⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
Бейбіт өміріміз бен тыныштығымызды күзетіп, жеріміздің тұтастығын сақтау үшін қызмет етіп жүрген сарбаздарымызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
📺 «Qazaqstan» телеарнасы 7 мамыр сағат 16:10-да Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған «Сағадат салған жол» деректі фильмін ұсынады.
🌊Тайпаққа түскен мол су Атырауға ойысты
Жайықтың суы шекті деңгей яғни, 8,5 метрден асты. Көзкөрген қариялардың айтуынша, Жайықтың суы 1994 жылы тап осылай арнасына сыймай, асып тасыған. Қазір 30 бұрынғыдан да мол су түсіп жатыр.
Ауыл-аймақты тасқын судан аман алып қалу үшін облыстық резервтегі күш құрылымдар жұмылдырылды. Сондай-ақ ауданға Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Орал қаласынан құтқарушылар мен әскерилер көмекке келді.
@qazaqstantv
25 мамырдан бастап Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим күшіне енеді
Екі елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кіргеннен бастап 30 күн, ал 6 айдың ішінде жалпы алғанда 90 күн бола алады.
⚡️ Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды
Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына Жаслан Мәдиевтің кандидатурасы келісілді.
Бұған дейін бұл қызметті Бағдат Мусин атқарған еді.
Ж.Мәдиев 2022 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болды.
«Нүкенованы қасақана өлтірмедім»: Қуандық Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты
Айыпталушы Бишімбаев марқұм Салтанаттың өліміне әкеп соққан ісі үшін кінәлі екенін мойындады.
Ал екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов қылмысты жасыру ниеті болмағанын жеткізді.
Келесі сот отырысы 10 мамырға жоспарланды.
«Велосипед теуіп жүріп ағашқа соғылған»: Бурабайда 16 жастағы жасөспірім қаза болды
Ол демалыс орнына сыныптастарымен бірге Астана қаласынан келгені анықталды. Кейін жалға велосипед алып, серуенге шыққан.
Полицейлердің мәліметінше, жасөспірім жардан түсіп келе жатқан кезде рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған.
Ауыр жарақат салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты.
Қазір қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне әрқашан құрмет көрсетілетінін айтты
Ардагерлерге мерекеге орай жыл сайын қосымша төлемақы берілетінін, ал биыл оның көлемі 3 миллион теңгеге дейін өскенін жеткізді. Биылдан бастап «Айбын» орденінің үш дәрежесі даңқты батырларымыз – Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың атымен аталатынын еске салып, ұлт перзенттерінің батылдығы мен батырлығы бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін үлгі-өнеге болатынына назар аударды.
«Қазақстан жер-жаһанға өзін бейбіт ел ретінде танытты. Біз барлық мемлекетпен достық қатынас орнаттық. Кез келген шиеленісті сындарлы диалог арқылы шешу керек деп есептейміз. Бірақ арқаны кеңге салып, қамсыз отыруға болмайды. Қуатты әскеріміз түрлі қатерге сақадай сай тұруға тиіс. Мықты әскер – елдіктің тірегі», – деді Президент.
Бразилияда су тасқынынан 78 адам қаза тапты
Табиғи апаттан Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы 500-ге жуық қаланың 3/1-і зардап шекті. Өңірде мыңдаған адам ассыз, сусыз қалған. 115 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кеткен. Нөсер жауынмен қоса лай көшкіні жүріп, бөгет пен шағын су электр станциясына зақым келген.
Қазір су басқан аймақта құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
🌤Мамыр айында Қызылорда, Қостанай, Қарағанды облыстарында құрғақшылық басталады
Қазгидромет мамандары осындай болжам жасап отыр.
Сәуірде жауған жауын-шашын мен ауа райы болжамы ескеріліп, құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Қостанай облысының Амангелді ауданы мен Қарағанды облысының Шет ауданында күтіледі.
@qazaqstantv
❗️ Алматы облысында жер сілкінісі сезілді
ҚР ТЖМ Сейсмикалық станциялар желісімен бүгін 09:12-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 194 км жерде Қырғызстанмен шекара аумағында орналасқан.
Алматы облысының Кеген ауылында сезілуі 2 балл болды.
@qazaqstantv
💰Соғыс ардагерлеріне 9 мамырға орай біржолғы әлеуметтік көмек төленді
Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ардагерлерге төлем жасалды. Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттерден барлығы 187 млн теңге бөлінді.
Биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 млн теңгені құрады. Бұл ретте көптеген өңірде орташа мөлшерден жоғары сома төленді: Ақмола облысында – 3 млн теңге, Ақтөбе облысында – 2 млн теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ардагерлер 2 млн теңгеден алды.
Елімізде ІІ Дүниежүзілік соғыстың 148 ардагері тұрады.
@qazaqstantv
Сирия жеріне гуманитарлық көмек тиелген ұшақты аман қондырған әскери ұшқыш
Құрманғали Топанов – авиациялық жасақ командирі. Мемлекеттік миссиямен Сирия, Ауғанстан және Түркия елдеріне гуманитарлық көмек жеткізген. Ісіне жауапты командирдің есінде Сирия сапары ерекше қалған. Ұшқыш Сирияға ұшып, әуе навигациясы кенеттен жоғалып кеткен сәтте гуманитарлық көмек тиелген алып ұшақты аман-есен қондырған.
«Ылғи оқып, өмір бойы дайындықпен өту керек. Өйткені әр ұшу бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан әрдайым ұшуға бірінші рет ұшайын деп жатқан секілді дайындалу керек», - ҚР Ұлттық ұланы 3656 әскери бөлімінің авиациялық жасақ командирі.
«Ақорда» бағдарламасының толық нұсқасы Qazaqstan TV YouTube арнамызда: https://youtu.be/nVZdqsFPM_g
Бишімбаев соты: Осы аптада тараптар жарыссөзі басталды
Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың сөзі эмоцияға толы болды. Фактілерді де қатар өрбітті. Сөз соңында прокурор Абайдың қара сөзін мысалға келтірді.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчевтың алқабилерге қаратып айтқан сөзі де көптің есінде қалды.
«Бишімбаевты бірауыздан кінәлі деп тану арқылы бүкіл Қазақстанды, біздің халықты осындай элитарлық паразиттерден арылтасыздар. Біреуін отырғызып, осы процесті қарап отырған қалғандарға сабақ бересіздер. Ол бостандыққа шықса, қалғандарына 30 жыл істегендерін жалғастыруға мүмкіндік бересіздер»,-деді адвокат.
Су тасқыны болған 5 өңірде 34 мердігер компания 398 үй салуға кіріскен
Атап айтқанда Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылыс басталды. Ал Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы 53 отбасына жаңа үй мен пәтер берілген.
Өңірлерде 4556 тұрғын үй тексеріліп, 2845 нысанды бағалау жұмысы жүргізілді. 530 үйді жөндеу басталып, оған 696 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жаңа тұрғын үй құрылысын аяқтау мерзімін бекітті. Мысалы аумағы 80 шаршы метрлік үйді 1,5 айда, ал 160 шаршы метр жартылай жеке үйді 2,5 айда салып бітіреді.
Сонымен қатар тасқын салдарынан төрт-түлігінен айырылған азаматтарға 916 млн теңге төленген. Ақтөбе мен БҚО бойынша есеп бар: Ақтөбе облысында 3232 бас, БҚО-да 2399 бас мал өлген.
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
«Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтап, қастерлі құндылықтарды орнықтыра түсу үшін бұл мерекенің маңызы зор.
Әскери борышты өтеу Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі екені анық. Халыққа қалтқысыз қызмет ету – әрбір адал азаматтың перзенттік парызы.
Қазақстан ұлттық мүддені қорғауға, аумақтық тұтастықты сақтауға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән береді. Айбынды армиямыз егемендігіміздің кепілі, мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі саналады.
Еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту және әскери қызметкерлерді қолдау қашанда мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.
Қарулы Күштеріміздің мерейі үстем болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!» - деді Мемлекет басшысы.
Индер мен Махамбет аудандарында өзен суы қауіпті деңгейден асты
Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге 50-ден астам техника дайын. Екі ауданда 37 эвакуациялық пункт дайындалған.
Индер ауданындағы Жарсуат, Қызылжар және Құрылыс ауылдық округтерінде 33 жүкті ана бар. Егер су Жарсуат, Қызылжарға келген жағдайда пациенттер Индер аудандық орталық ауруханасына, ал Құрылыстағы емделушілер Бөдене ауылдық округіндегі ауруханасына орналастырылады.
@qazaqstantv
✍️Ғылыми дәрежесі мен атағы бар педагогтер үшін ай сайын төленетін қосымша ақы мөлшері ұлғайтылды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңға енгізілген түзетулердің бірінші блогы педагогтер мен ғылыми қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Атап айтқанда, белгілі бір ғылыми дәрежесі мен атағы бар педагогтер үшін ай сайын төленетін қосымша ақы мөлшері ұлғайтылды. Мәселен, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) атағы үшін төленетін қосымша ақы 25 АЕК-ті (92 300 теңге) құрайды. Ал ғылым докторы және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін 42 АЕК (155 064 теңге), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты, ғылым докторы дәрежесі және профессор ғылыми атағы үшін 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
@qazaqstantv
Экономист: Өтемақыны тұрғындардың қолына беру – қателік
Экономист Айбар Олжайдың сөзінше, бұл сол аумақта инфляция қарқынын арттырып, ақшаның тиімсіз жұмсалуына әкеп соғады.
«Менің ойымша азаматтардың өзіне де мемлекеттің үйді салып бергені тиімді. Өйткені олар ақшасын жоғалтпай үйге қол жеткізеді»,-дейді маман.
Бүгінде су тасқынынан зардап шеккен 16 мыңнан астам отбасы біржолғы көмек алды. Сондай-ақ баспанасына залал келген 530 отбасының үйін жөндеуге 700 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді.
Ал үйсіз қалғандардың біршамасы өтемақыны мемлекеттен ақшалай беруді талап етіп отыр. Бірақ, экономистер мен сарапшылар бұған жол беруге болмайтынын айтады.
Астанадағы №44 орта мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді
«Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен жалғыз қазақ батырының ерлігі өскелең ұрпаққа өнеге», - дейді мектеп директоры Ләззат Құлтаева.
Салтанатты шараға қаланың білім бөлімінің мамандары мен қала әкімдігі, әскери сала мамандары қатысты.
🎓ҰБТ -2024: Өтініш қабылдау басталды
Негізгі ҰБТ-ға өтініш 6-14 мамыр аралығында қабылданады.
ҰБТ 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтеді.
Төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде, яғни Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары тіркелу уақыты ұзартылады және 6-20 мамыр аралығында, ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
🇦🇿🇦🇲 Әзербайжан-Армения келіссөзі 10 мамырда Алматыда өтеді
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
«Бұған дейін қол жеткен уағдаластыққа сәйкес, Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөз Алматы қаласында 10 мамырда өтеді», - деді А. Смадияров брифингте.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
«Бүгінде айбынды армиямыз – елдегі тұтастық пен тыныштықтың мықты қалқаны. Қуатты әскеріміз бейбітшілік пен берекелі өмірді қас қақпай күзетіп тұр. Олар қай кезде де қастерлі Отанымызды қорғауға дайын. Ерлік майданда ғана жасалмайды. Ерлікке бейбіт заманда да орын бар. Биыл біз соңғы 80 жылдағы ең жойқын тасқынға тап болдық. Елге қатер төнген сәтте сарбаздарымыз алдыңғы шептен табылды. Ұлттық ұлан, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы антқа адал болудың үлгісін көрсетті.Читать полностью…
Алапат тасқынға төтеп беру үшін 9 мыңнан астам әскери қызметші жұмыла еңбек етті. Мыңнан астам техника жеткізілді. Сын сағатта халқымыздың асыл құндылықтары анық байқалады. Солтүстік Қазақстан облысында апатқа қарсы күрескен 300 сарбаздың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Олар күні-түні бөген салып, қаланы қарғын судан құтқаруға атсалысты. Жергілікті тұрғындар бұл сарбаздарға айрықша риза болды, оларды зор құрметпен шығарып салды. Міне, халық пен армияның мызғымас тұтастығы дегеніміз – осы», – деді Мемлекет басшысы.
Бүгін грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні
Әйгілі палуан көзі тірі болғанда 73 жасқа толар еді.
🎞 Жақсылық Үшкемпіров туралы арнайы жобалар мен деректі фильмдер, спортшының сұхбаттары «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Алтын қорында» сақтаулы.
Костенко шахтасындағы өрттің алдын алған слесарь марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының электр слесарі Айбар Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды.
Айбар Қосанов 2 мамыр күні аталған шахтада апаттың алдын алды.
Жайықта жылқылар құтқарылды
Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылының маңында жылқылар Жайық өзенінде қалып қойған. Құтқарушылар жануарларды қауіпсіз жерге айдап шығарды.
Барлығы 65 жылқы, оның ішінде 15 құлын құтқарылды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан
Елімізде екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ауылда қалған әйелдердің, балалардың тылдағы жанкешті еңбегі суреттелетін көркем шығарма аз емес. Шерхан Мұртаза ол жөнінде «Мылтықсыз майдан» деген атпен роман жазған.
Соғыс кезіндегі адамдар келбеті, болмысы, мінезі қазақ әдебиетінде қалай көрініс тапқан. Қандай шығармаларда? Қазақ республикасының рөлі туралы тарих не дейді?
Тарихшылар мен әдебиетшілер пайымы Данияр Қайыртайдың бейнематериалында.
«Апта» бағдарламасы: https://youtu.be/sfG7QaoQGzE
Мен әскери ұшқыштардың кәсіби тұрғыдан білікті екенін атап өткім келеді – Қасым-Жомарт Тоқаев
Елордада Ұлттық ұланның жаңа авиабазасы ашылды. Әскер үшін айтулы сәтте Президент Отан қорғаушыларды мерекемен құттықтады. Қарулы Күштердің жоғарғы бас қолбасшысы БҰҰ аясындағы түрлі халықаралық миссияларға қатысып, жауапты істі атқарып жүрген әскери ұшқыштардың еңбегін жоғары бағалады.
Мемлекет басшысы әскери қалашықтағы кітапхана, мәдениет орталығы мен Даңқ залын аралады. Оған қоса күштік құрылымдардың жаңа авиатехникаларымен танысып, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
«Ақорда» бағдарламасының толық нұсқасы Qazaqstan TV YouTube арнамызда: https://youtu.be/nVZdqsFPM_g
Солтүстік Қазақстанда баспаналарды уақытында тапсыру үшін мердігерлер 2 ауысыммен жұмыс істеп жатыр
Өңірдегі «Солнечный 2» кентінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған 500 баспана салынады. «Қазақстан халқына» қоры 100 үйдің құрылысын қаржыландырады. Жоспарға сай тағы 100-ін «ҚазақМыс» компаниясы, 300-ін «Каспи банк» салады.
Бір үйдің жалпы аумағы 80 шаршы метрді құрайтын болады. Құрылыс жұмыстары қарқын алған кезде жұмысшылардың саны 500-600-ге дейін артады деп күтілуде. Баспаналарды межеленген мерзімде тапсыру үшін мердігерлер екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр.
Құрылыс аяқталғаннан кейін бұл үйлер қалалық әкімдікке тапсырылады. Ал қалалық әкімдік тасқын судан зардап шеккен азаматтардың арасында үлестіреді.
Абай Құнанбайұлының жиені, өлкетанушы, журналист Балтабек Ерсәлімұлы өмірден озды
Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, Балтабек Ерсәлімұлы 86 жасында өмірден өтті.
Балтабек Ерсәлімұлы 1938 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері», «Тыңға 50 жыл» медальдарының, «Құрмет» ордені иегері.