qazaqstantv | Unsorted

Telegram-канал qazaqstantv - Qazaqstan.tv

45212

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Subscribe to a channel

Qazaqstan.tv

🦗 Үкімет шегірткемен күресуге 8,1 млрд теңге бөлді

«Фитосанитариялық жағдайға ерекше назар аударған жөн. Шегірткенің табиғи түрде ең көп таралуы 2024 жылға келіп тұр. Бұл мәселеге қатаң жауапкершілікпен қарау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, зиянкестердің таралу орындарын анықтауға қосымша ресурстарды жұмылдыруды және өңдеу жұмыстарын бақылауға алуды тапсырамын. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу бойынша барлық мәселе жедел шешімін тауып, тұрақты бақылауда болуы тиіс», — деді Премьер-Министр Олжас Бектенов.


📱 @qazaqstantv

💬 WhatsApp
📹 Instagram
📹 qazaqstan.tv_">TikTok
📹 YouTube
📒 Facebook

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

❗️ Олжас Бектенов: Үкімет өңірлердегі қазандықтарды жөндеуге қаражат бөлді. Жұмыс нәтижелерін тікелей өзім тексеремін

«Өткен аптада мен Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларындағы жылу көздерін жаңғыртуға резервтен 16 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойдым. Сондай-ақ Көкшетаудағы жылу қазандықтарын жөндеуге 816 млн теңге бөлінді.

Энергетикалық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қосымша өзгертулер енгізілді. Енді «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде биылдың өзінде қолданыстағы стансаларды жөндеу мен жаңғыртуға шамамен 327 млрд теңге тарту жоспарланып отыр. Қаржы бірінші кезекте әбден тозығы жеткен объектілер мен желілерді жөндеуге жұмсалуы тиіс», - деді Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында.


📱 @qazaqstantv

💬 WhatsApp
📹 Instagram
📹 qazaqstan.tv_">TikTok
📹 YouTube
📒 Facebook

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Тасқынның алдын алу мақсатында Махамбет пен Сарытоғай ауылы арасындағы жол уақытша жырылды

Қазір Атырау облысы Махамбет ауданында Жайықтың деңгейі 9 метрден асып кетті. Аймақта су деңгейі тәулік сайын көтеріліп, қауіп сейілмей тұр.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Жайық өзеніндегі су деңгейі көтерілуде

Атырау облысы Индер ауданы Индербор ауылындағы Жайық өзенінде су деңгейі көтерілді. Қазіргі таңда Қызылорда облысы ТЖД күшімен бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілді.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

⬇️Ақтөбелік зейнеткер ауылын тасқыннан қорғап қалды

Дәулетжан Күзембаев табиғи апат болатынын алдын ала білген. Тәжірибелі маман Мұғалжар тауынан келетін нөпір судың бұл жолы үлкен қауіп төндіретінін біліп, ауылдастарына көл жағасын құммен, қиыршық таспен бекіту қажеттігін ескерткен.

Бұған ауыл әкімі құлақ асып, судың жолына бөгет тұрғызылды. Осылайша, елдімекен судан аман қалды.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

✈️Талдықорған әуе базасына Сергей Луганскийдің есімі берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен ұлттық құрылтайда сұрапыл соғыс кезіндегі аға буынның өшпес ерлігі мен ерен еңбегін ұрпақ жадында жаңғырту өте маңызды деген болатын. Салтанатты шараға Қорғаныс министрі мен Халық қаһармандары қатысып, батыр рухына тағзым етті.

Сергей Луганский Екінші дүниежүзілік соғыста әуеге 390 рет көтеріліп, 40-тан астам жаудың ұшағын құлатқан. Екі мәрте әуе кемесін тікелей бағыттап, қарсыласқа соққы берген. Дәл осындай ерлік тарих парақтарында ұзақ сақталуы тиіс дейді қазіргі күннің батырлары.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды

Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Парадты Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало тамашалады.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Ескерткіш 2021 жылы Астана қаласындағы Сарыарқа даңғылы мен Талғат Бигелдинов көшелерінің қиылысында бой көтерген болатын.

Жиынға қатысушылар Жеңіс жолында ерлікпен шайқасқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

🇰🇿Жеңіс күні құтты болсын!

Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық болсын!

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

🇰🇿Президент соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл қою рәсіміне қатысты. Еліміз бойынша сол қасіретті көзімен көрген 148 ардагер ортамызда.

Жеңіске жетуге үлес қосқан 50 мыңнан астам қарияның көзі тірі. Тарихшылар дерегінше, 410 мың отандасымыз от арасынан оралған жоқ. Жиналғандар боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті

Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған әнді жас домбырашылар Атырау-Астана бағытындағы №47 пойызда шырқап, жолаушылардың патриоттық сезімін оятқан.

Пойыз жолаушылары дарынды домбырашыларды қолдап, сәттілік тіледі. Балалар Астана қаласына музыкалық жарысқа қатысуға жолға шыққан.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Астанада полиция қызметкері балшыққа батып қалған баланы құтқарды

7-8 жастағы балалар су маңында ойнап жүрген. Балалардың бірі судағы допты алып шықпақ болып, балшыққа батып қалған. Мұны көрген екінші бала айқайлап, көмекке шақырған. Полиция қызметкері жедел әрекет етіп, баланы балшықтан алып шықты.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

💸БҚО-ның су басқан аудандарда электр желісін қалпына келтіруге 278 млн теңге бөлінді

Тасқын салдарынан Қаратөбе, Сырым, Теректі, Бөрлі, Бәйтерек аудандарында жарық сымдары үзіліп, электр бағандары мен трансформаторлар суда қалды. Газ құбырларына да зақым келді.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

🌊Индер ауданындағы Жайықтың суы көтеріліп келеді

Өзге аймақтардан келген 100-ге жуық сарбаз күндіз-түні жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Су келген жағдайда екі ауылдың тұрғындары Индербор кенті мен Бөдене ауылына көшіріледі. Қазір онда 950 адамға эвакуациялық орын дайын тұр.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

🏡Су тасқыны: 50 670 адам өз үйлеріне оралды

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар Қызылжар ауданының Прибрежное ауылының тұрғындарына азық-түлік жеткізуде. Қостанай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті.

Республика бойынша 9 660 тұрғын үй мен 3 213 аула аумағынан су сорылды. 5 436 адам уақытша орналасу пункттерінде.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті

Оқиға түнгі уақытта Аққулы ауданы аумағында болған.

Алдын ала мәліметке қарағанда, кеме «Қазақстан Су-Жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының меншігіне тиесілі. Капитан палубадан құлаған. Іздеу жұмыстары жалғасуда.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

💦Су тасқыны: 51 мыңнан астам адам үйіне оралды

Атырау қаласымен бірге Құрманғазы ауданында бөгет салу жұмыстары әлі жалғасуда. ТЖМ хабарлауынша, өткен тәулікте ұзындығы 300-ге метрге жуықтайтын бөгет салынған.

Ал ел бойынша су тасқыны болған өңірлерден 51 мыңнан астам адам үйіне оралды. Уақытша орналастыру пунктерінде қазір 5 мыңнан астам адам тұрып жатыр.

Есіл өзенінің су деңгейі бақылауға алынған. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары да тоқтаған жоқ.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

🖥 Қазақстанда batyrlargatagzym.kz порталы іске қосылды

Порталда 100 мыңнан астам қазақстандық ардагер туралы ақпарат бар.

«Біз әрбір қазақстандықты ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагерлері туралы қосымша ақпарат беру арқылы бұл жобаға өз үлесін қосуға шақырамыз. Кез келген адам жеке отбасылық мұрағаттарда сақталған құжаттармен сайтты толықтыруға көмектесе алады. Бұл фотосуреттер, құжаттар, майданнан келген хаттар және басқа материалдар болуы мүмкін», - деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.


📱 @qazaqstantv

💬 WhatsApp
📹 Instagram
📹 qazaqstan.tv_">TikTok
📹 YouTube
📒 Facebook

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Семейде жеделсаты құлап, 6 адам жарақат алды

Оқыс оқиға кеше түскі уақытта Әуезов даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Лифтте 6 адам болған. Рұқсат етілген салмақтан асып кеткендіктен сымдары үзіліп, кабина 1 құлаған.

Қаза тапқандар жоқ. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

🌊Бразилияда тасқын құрбандарының саны 100-ге жетті

Табиғи апат елдің Риу-Гранди-ду-Сул штатын жайлаған. Жергілікті азаматтық қорғаныс органдарының хабарлауынша, 128 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Дамылсыз нөсер жауыннан көпірлер мен ғимараттар құлап, көшелер өзенге айналды. Су басқан өңірдің 163 мыңнан аса тұрғыны үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

💸2024 жылы Жеңіс күніне орай әр елдегі ардагерлерге біржолғы төлемдер

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Су тасқыны: Республика бойынша 51 111 адам өз үйлеріне оралды

10 013 жеке тұрғын үй мен 3 215 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 17,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды.

7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтады

«Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз.

Бүгінде біз ұлтымыздың қаһарман ұл-қыздарының арқасында алаңсыз еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз. Сол үшін оларға мәңгі қарыздармыз. Ешкім де ешқашан ұмытылмайды!

Ардагерлерімізге әрдайым бас иеміз!
Бейбітшіліктің қадірін түсініп, оны сақтай білейік!
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Жеңіс күні құтты болсын», - деді Мемлекет басшысы.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Президент Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) мерейтойлық саммитіне қатысты.

Мемлекет басшысы саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және қонақжайлық танытқаны үшін Ресей тарапына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей Федерациясының Президенті лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтады.

Салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде біздің Одақ халықаралық кеңістікте өзіндік орны бар маңызды әрі перспективті интеграциялық бірлестікке айналды. Ортақ күш-жігердің арқасында мыңнан астам түрлі нормативтік құжат қабылданды. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастық Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына ықпал етеді. Тек өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміздің жалпы ішкі өнімі 5,1 пайызға артты. Біз мұны жақсы нәтиже деп санаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

🏠Ақтөбе облысында баспанасынан айырылған тұрғындар жаңа үйге көшіп жатыр

Әйтеке би ауданының Темірбек Жүргенов және Әйке ауылдарында 5 үй сатып алынған. Бұл баспаналардың бірі жас отбасына бұйырды.

Аудан бойынша материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссияға 133 өтініш түскен. 46 үй апатты деп танылған. Тағы 15 отбасына дайын баспана сатып алынады.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматта өткен отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты.

Саммитке Қазақстан Президентімен қатар, Армения Премьер-министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Мемлекет басшысы елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

🏡Сарапшы: Үйді Үкімет салып бергені дұрыс

«Үйді салып беру немесе таңдаған тұрғын үйді сатып алып беру. Мемлекет ұсынып отырған осы екі тетік – ең ұтымды шешім», - дейді сарапшылар. Себебі, бәрі бірдей құрылыс жүргізіп, үй сала алмауы мүмкін. Оның үстіне қазір құрылыс материалдарының бағасы да құбылып тұр. «Бұл да ескеруді қажет ететін маңызды мәселе»,-дейді экономист Меруерт Махмұтова.


Су тасқынынан зардап шеккен 16 мыңнан астам отбасы біржолғы көмек алды. Сондай-ақ баспанасына залал келген 530 отбасының үйін жөндеуге 700 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

🏡 Қанат Бозымбаев Ақмола облысында тасқында баспанасыз қалғандарға тамыз айының ортасына дейін қоныстандыруды тапсырды

Вице-премьер Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа осындай міндет жүктеді. Аймақта барлығы 1817 үй су астында қалды, оның 359-ы апатты деп танылса, қалған үйлер жөндеуге болатын баспаналар санатына жатқызылған.

Атбасар қаласында 45 пәтерлі екі тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Бұланды және Жарқайың аудандарында 87 жеке үй салынбақ.

@qazaqstantv

Читать полностью…

Qazaqstan.tv

Қазгидромет: 7 мамырға арналған ауа райы болжамы

Түнде Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Абай облысында 1-3 градус үсік күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан, Абай облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Читать полностью…
Subscribe to a channel