 3000 көлікке арналған тұрақтың құрылысы басталады. Ол үшін арнайы орындар «Барлық базары», «Құлжа тас жолы» аумағы мен «БАКАД» төңірегінде болады дейді жауаптылар.
Жаңа үйлерді салуға 8 мыңнан астам жер учаскесі дайын
Ақтөбе облысында 11 мердігер компания Қобда ауданында 89 үйдің құрылысын бастады. Батыс Қазақстанда облысында - 203, Қарағандыда -1, Павлодарда - 5, Солтүстік Қазақстан облысында -100 үй салынуда.
Ал Қостанай облысында зардап шеккендерге 31 пәтер берілді. Қалған өңірлерде арнайы комиссия бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Астана және Павлодар қалаларында ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстанның 3 азаматы ұсталды
Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деп күдікке ілінді. Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Ал күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған.
Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Берілген өтемақы мемлекет бақылауында болуы керек - Экономист
Экономист, қоғам қайраткері Бекнұр Қисықовтың пікірінше, су тасқынынан зардап шеккендерге берілетін өтемақыны тұрғындардың қолына қолма-қол беру дұрыс емес. Шығынды өтеу бойынша мемлекет ұсынған тәсілді қолданған тиімді. «Мемлекет өз бақылауында ұстаса, бөлінген қаржы мақсатты жерге жұмсалады»,- дейді маман.
«Бұл жерде суық жүрекпен қарау керек. Ақшаны қолма-қол беріңдер деген ұсыныстар айтылып жатыр. Меніңше қолма-қол берген ақшаға үй алына ма? Әлде кредит жабыла ма? Біздің халықтың көбінде қаржылық менталитет жоқ. Сондықтан бұл мәселе мемлекет бақылауында болуы керек»,-дейді Бекнұр Қисықов.Читать полностью…
Құлсары қаласында 100-ден астам үй әлі су ортасында тұр
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар 2 815 үйден суды сору жұмыстарын жүргізген.
«Өңірдегі эвакуациялық пункттерінде 769 адам бар. Олардың 430-ы балалар. Құлсары қаласында екінші тәулік бойы Төтенше жағдайлар министрлігінің ақтөбелік әскери қызметшілері қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. Ауру тудыратын микроорганизмдер мен олардың токсиндерінің таралуын болдырмау үшін 20982 әскери бөлімінің радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау ротасының жиынтық құтқару тобы жұмыс істеп жүр», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге Үкімет резервтен 16 млн теңгеден астам қаражат бөлді
Бөлінген қаржыға конвективті бөліктің пакеттерін және қазандық агрегаттарын жөндеу, сондай-ақ қыздыру беттерін және шикі көмір бункерлерін ауыстыру жоспарланып отыр. Аталған шараларды іске асыру нәтижесінде қазандықтардың тиімділігі артып, апаттар мен тоқтап қалу фактілерінің саны азаяды.
Сонымен қатар Көкшетауда қаланың жылу және электр энергиясына деген қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге тиіс толыққанды ЖЭО салу жобасын пысықтау жұмыстары жалғасуда.
Жоба биылғы 17 сәуірде Қазақстан мен Ресей арасында қол қойылған келісім шеңберінде жүзеге асырылады. Қазақстан тарапынан уәкілетті ұйым «Самұрық-Энерго» АҚ биыл ЖЭО жұмысын бастау үшін тиісті жол картасын әзірледі.
Құлсары Ақтөбе ТЖМ әскери қызметшілері қоғамдық орындарды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде
Ауру тудыратын микроорганизмдер мен олардың токсиндерінің таралуын болдырмау үшін 20982 әскери бөлімінің радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау ротасының жиынтық құтқару тобы жұмыс істеуде.
Құлсарыдағы зардап шеккен үйлерді бағалау мамырдың ортасында аяқталады
Бұл туралы Жылыой аудандық қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев айтты.
«Жарамсыз деген үйлерді орташа есеппен мың үйге жеткізіп отырмыз. Мамырдың 15-нен кейін бағалау есебі шығады. Сол кезде бәрі белгілі болады. Содан кейін барып, қай жерде үй салады немесе басқа жерден сатып ала ма әрі қарай шешеміз»,-деді Ерқұл Дәулетбаев.
🌊Индонезияда су тасқынынан 14 адам қаза тапты
Екі мыңдай отбасы зардап шегіп, 1900 үй бүлінді. Елдің ұлттық құтқару агенттігінің хабарлауынша, алапат тасқынның басталуына төпелеп жауған жаңбыр себеп. Сулавеси провинциясының Луву округінде құтқару және іздеу операциялары жалғасып жатыр.
@qazaqstantv
🏡Петропавлда тасқыннан зардап шеккен отбасы баспаналы болды
Ерлі-зайыптыны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова құттықтады. Отбасы екі бөлмелі пәтерге ие болды.
Қалалық әкімдік өкілдері жақын күндері тағы 6 отбасыға баспана кілтін табыстамақ. «Солнечный-2» кентінде үйлері жарамсыз болып қалған тұрғындарға арналған 500 баспана салынады.
@qazaqstantv
Қазақстанда Жасанды интеллект комитеті құрылды
Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты ведомство жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына, жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді әзірлеуге және жасанды интеллект саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға жауап береді.
💬 @qazaqstantv
📲 Су тасқынынан зардап шеккендер Egov mobile қосымшасы арқылы өтініш бере алады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы арқылы су тасқынынан келтірілген залалды өтеуге өтініш беру алгоритмінің тұсаукесерін өткізді.
«Бұл қызмет арқылы сіз шағын сауалнамадан өтуіңіз керек. Барлық жеке деректерді толтырасыз, сізге уақытша баспана қажет пе, жоқ па, соны көрсету керек. Келтірілген залалды тізімдейсіз: бұлар тұрғын үй түрі, құрылыс түрі, қаза тапқан мал саны, жеке мүлкі, қосалқы шаруашылық және т.б. Сервис су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұратын Қазақстанның барлық азаматтары үшін қолжетімді», – деді министр.
«Qazaqstan» телеарнасынан Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов туралы деректі фильм эфирге шығады
Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына - 100 жыл. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнінде «Qazaqstan» телеарнасынан 20 жасында Кеңес Одағының батыры атанған қазақтың біртуар тұлғасы туралы деректі фильм көрсетіледі.
«Сағадат салған жол» атты деректі туындыда С.Нұрмағамбетовтің өмір жолы мен еліміздің қорғаныс саласына сіңірген қызметі баяндалады. Авторы - Ғабит Бөкенбай.
📌 Эфир уақыты: 7 мамыр, 16:10
Жайық өзенінің деңгейі Тайпақ ауылы тұсында қауіпті шектен асып кетті
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының ақпаратына сәйкес өзен деңгейі бір тәулікте 52 сантиметрге көтеріліп, 857 сантиметрге жетті.
Жайық өзенінің Батыс Қазақстандағы басқа гидробекеттерінде су деңгейі түсіп жатыр.
⚡️Қостанай облысында Ан-2 ұшағы суға қонды
Санитарлық рейсті орындаған ұшақ биіктігін күрт төмендетіп, суға түскен. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Әуе кемесі бортында 2 экипаж мүшесі мен 3 жолаушы болған. Олар Арқалық ауруханасына эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ.
@qazaqstantv
❗️Қуандық Бишімбаевтың ісі: Жарыссөздің екінші күні
Кеше мемлекеттік айыптаушылар мен жәбірленуші және оның адвокаттары сөйледі. Бүгінгі отырыста сотталушы тарап сөз алды.
Сондай-ақ жарыссөзге Бишімбаевтың анасы қатысып, болған жайт үшін кешірім сұрады. Байжановтың жары алғаш рет сотта сөз сөйлеп, жолдасы қылмыстың құрбаны болғанын айтты.
Батыс Қазақстанда саяжайы жалғыз баспанасы деп танылған тұрғындарға үй беріледі
Өңірде тасқынның үшінші кезеңінде 15 мыңнан астам саяжай учаскесін су басты. Саяжайлар әлі де суда тұр. Сондықтан қазір ол аумақтағы баспаналарды бағалау, техникалық тексерістен өткізу мүмкін болмай отыр.
Комиссия өтініштерді үздіксіз қабылдап жатыр. Қазір облыс бойынша 420 үй тұруға жарамсыз деп танылды.